Gubatu
25.08.2021 11:22
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Қазақ тілі 6-сынып Ғарышқа кімдер ұшады? Осыған дейін ғарышқа ұшқыштар ғана іріктелетін. Қазіргі кезеңде ғарышқа ғалымдар мен инженерлер ұшырылуда. Мысалы, 2017 жылы NASA ғарышкерлері қатарына он екі адам іріктеуден өткен екен. Оның ішінде инженерлер, әскери дәрігерлер мен мұхитты зерттеуші ғалымдар бар. Олар ғарышта түрлі зерттеулер жүргізеді.
Ғарышкерлерді таңдаудағы бірінші шарт – дене дайындығы сынақтарын жақсы тапсыруы. Сынақ кезінде үміткерлердің күш-қайраты ғана емес, шыдамдылығы да жоғары бағаланады. Әрі қарай оқу мен жаттығу басталады. Әуелі екі жыл – жалпы ғарыштық дайындық, одан соң топтағы жаттығу. Барлық сынақтардан өткен маман экипаж құрамына алынып, тағы 18-24 ай ұшуға дайындықтан өтеді.
Ғарышкер болғысы келген адам барлығы алты жыл жан-жақты дайындалуы керек. Олар жұлдызды аспан картасын жаттаудан бастап күрделі құрылғылармен жұмыс жасауды үйренеді. Су ғарыштағы салмақсыздық жағдайына үйренуге көмектеседі, сондықтан аквалангімен, кейін скафандрмен суда жүзуге жаттығады. Жылдам ұшатын реактивті ұшақтармен аспанға көтеріледі, кейде күніне 40 рет ұшуға тура келеді. Ғарышкер бірнеше тілді де білуі қажет.
«OYLA» ғылыми-көпшілік басылымы

1. Мәтінге сай тақырыпты таңдаңыз.
А) Ашық ғарыш кеңістігі В) Ғарышқа ұшуға дайындық
С) Қазақ ғарышкерлері D) Ұшқыштардың ерліктері

2. Мәтіндегі сан есім
А) он бес В) жиырма С) он жеті D) он екі

3. Мәтіндегі «шыдамдылығы» сөзінің синонимі
А) төзімділігі В) жомарттығы С) ержүректігі D) мейірімділігі

4. Экипаж мүшелерінің дайындық уақыты
А) Бес жыл В) Төрт жыл С) Алты-жеті жыл D) Он екі жыл

5. Жіңішке дауысты дыбыстардан жасалған сөз
А) қазіргі В) жаттығу С) экипаж D) үміткер

6. Мәтінде ұшақтар туралы айтылған абзац
А) екінші В) үшінші С) бірінші D) барлығында

7. Дефис арқылы жазылатын сөз
А) бірінші шарт В) жан жақты С) топтағы жаттығу D) алты жыл

8. «Жылдам» сөзінің антонимі
А) шұғыл В) баяу С) жедел D) жалпы

9. Қазіргі кезеңде ғарышқа ұшырылатын адамдар
А) ұшқыштар, журналистер В) ғалымдар, инженерелер
С) мамандар, кеншілер D) сәулетшілер, сәнгерлер

10. Тіркес екпіні түсетін сөз
А) күш-қайраты В) іріктеуден өткен С) бірнеше тіл D) бірінші шарт

11. Көп нүктенің орнына мағынасы бойынша сәйкес келетін сөз. Ғарышкерлерді таңдаудағы ... шарт – дене дайындығы сынақтарын жақсы тапсыруы.
А) алғашқы В) келесі С) соңғы D) екінші

12. Мәтіндегі қос сөз
А) ата-ана В) алыс-жақын С) ерік-жігері D) күш-қайраты

13. Мәтінде дұрыс жазылған сөз
А) жаттығыу В) инженер С) құрұлғы D) риактивті

14. Ғарыштағы салмақсыздық жағдайына үйренуге не көмектеседі?
А) тауға шығу В) ұшақпен ұшу С) суда жүзу D) картаны білу

15. Мәтінде қолданылған сын есім
А) жылдам ұшатын В) жұлдызды аспан С) екі жыл D) дене дайындығы

16. Мәтінде кездесетін реттік сан есім
А) алты В) екеу С) 18-24 D) бірінші

17. Мәтіннің екінші және үшінші абзацтарына ортақ ой
А) ғалымдардың ғарышқа ұшуы туралы
В) ғарышкерлердің дайындығы туралы
С) ашық ғарыш кеңістігіне шығу туралы
D) ғарышта жүргізілетін зерттеулер туралы

18. Мәтіндегі синоним сөздер
А) сынақ, жаттығу В) күш, қайрат С) жалпы, топтағы D) іріктеу, ұшыру

19. Олар ғарышта түрлі зерттеулер жүргізеді.Сөйлемдегі сөздерге жалғанған жалғаулар
А) тек көптік В) тәуелдік С) тәуелдік, септік D) септік, көптік, жіктік

20. Мәтіндегі қосымша ақпарат
А) Қазіргі кезеңде ғарышқа ғалымдар мен инженерлер ұшырылуда.
В) Ғарышкер болғысы келген адам алты жыл дайындалуы керек.
С) Үміткерлердің шыдамдылығы да жоғары бағаланады.
D) NASA ғарышкерлері қатарына он екі адам іріктеуден өткен.

21. Үнді дауыссыз дыбыстан басталатын сөз
А) суда В) маман С) кімдер D) жоғары

22. Мәтінде кездесетін шылау
А) сондықтан В) бірақ С) біресе D) үшін

23. Ғарышта жүргізілетін зерттеулер туралы айтылған абзац
А) үшінші В) бірінші С) барлығында D) екінші

24. «Акваланг, скафандр» сөздері
А) көнерген сөздер В) басқа тілден енген сөздер
С) диалект сөздер D) ауыспалы мағыналы сөздер

25. Экипаж құрамына алыну талабы
А) бірнеше тіл білу В) барлық сынақтан өту
С) жақсы дене дайындығы D) топпен тіл табысу

26. Тасымалданбайтын сөз
А) ұшақ В) сынақ С) білу D) тілді

27. Мәтіннің екінші абзацына тән тірек сөздер
А) ғалым, зерттеу В) алты жыл, жан-жақты
С) таңдау, сынақ D) су, салмақсыздық

28. Мәтінде кездесетін мамандық атауы
А) тарихшы В) дәрігер С) спортшы D) биолог

29. Берілген мәтін түрі
А) құттықтау В) мақала С) жарнама D) өмірбаян

30. Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлем
А) Әрі қарай – оқу мен жаттығу басталады.
В) Әуелі екі жыл – жалпы ғарыштық дайындық.
С) Ғарышқа кімдер ұшады!
D) Сынақта шыдамдылығы да, жоғары бағаланады.

138
347
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Не123098
4,8(10 оценок)

ответ:

түйе-ойсылқара- каус каус

жылқы-қамбар ата- ма,ма

сиыр-зеңгібаба- маук маук

қой,ешкі-шопан ата- шүкі,шүкі

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS