Мәтін:Отбасы – Отанымыздың ошағы
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір-бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым-қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Егер жапон халқы басқалар үшін тұйық халық болса, онда ағылшын халқы басқаларды қойып, өз ішінде тұйық халық. Олардың отбасындағы әр адам жеке өмірінің құпия болғанын қалайды. Бір сөзбен айтсақ, ағылшындықтардың жаны - өз үйінен де жақын, яғни берік қамалмен тең. Басқа халықтар үшін жанұя қиыншылық пен қуанышты бірге
бөлісетін ең басты байлық болса, ағылшын халқы қиыншылық кезінде жақындарынан көмек күте қоймайды. Тіпті жақындарына көмек көрсетуді өз жауапкершіліктеріне алмайды.
Ответы на вопрос:
Абай лебі , Абай үні , Абай тынысы - заман тынысы , халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып , жаңғырып , жаңа өріс алып тұр . М.Әуезов Бүкіл Алаш жұрты , еңбектеген баладан , еңкейген қартқа дейін ұлы Абайды жақсы білсе , ал Абай арқылы қазақ елін төрткүл дүние танитыны хақ.Көзі тірісінде өзінің көрген қайғы - қасіретіне қарамастан , жұртының сол кездегі хал - жағдайын көріп , ақ параққа жанынан ақтарыла ойын жазып , халқының шел басқан жанарын тазартуды көздеді.Бүгінде уақыт пен тарих әр нәрсені өз орнына қойды.Халқының қамын жеп , халқының қамы үшін көп нәрсені құрбан етіп , аяулы армандарынан бас тарта еңбек еткендер тарихта мәңгі қасқайып қалды . Соның бірі , осы күні бүкіл халық оның алдында бас иетін —ұлы Абай .Байтақ елдің жүрегінде елеулі орын алатын қазақтың бас ақыны Абайға деген құрметпен , Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стоматология факультетінің ұйымдастыруымен сәуір айының 22 жұлдызында “ Өлмейтұғын артына із қалдырған ” атты факультет аралық сайыс өткізілді . Сайыс үш бөлімнен тұрды . “ Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы ” алғашқы бөлімінде студенттер қалауы бойынша Абайдың өлеңін көркемдеп жатқа оқыса , ал “ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін ” айдарында Абайға өз шығармашылықтарын арнады . “ Өлмейтұғын артына із қалдырған үшінші бөлімінде Абайдың қара сөзін жатқа айтудан жарысқа түсті . Соңғы “ Бәйге ” атты бөлімде , Абайдың өмір жолына , шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы студенттердің білімі бағаланды.Сайыста студенттердің көркемдеп оқу шеберлігі , білімі мен шығармашылық қабілеттері сыналды.Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша , Фармацевтика факультетінен қатысқан 1курс студенті Меруерт Манатова “ Үздік Абайтанушы ” номинациясын жеңіп алды .Сайыстың барынша жоғары деңгейде және тартысты өткені де әділқазылар тарапынан пікір айтылды . Бұл сайысқа келген көрермендер де , қатысушылар да Абай шығармашылығынан сусындап қана қоймай , рухани мол қазына , жүректі елжіретерлік үлкен әсермен қайтты.Себебі , бүгінде оның өлеңдері өскелең ұрпақтың бойына рухани , адамдық , ізгілік , парасаттылық , сауаттылық , еңбексүйгіш қасиеттерін қалыптастырады . Осындай тәрбиелік маңызы зор кешті ұйымдастырған Стоматология факультетіне алғыс білдіреміз .
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Ульяна12200408.06.2022 03:27
-
kristpan2004p0c22v08.07.2020 17:40
-
izotika129.08.2020 17:29
-
LadnoOK07.11.2020 03:12
-
allalal107.04.2020 12:08
-
LinaCat12345678921.08.2020 09:09
-
arsenibest0301.04.2020 18:01
-
atanova286125.01.2022 17:14
-
flower5706.08.2021 21:16
-
berteret612.05.2023 10:33
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.