lizun10
22.08.2021 16:51
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз. (Оқылым бөлімі бойынша - 7ұпай) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ұлттық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын ұсынған болатын. Әрине, өз тарихын терең ұғынып, шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі жаһандану дәуірінде ұлтты сақтап қалатын дүниелер – ұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық. Осыған орай Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын жариялады. Бұл өз кезегінде рухани жаңғырудың жалғасы іспеттес. «Кейінгі жылдары табылған тарихи жәдігерлер біздің бабаларымыздың өз заманындағы ең озық, ең үздік технологиялық жаңалықтарға тікелей қатысы бар екендігін айғақтайды.
Заманымыздың бір мыңжылдығының басынан Еуразия даласында біртіндеп этникалық өзгеріс етек алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың бас қосуын, өз алдына мемлекет кұрып, дамудың жаңа бір үдерісін бастан кешуін ерекше айтуға болады. Нақтырақ айтсақ, Оңтүстік Сібір, Орталық Азия, төменгі Еділ жағалаулары мен Солтүстік Кавказ аймақтарына байланысты бірінші Түрік қағанаты, Шығыс Түрік қағанаты, Батыс Түрік қағанаты, Түргеш қағанаты мен Арал оғыздары хандығы бой көтереді. Осы аталған одақтастар дәуірі тарихта көне түркі дәуірі деп аталады. Тарих толқынында өз ізін жоғалтпай, үнемі даму, ұлғаю, ірілену сияқты үдерістерді бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес халықтардың тікелей сабақтастығының жемісі болып табылады. Тілдің пайда болуы мен қалыптасуындағы осындай үзіліссіз дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі де түркі ата тіліміздің негізгі бір бұтағын құрайды.
Орталық Азияны және Оңтүстік Сібірді мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп VI ғасырдың орта шенінде Түрік қағанаты мемлекетін құрғаны тарихтан белгілі. Осы қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана әскербасылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тонұқұқ, Білге, Бумын қағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.
1. Мәтін не туралы? Негізгі идеясы қандай? Өз ойыңды білдір​

199
317
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

tatu261
4,7(12 оценок)

толып тұр

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS