Есть ответ 👍

Жер планетасының басқа планетадан ерекшелігін атап жазыңыз

126
476
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Әлмерек Жаншықұлы қазақ ұлтының ұлы жүз Албан тайпасынан Бәйдібек бидің жетінші ұрпағы немесе Жаншық, Бозым, Сүйменді, Сары, Албан, Жарқышақ, Бәйдібек болып таралады. 1658 жылы туылып 1754 жылы 96 жасында қайтыс болған. Сүйегі Алматы қаласының солтүстік шетіндегі «Әлмерек мазарында». Әлмерек бабамыз қазақ тарихында Албан тайпасындағы Абыз атын алған екінші кісі. Қазақ даласының аты әлемге жайылған, ел бастаған серкелерінің бірі — Шоған абыздан кейін ел ардагерлерінің ешқайсысына мынадай атақ бұйырмаған. Абыз дегеніміз — сол ру-тайпаның билерінің билігінің таласқа түскендеріне соңғы кесім жасаушы болса керек.

Әлмерек абыз бабаның туылған жылдары Қазақ ханы Жәңгірдің хандық құрған (1645-1680) кезіне тұспа-тұс келеді. Жәңгір ханды дене бітіміне қарай ел «Салқам Жәңгір» атаған. Жоңғар қалмақтары Қазақ даласын басып алуды сол Салқам Жәңгірдің хандық құрған кезінен бастаған. Сол соғыстарда Әлмерек соғыс өнеріне жан-жақтылы жетілген батыр атанады. 1680 жылғы Жоңғарға қарсы кескілескен соғыста Салқам Жәңгір хан қайтыс болады. Қазақтар алғаш рет жеңіске жеткенімен көп шығын тартады. Сонда да жаудың аптығы басылып, орнына баласы Тәуке таққа отырады. Ол әкесі тұсындағы бытыраңдылық пен тайпалар арасындағы алауыздықты жойып, қазақ елінің ішкі алауыздығын бәсеңдетіп, тыныштық орнатады. Осы даналығы үшін Қазақ халқы Тәукені «әз-Тәуке» — «Адамзаттың данасы» деп атап кетеді. Әлмерек әз-Тәуке хан жағынан бір бағыттағы сарбаздарға қолбасылық істейді. Әз-Тәуке хан жоңғарлармен бейбіт көршілік қатынас орнату үшін Қазыбек биді жоңғарларға елшілікке жібереді. Құлпырған Қазақ даласына көз тіккен қалмақтар келісім бермейді. Ал қазақтар өз жерін қорғап соғысады. Соғыс Тәуке хан тұсында да толастаған жоқ. Сол ұлтын, отанын, сүйемдей жерді қорғау үшін болған қанды шайқастардың ортасында қол бастап Әлмерек баба мен Қангелді батыр жүреді. Әлмерек бабаның қорғаған территориясы Жетісу өңірі яки қазіргі Алматы облысының жер көлемі екенін тарих шындығы дәлелдейді. Аңыздардағы ел аузында сол соғыстардың бірінде Әлмерек батыр Шонжы атты қалмақ батырының басын алады. Әлмерек пен Қангелді батырлар қалмақтармен соғысып жүргенде Қазақстанның басқа ұлттарын, әсіресе «империямыз бар еді» дейтін ұйғырлардың көлеңкесі де жоқ еді.

1718 жылы әз-Тәуке хан қайтыс болған соң ел іргесі бүліне бастады. Бұрыннан Тәуке ханнан ірге бөлгісі келіп жүрген кіші хан атағы барлар бас-басына кетіп, хандықтың берекесі кетті. Ел басын біріктірер хан шықпады. Қазақтың алтыбақан алауыз сұрқын көрген Жоңғар хандығы шабуылдаудың орайы туды деп біліп, 1723 жылы көктемде Қазақстанның оңтүстік бөлігіне баса-көктеп кіріп, бейбіт жатқан елді қырғындады. Тірі қалғандарының бір бөлігі жоңғарларға бағынып, ауыр азапты құлдық тірлік кешсе, енді бір бөлігі батысқа қашты. 1724-1725 жылдары жоңғарлар Сырдарияның бойына дейін жетіп, қазақтар Самарқанд, Алқакөл жаққа дейін қашып барды. Қазақтың тең жарымы қырылып, жоғалып кеткен бұл қасіретті заманды халық «Алқакөл сұлама» деп атады. Қазақ ұлты осындай ауыр қауіп басқа төнгенде қартайып қалған Әлмерек баба жас батыр Райымбекке жол көрсетіп, жауға қарсы қосын бастауға баулыды. Қосын ұйымдастырып, Жоңғар қалмақтарын қанға бөктіріп, олардың Жетісудағы қосынын Қытай шекарасы Сарсүмбеге дейін түре қуды. Қалмақтардың алғашқы қырғыны қазіргі Еңбекші қазақ ауданы мен Шонжы ауданы ортасындағы Көкбек жазығында болған. Қазірде сол жылдардағы Қазақ қосыны қалмақты қырған жерді «Ойран төбе» деп атайды. Онда Райымбек батыр (Қангелді батырдың немересі) бастаған Қазақ (албан, суандардан ұйымдасқан) қолы қалмақтармен болған үш шайқаста он мыңға жақын қолын қырып, екінші рет бұл араға қалмақтарды аяқ баспайтын еткен. Міне осы ұлы жеңістің басы-қасында адуын батыр, ақ баталы қарт Әлмерек абыз болған. Ол — ол ма, Әлмерек баба әулиелігі арқылы жаудың жауырыншысын, өзінің жауырыншылық әулиелік өнерімен жаңылдырып, қалмақтарды алдап әкеліп, қазақ қосынының қоршауына түсірген. Осы данышпан Әлмерек баба Райымбек батыр әр реткі соғысқа аттанарда Әлмерек бабасынан бата алып, жауға аттанып отырған. Бұл шындықтар, Қазақтың ақ сұңқар ақыны Мұқағали Мақатаевтің «Райымбек, Райымбек!» дастанында төгіле жырланады. Тағы да баба туралы жазылған «Әлмерек баба» атты өмірбаяндық романда да тәптіштей айтылған.


это какой класс можно сказать

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Другие предметы

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS