Оқылым Мәтіндерді мұқият оқып,төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам.
Сайын далада жолаушыға жолыққан адам оған жол көрсетіп, жөн сілтеп, ел мен жердің жайынан хабар беруге міндетті. «Жолаушы азығы жолда» деп білген жолаушы ешқашан жол сапарға мол азық, ауыр зат алып шықпаған. Жолаушы ауылға қонуға келсе, баса-көктеп кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұраған. Жолаушы даладан қос көрсе де, міндетті түрде бұрылып, онда адам болсын-болмасын дәм татқан.
«Қырықтың бірі – Қыдыр» деп санаған қазақтар үйіне келген бейтаныс жолаушыға ықылас, құрмет танытып, қонақ етіп күтсе, байлық пен ырыздық келеді. Ал жолаушыны сыйламаса, несіп-ырыздығына кесірі тиеді деп сенген. Жолаушы келген ауылына түстеніп, ат-көлігін суытып, тынығып аттанған. Көшпелілер қоғамында жолаушы кең даладағы оқиғалар туралы хабарды жедел жеткізуші, ақпаратты алмастырушы міндетін атқарған. Жолаушыға қиын-қыстау жағдайда қол ұшын берген жан кейін қимас жолдас, дос-жаранға айналған. Қазақ халқы жолаушыны аса құрметтеген. Жолаушы жүрген адам кездессе, оны үйіне әкеп, шай беріп, ат-көлігін жайлап, көмектесіп отырған. Жолаушыдан бата алатын болған. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыз жол жүрудің жайын жақсы білген. Ағайын-туыспен араласу үшін немесе жоғалған нәрсесін іздеу үшін, жолға көп шығатын болған. Ата-бабаларымыз табиғатпен етене жақын болып, жолға шыққан жолаушылар жол бағдарын жұлдызға қарап болжап, адаспаған.
Халқымызда жолаушыға қатысты көптеген мақал-мәтелдер бар. Мысалы, «Жолы болар жігіттің желі оңынан соғады» десе, «Жалғыз жүрсең, жолмен жүр, жолдан жолдас қосылар. Жолдан жолдас қосылса, жолың болмас несі бар» деп жақсы жолдастың қасиетін айтқан.
1. Мәтіннің стилін анықтап, осы стильді көрсетіп тұрған сөйлемді табыңыз.
2. Мәтіннің жанрын анықтап, осы жанрды көрсетіп тұрған сөйлемді табыңыз.
3. Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтаңыз?
4. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?
5.Берілген сөйлемдердің мәтін мазмұны бойынша дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.
Тұжырымды сөйлемдер «+»/«-»
А Жолаушы – белгілі бір мақсатпен жол жүруші, сапар шегуші адам.
В Жол жүруші бөтен ауылға қонуға келсе, бірден үйге кірмей, алдымен алыстан дауыстап, рұқсат сұрамаған.
С Жолаушы бата беретін болған.
Жазылым
«Латын әліпбиіне көшу» тақырыбы бойынша өздік, өзгелік етістерді және афоризмдерді орынды қолдана отырып, эссе жазыңыз.
Афоризмдер:
Уақыт өзгереді, біз де уақытпен бірге өзгереміз.
Елдіктің өзегі – білік, кілті – тіл, қадір-қасиеті – кісілік.
РЕШИТЬ
226
399
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
hanum2708200512.06.2022 09:36
-
подливка22821.02.2020 16:36
-
davleeva10.03.2021 23:21
-
mirst1413.09.2021 09:15
-
Tatynm16.05.2022 22:45
-
KarinkaChernov08.09.2020 08:18
-
saskey08.01.2022 15:17
-
noer200016.12.2021 21:34
-
zavya5511.03.2022 04:07
-
тогжан0924.06.2021 13:53
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.