Enjoy167
05.04.2023 21:42
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Қорқыт ата кітабы-адамзатқа ортақ игілік тақырыбында эссе)?​

258
437
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Ұлт тарихындағы кемеңгер, мү­бә­рәк тұлға Қорқыт мұрасы, ой қа­зы­насы халқымыздың шығар­ма­шылық даналығын, философиялық дү­ние­танымын, таңғажайып күйшілік қабілетін терең танытады. «Қорқыт Ата кітабы» – ұлт тарихы мен мәде­ниетінің Бас кітабы. Мұхиттай шал­қыған ойдың, даналық дәрістердің, сөз гауһарларының әлемі.

Egemen Qazaqstan

Қорқыт – оғыз-қыпшақ қауымынан шыққан сұңғыла дана, ақылгөй, батагөй, сәуегей, асқан абыз, жырау, қобызшы, қазақ бақсыларының пірі, күй атасы.

Қазақ музыкасы мен философиясында «Қорқыт күйі», «Қорқыт сарыны», «Қорқыт толғауы», «Тәңір биі» дейтін рухани сұлулық пен ізгілікке бөленген үздік дәстүрлер, сырлы мақамдар қалыптасып дамыған. Демек, Қорқыт – Ә.Марғұлан айтқандай, «керемет иесі», «ұлыстың ұлы кеңесшісі, қария сөз айтушы, тарихи оқиғаларды жырлап беретін жырау». VI-VII ғасырларда Ұлытаудың теріс­кейі мен Дегелең тауында қобыз аққуға ұқсастырылып тасқа бедерленген. Аққу – сұлулықтың, пәктіктің символы, түркі жұрттарының киесі, тотемі. Қорқыт­тың қасиетті қобызын құрметтеп ұстаған, сарынын жеткізе толғаған Жанақ, Нысанбай, Марабай, Қазақбай жыраулар. «Мен өзім асқар белмін, шалқар көлмін, түйенің жотасындай жалпақ елмін» деген Жанақ ақын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырын қобызбен толқыта-шалқыта орындаған. Бұған ет-жүрегі елжіреген Құнанбай қажы сыйлық ұсынған. Оқымысты Ә.Марғұлан қазақ қобызшыларының кереметтерін келтіре сипаттайды. Мысалы, Қойлыбай бақсы алты қанат ақ орданы жалауша желбіретіп көтерген, тағы бір бақсының қобызы аспанға самғап, сәйгүліктердің алдынан келген. Кейбір күншілдер қобызды ағашқа тас бекітіп тастаса да, бұлқынып босанып кеткен. Шыңғыс заманында ғұмыр кешкен Төбе тәңірі «Мен Тәңірінің өзімен тілдесемін, көкке шығып жүремін» дейді екен...

Немесе Каспий маңын мекендеген түркі тұқымдас қидандарда ханның алдын­да бір жыл ішінде әр күн сайын күй ойналады екен.

Білімпаз Әлішер Науаидың «Жақсы­лардың мәжілісі» кітабында «Бақсы-жы­раулар кей уақытта адамнан безіп, даланы, тау-тасты аралап жүретін еді» деген пікірі бар. Расында атақты күйші-қобыз­шылар Жұмағұл, Қойлыбай, Ықы­ластар өзен бойында сұңқылдата күй төккен.

Ә.Марғұланның сипаттауынша, Қорқыт желмаясы құсқа жеткізбейді, дариялардан ұшып өтеді, дүниенің бір шетінен екінші шетіне жету ештеңе емес. Суда көр қазушы болмас, терең ағыс-иірім­дерге ажал, өлім келе қоймас деп ойлап, кілемін жайып, аспандағы құстың ұшуын, самал желдің соққанын тыятын толқынды күйлер, толғаулар шығарады, сөйтіп ғасырға жуық ғұмыр кешеді...

Қорқыт мұрасын, дәстүрін мықтап, ұстан­ған халық мәдениетінің көрнекті өкіл­дерін Ә.Марғұлан былайша жүйелеп топтастырады:

1. Бақсы-жыраулар – Қойлыбай, Бала­қай, Қарамырза, Нысан абыз.

2. Қобызбен күй орындағандар – әл-Фара­би, Кетбұға.

3. Сәуегей жыраулар, ділмәрлар – Сы­пы­ра жырау, Асан қайғы, Шәлгез, Қазту­ған, Тәтіқара, Әнет баба, Бұқар жырау, Майлықожа, Үмбетей.

4. Қорқыттың рухани дәстүрлерін жал­ғаған, қобызбен жыр туындатқан ақын­дар – Балқы Базар, Ерімбет жырау, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Абыл, Оңғар жырау, Шораяқтың Омары.

Академиктер В.В.Бартольд пен В.М.Жир­мунскийдің «Қорқытты қадір­леу­дің Сырдария жағасында мыңжылдық өнегесі бар» деген ой-түйінін Ә.Марғұлан орынды келтіреді.

Ә.Науаи «Бетіне нұр жауғыр Қор­қыт ата еді, түркі ұлысы арасында одан даңқты, одан асқан кісі жоқ еді. Оның даңқы ешкімге жеткізбейтін еді. Өзгешелігі, данышпандық атының көп шығуы, неше жыл өзінен бұрынғыны білуі, неше жыл өзінен соңғыны, келешекті айтып беруі, оның таңқаларлық нақыл сөздері осы күнге дейін бар» дейді. Расында, осынау ұлы шығармада Қорқыт зама­нында жасаған 366 алып, 24 би, 32 біл­гір, ел басқарушы туралы нақыл сөздер бар. Солардың кейбіреулерін келті­рейік: «Қаратаудай мал жиса да, кісі көзі оған тоймас», «Кекірейгенді тә­ңір сүймес, көкірегін көтергенге бақ қон­бас», «Жас өседі, жарлы байиды», «Өш­кен келмейді, өлген тіріл­мейді», «Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас, ұл ата­дан көрмейінше үгіт алмас», т.с.с. А ң сан ғасырлық тәжіри­бесі­нің қорытындысы, ақыл-ой сүзгісінен шық­­қан ғибратты, мағыналы асыл сөздер ғой.

Естінің жан-жүйесін, ой-сезім дүние­сін дүр сілкіндіретін күйлі-қуатты ұлы тілектер де мол. Мәселен,

Үйірлі Қаратауың жығылмасын,

Зәулім бәйтерегің кесілмесін.

Ту­лап аққан мөлдір суың

сарқыл­масын.

Қанаттарыңның ұшы қырқылмасын.

Шабар болсаң, ақбоз атың арымасын.

Шапқаныңда қара болат қылышың

кетілмесін.

Шаншарыңда ала найзаң мұқалмасын.

Ақ жаулықты анаңның тұрағы

пейіш болсын,

Ақсақалды бабаңнаң тұрағы

жұмақ болсын.

Хақ жандырған шырағың сөнбесін,

Қадір Тәңірі сені арамызға

мұқтаж етпесін!

Қорқыт мұрасында жер-су, мал атаулары, әскери өнердің басты ұғымдары жөнінде ел тарихы мен тіл төркіні деректер жеткілікті. Қорқыт Ата – түркі рухания­ты дүниесіндегі таңғажайып бір құбылыс. Оның тұлғасы мен мұрасы, өнері мен өрендігі – адамзатқа ортақ игілік.

AnastasiaP654
4,4(97 оценок)

1)ереді шығ

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS