Қазақ тілінен «Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы» бөлімі бойынша I тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасы. 8-сынып
1-тапсырма
Төмендегі мәтіндерді оқып, тақырыбын қойыңыз. Екі мәтінді салыстырып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз.
1- мәтін
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Бұл – Орхон –Енисей жазуына жататын баға жетпес құнды дүние . Бізге жеткен түркі тарихы да осы VII- VIII ғасырларда жазылған Орхон- Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгілі болды. Ескерткіш Енисей өзенінің бойынан табылды. Оны алғаш тауып, ғылым әлеміне мәлімдеуші – орыс ғалымы Ядринцев болды.
Күлтегінге арналған ескерткіш пирамида тәрізді. Биіктігі – 3,15 метр, ені -1,24 метр , қалыңдығы -0,14 метр. Ескерткіштің жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттері мен қаған таңбалары бейнеленген. Екінші жағында ескерткіштердің орнатылған күні – бірінші тамыз, 732 жыл деп көрсетілген. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы . Түркологиялық әдебиеттерде 40 жол «Үлкен жазу», ал 13 жол «Кіші жазу» деп аталады
Күлтегін жыры- патриоттық рух беретін батырлық жыр. Күлтегін ескерткіші – түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы.
2-мәтін
Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат». Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортасымен қарым- қатынасы. Ол өзара қарым- қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Мәдениет – адам әлемі.Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді.Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады.
Мәдениет әртүрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау , еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну,т.б.
Бұл талап- тілектер қоғамдық прогреске, өрлеуге тікелей байланысты. Әр қоғамдық кезеңде жаңа талаптар, тілектер пайда болады, өндіріс құралдары дамиды. Мәселен, бір кездерде жазба әдебиеті болмады, соның нәтижесінде фольклор қалыптасты, кейініректе білімнің қалыптасып, жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, мифті жазып қалдыру талабы пайда болды . Информатика дамыды, оларды микрофон, магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады. Сөйтіп, мәдениет әлеуметтік құрылымдардың , және адамның тілегіне , талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда адамның тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды.
Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.
2 тапсырма. Төменде берілген тақырыптардың біріне эссе жаз. Сөз көлемі 80-100сөз. « Уақыт – баға жетпес құндылық» немесе «Ұят –ең қадірлі қасиет».
232
428
Ответы на вопрос:
Мен ертең келемін. бұл фильмді апам келген соң көремін. егер бас жүлде алсам қуанамын. бір жылдан кейін оқудан қайтамын.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
shefer8431.01.2021 00:59
-
onyfriyevanast06.05.2022 18:08
-
kami65423.10.2020 08:06
-
Vladimirmir2809.12.2022 23:45
-
frost09042004ozo97y23.08.2022 21:03
-
слышала31.03.2022 00:37
-
яирхаФ31.05.2023 23:44
-
Vikaaaa3215.12.2020 02:33
-
sokoldam431.10.2020 20:47
-
ПудинговыйГраф05.05.2023 11:36
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.