Бала көп ішінен, ең алдымен өзінің шешесін көріп, соған қарай жүре беріп еді, шешесі анадай жерде тұрып: – Әй, шырағым балам, әуелі аржағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - деді.
Абай жалт қарап барып жаңа көрді. Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар - әкесі Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала, шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды. Байтас пен жорға Жұмабай да анадайдан аттарынан түсіп жаяулап жетектеп, Құнанбайға қарай келеді екен. Бірақ өңі сұп-сұр, зор денелі, бурыл сақалды Құнанбайдың жалғыз көзі бұларда емес. Батыс жақтан 4-5 атты жолаушы келеді екен. Арты Қыдырдан шыққан жолаушылар тәрізді.
Өздері өңшең толық денелі, үлкендер сияқты. Құнанбайдың бүгін әдейі тосып отырған адамдары болу керек. Ол соларға қарап тұр.
Байтас пен Жұмабай тақай бергенде Абай да қасына кеп қалып еді. Үшеуі бірдей жамырай сәлем берді. Құнанбай тез бұрылып сәлемдерін алды да, қысқа ғана амандық сұрады. Тұрған орнынан қозғалған жоқ. Баласын қасына да шақырмады. Азғантай уақыт Абайға қарап алып:
– Балам, бойың өсіп ержетіп қалыпсың-ау! Молда болдың ба? Бойыңдай боп білімің де өсті ме? - деді. Кекету ме, жоқ күдік пе? Немесе шынымен жай білгісі келгені ме?
Бала ес білгеннен бері қарай әкесінің қабағын жұтаң қыста күн райын баққан кәрі бақташыдай бағып, танып өскен. Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге баларынан артық санаушы еді. Ұялғанды, жауап айтпағанды кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Ол сабырлы, момын пішінмен:
– Шүкірлік, әке, - деп біраз тұрды да: - ат барған соң, дәріс тамам болмаса да, хазіреттің рұқсатын, фатиқасын алып қайттым, - деді.
Тіпті ересек адамша сөйлеп қапты. Баланың бұл ерте әзірлеген жауабы еді.
Әкесінің қасында тұрған Майбасар мен соның атшабары екен. Майбасар Құнанбайдың тоқал шешесінен туған інісі. «Төрт тоқал» атанған туысқандарының бір тоқалынан осы Майбасар. Бұны биыл Құнанбай өзі аға сұлтан болғаннан кейін, осы Тобықтыға болыстық старшын еткен-ді.
Майбасар Абайдың жауабын ұнатып тұрып:
– Өзі, тіпті, көшелі кісі боп қапты! – дей беріп еді, Құнанбай оның сөзін аяқтатпастан Абайға:
– Бар, ана шешелерің жаққа бар, амандас, балам! – деді.
Абайдың күткені де сол еді. Әлі тосып, бар қозғалысын алыстан қарап, әңгіме етіп тұрған шешелерге қарай бұрылғанда Абай қайтадан өзінің жасына лайық қуанышты бала қалпына келе қалды. Арт жағында жорға Жұмабай Абайдың бүгін оны қорқытқанын әңгіме қып жатты. Бала енді асығып, өз шешесіне қарай жақындай беріп еді, Жұманның қатыны, Қалиқа деген бір жеңгесі:
– Телғара! Айналайын Телғара! Соқталдай азамат боп кетіпсің-ау! – деп, мойнынан құшақтай алып, бетінен сүйді. Тағы бір жеңгесі – Ызғұттың қатыны Тобжан да сүйді. Содан кейін үлкен қатындар және осы топтағы үлкен еркектің, ағалардың да бір-екеуі сүйіп жатыр. Абайды шын балаға айналдырып жіберген осы сүйістер еді. Ол қысылып қызарғанмен қашып та құтыла алатын емес.
Наразы боларын да, құптарын да білмеді. Бірнеше үлкен қатындардың көзінен жас та көрінді.
Барлық үлкеннің құшағына амалсыз кезек-кезек кіріп болып, енді сытылып, шешесіне қарай баса берді. Абайдың өз шешесі Ұлжан мен екінші шешесі, сұлу жүзді – Айғыз қатар тұр екен.
Бала топтан шыға бергенде, Айғыз күліп:
– Пай, жаман қатындар сілекейлеп, баламыздың бетінен сүйер жер де қалдырмады-ау, - деп паңдана күлді де, Абайды көзінен сүйді.
Кезек өз шешесіне келгенде, ол сүйген жоқ. Қатты бір қысып, бауырына басып тұрды да, маңдайынан иіскеді. Абайдың әкесіндегі тартымды салқындық шешесіне де көптен бері мінез болған. Бала осыдан арғыны күтпеуші еді. Бірақ, баурына басқанның өзінде де Абайдың жүрегін қатты-қатты соқтырған аса бір өзгеше жақындық білінді. Ана құшағы!.. Ұлжан көп ұстаған жоқ.
– Әжеңе бар, әнеки! – деп үлкен үйдің алдына қарай бұрып жіберді. Кәрі әжесі Зере бәйбіше, таяғына сүйеніп, ұрсып тұр екен.
– Жаман неме, маған бұрын келмей, әкеңе кеттің-ау! Жаман неме! – дей беріп, қасына, құшағына немересі барғанда, «жаман неменің» артынан ілезде:
– Қарашығым, қоңыр қозым... Абайжаным... – деп кемсеңдеп, жылауға айналып кетті.
1. МӘТІН МАЗМҰНЫ БОЙЫНША 2-СҰРАҚ ҚҰРАСТЫР.
1-СҰРАҚ
2-СҰРАҚ
2. МӘТІН НЕ ТУРАЛЫ? ОЙЫҢДЫ ДӘЛЕЛДЕ
1. СӘЛЕМ БЕРУ ЖАЙЫНДА
2. АБАЙДЫҢ ОҚУДАН ОРАЛУЫ ТУРАЛЫ
3. АБАЙДЫҢ ОТБАСЫ ЖАЙЫНДА
4. ӘКЕНІҢ ОТБАСЫНДАҒЫ БЕДЕЛІ ТУРАЛЫ
3. Мәтіннен ауызекі сөйлеудің ерекшелігін көрсететін тілдік қолданыстарды табыңыз.
Диалогке құрылған Анасы мен Абай,
Қаратпа сөздер шырағым балам; Шүкірлік, әке
Қыстырма сөздер тіпті,
Одағай сөздер – Пай
Эмоциялы сөйлемдер Сәлем бер!
4. Мәтіндегі бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді теріп жаз.
Бірге жазылатын сөздер – Жұмабай,
Дефис арқылы жазылатын сөздер – екі-үш,
163
249
Ответы на вопрос:
Дос жылатып айтады душпан кулдиртип айтады жуз тенген болганша жуз досын болсын
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
тимур61702.12.2021 11:10
-
dashavorobeva210.09.2020 03:51
-
denisgolubev105.09.2022 13:02
-
vmailiki1406.05.2020 18:52
-
lizonkagrbnw15.05.2022 12:52
-
sasunaklukina13.11.2021 13:33
-
ZeuSDECL030.01.2020 03:41
-
andrey8916022.08.2021 18:58
-
Xtarlus10.11.2022 13:08
-
varzhyv11.07.2020 17:45
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.