RedKar
09.06.2023 07:43
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

«Театр – ұлттың ар-ұяты» тақырыбында 100-120 сөзден тұратын шағын мәтін жазыңыз. Мәтінде тәуелдік және көптік жалғаулары мен сын есімдерді қолданыңыз

222
278
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

7Оля8
4,8(56 оценок)

Қазақстанның Өзбекстан­дағы жылына орай Мәдениет және спорт министрлігі арнайы шаралар әзірлеп, еліміздің бір­қатар театрларының үздік қойы­лымдарын Ташкент қаласында көрсетуді мақсат тұтқан-ды. Солар­дың бірі – Қостанайдағы І.Омаров атындағы драма теа­тры болды. Ұжым екі-үш туын­дыны алып барды, соның бірі – менің «Мұңмен алысқан адам» атты драмам бойынша қойылым (қоюшы-режиссері – Е.Төлеубай). Хабар келіп, ша­қыр­ған соң бардық. Көрдік. Өзбекстандық ағайындардың ықыласына бөлендік. Ташкент төріндегі академиялық драма театры екі күн бойы көрерменге лық толды. Спектакльді бастан-аяқ көрген, сонда тұрып жатқан қандас азамат, ғылым докторы, профессор Қ.Сейданов өз сөзінде: «Шөліміз қанып, масайрап қалдық қой!» – деді ағынан жарыла. Жергілікті басылымдарда жылы-жылы пікірлер жарияланды. Теледидардан сөйлеп, өз ойларымызбен бөлістік. Қайтар жолда жаңаша түрленіп, тамырына қан жүгіріп жатқан қасиетті Түркістанға табан тіреп, онда да осы қойылым көрсетілді. Театр ұжымының Түркістанға бет бұруының да өзіндік себебі бар. Облыс орталығы атанып, өзгеше түлеп жатқан қасиетті мекенге өнерден шашу шашып, жергілікті халықтың ыстық ықыласына бөлену қандай ғанибет!

– Сонда қандай ой тү­йіп қайт­ты­ңыз? Қазақ театрла­ры­ның қойы­лымдарын алыс-жа­қын шетелдерге апарып көр­сетудің жақсы жақтары мен әттеген-айлары бар ма?

– Әрине, бар. Алдымен пай­далы жағы туралы. Біз өзіміз­дің көңілден шыққан қойы­лымдарымызды алыс-жақын шетелге апарып көрсету ар­қы­­лы ұлттық театрымыздың мәр­те­бесін асқақтататынымыз сөзсіз. Бұл – бір. Екіншіден, сондай сапалы да сал­мақты, айтары бар драмалық туынды екенін жан-жақты әйгілейміз. Үшіншіден, актерлеріміздің сахнада ойнау шеберлігін көрсетеміз. Ал қойылымға келсек – оны сол елдің тілінде ойнап көрсету аса міндет те емес, ілеспе (синхронды) аудар­масы болса же­тіп жатыр. Еш қиындығы жоқ. Енді әттеген-айына келер бол­сақ, бұл ретте, әсіресе көзге ұрып тұрғаны мынау біз әлі күнге өзімізде қойылып жатқан спектакльдердің ерекше тартымды әрі ең үздіктерін белгілеп, анықтап, қырнап, жөндеп, әбден сақадай сай етіп отырған жоқ екенбіз. Бәрі де асығыс шешіліп жатады. Аяқастынан жолға жиналу – түбі жақсылыққа бастамайды. Біздің ойымызша, кез келген театр ұжымында ең кем дегенде 1-2 өте сәтті әрі адам­зат­тық мәселелерді батыл түрде көтере алған қойылым барлық уақытта әзір тұрса құба-құп. Міне, алғашқы басымдық осыған берілгені жөн.

– Шетелге ұялмай алып шығу үшін қойылымға алдымен не керек? Ең не­гізгісі...

– Негізгісі дейсіз бе? Менің­ше, ең алдымен жақсы, ұтымды, терең ойлы драматургия жазылуы керек. Ал оның деңгей-дәрежесін анықтап, қалай сара­лап-салмақтаймыз? Бұл – күр­меуі көп үлкен мәселе. Кезінде Мәдениет ми­нистрлігі жанында репертуарлық коллегия жұмыс істеп тұрды. Міне, осы коллегия талқылауынан соң, оң баға алып, «қоюға жарайды» деген пьесалар ғана сахнаға жолдама алатын-ды. Бүгін ше? Кез келген облыс­та өз бетінше шешім қабылдап, жергілікті енді бастап жүрген драматургтің ортақол дүниесін асығыс сахналай салады. Бәрі емес шығар, бірақ көбіне осындай жағдай тән. Қалам ұстап, осы бағытта тер төгіп жүрген үлкенді-кішілі әріптестеріміздің көңіліне келмесін, осындай шалажансар шаруа-әрекеттен не ұтамыз? Ұтамыз ба, әуелі...

– Жаңағы айтқан, репертуарлық коллегия жайын түсіндіре кетсеңіз.

Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/204479-teatr-%E2%80%93-ulttynh-ar-uyaty
© egemen.kz
Kseniakool
4,4(35 оценок)

Спеккк.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS