Ответы на вопрос:
арыстан (лат. panthera leo) – жыртқыш сүтқоректілер түрінің мысық тектес тұқымының (felidae) қатарына кіретін,үлкен мысықтар тұқым тармағына (pantherinae) жататын төрт пантер (panthera) тұқымының бірі[1]. жолбарыспен қатар қазіргі мысық тектес аңдардың ең ірісі және кейбір еркектерінің салмағы 250кг-нан асады[2]. арыстандардың ең ірі түрлері жолбарыстардың ең ірі түрлерінен үлкен не кіші деп нақты айту қиын. амур жолбарыстарының тарихи салмақтарының өте үлкен екендігі де нақты емес[3]. ең ірі арыстан түрлері(мысалы барбариялық) туралы мәлімет тарихта және ғылымда жоқ. ал қолда өскен арыстандарды алатын болсақ,олар әртүрлі тұқым түрлерімен жиі шатысып жатады. қолда өскен арыстандар жолбарыстардан өлшемі мен салмағы көбірек болады деген пікір бар, дәл сондай оған қарсы пікір де жоқ емес.
арыстандардың тарихи мекен ету аймағы қазіргіден әлдеқайда кеңірек болған: ерте орта ғасырда арыстан африканың шөлді далалары мен тропикалық ормандарынан басқа барлық жерінде бар еді, сонымен қоса таяу шығыс, иран,т іпті кейбір оңтүстік еуропада (мысалы, қазіргі ресейдің оңтүстігінде,45-інші солтүстік параллель бойымен көтеріле бере, мекен еткен) да кездесетін. солтүстік және солтүстік-батыс үндістанда арыстан әдеттегі жыртқыш болатын. алайда ң арыстандардың артына түсуі және мекен ету аймағының құртылуы арыстандардың африкада тек сахараның оңтүстігі тарапында ғана сақталуына әкеліп соқты, қазір олардың мекен ету аймағы қатты қысқарды. азияда кішкене популяция (бірлестік) гир орманында бар (гуджарат үнді штатында).
кейінгі плейстоценге дейін, шамамен 10 000 жыл бұрын, арыстандар сүтқоректілер ішінде саны бойынша жер бетінде кейінгі екінші орынды алатын [5]. олардың қазба қалдықтары африканың көп бөлігінде, еуразия территориясында, батыс еуропадан үндістан ға дейін және солтүстік америкада юконнан перуге дейінгі аймақтарда табылған[6]. үңгір жазуларымен танымал еуропалық үңгір арыстаны қазіргі арыстанның тұқымдас түрі болса керек. арыстандардың сыртқы көрінісі әртүрлі. олар жыныстық диформизм анық байқалатын сирек жыртқыштардың бірі. еркектері ұрғашыларынан үлкен болып қана қоймай, сонымен қатар кейбір тұқымдарда едәуір иықтарын, арқасының кейбір жерлерін және кеудесін жауып тұратын жалдары да болады. түсінде сары-сұр түстердің түрлі реңктері болады,жалы әдетте терімен бір түстес болады, бірақ қанық тіпті қара да болуы мүмкін. арыстандардың түрлері көп жағдайда жалының түсімен анықталады. жалынан басқа, денесіндегі терілері қысқа болады, тек құйрығының ұшында бір шоқ ұзын жүн болады. арыстандар әдетте саваннаны мекендейді, бірақ кейде бұталы-ағашты аймаққа немесе орманға да өтуі мүмкін. басқа мысық тектес аңдармен салыстырғанда арыстандар жеке-жеке емес ерекше топтарда – прайдтарда өмір сүреді. прайд әдетте туыстас ұрғашылардан, бірнеше ірі аталықтар мен кіші тұрады. ұрғашылар бірігіп азық іздейді, көбіне ірі тұяқты аңдарға шабуыл жасайды. арыстандар ға әдейі , бірақ ондай жағдайлар да көп кездеседі. арыстандар ерекше мықты жыртқыштар, яғни азық тізбегінде жоғары деңгейді алады. табиғатта арыстандар он-он төрт жыл арасында өмір сүреді, қолда өссе жиырма жылдан астам өмір сүру мүмкіндігі бар. әдетте еркектерінің он жылдан астам уақыт өмір сүруі сирек кездеседі. басқа арыстандармен арпалыстары өмір ұзақтықтарын қатты төмендетеді [7]. арыстандар популяция санының қайта қалпына келмейтіндей қысқаруынан қауіпке ұшырау мүмкіндігі көп түрлерге жатады. соңғы екі онжылдықта африкадағы арыстандар саны 30-50%-ға қысқарды [8]. арыстандардың популяциясы әсіресе қорғалатын территориялардан тыс жерлерде қауіпке ұшырау мүмкіндігі көп болып келеді. санының азаюының себебі толық зерттелмеген, алайда ең ірі қауіптеріне мекен ету аймағының жоғалуы мен тарапынан браконьерлік жатады. арыстандар сонау рим империясының кезінен торларда ұсталған,ал xviii ғасыр соңынан бастап зообақтардағы негізгі аңдарға айналды. бүкіл әлемнің зообақтары жоғалып бара жатқан азиаттық түрін барлау бағдарламасына қатысады. арыстандар мәдениетінде басты рөлдердің бірін алады. бұл аңдардың суреттері палеолиттен бері атақты, оған ласко және шове үңгірлеріндегі қабырға жазулары дәлел. арыстандар антикалық кезеңде және орта ғасырда танымал болған, олар өз орындарын мүсін өнері, сурет өнері, ұлттық туларда, елтаң, әдебиетте және фильмдерден тапты.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Пенёк15526.02.2022 17:48
-
Шпсхрчз20.12.2022 19:16
-
Koteykatyan22.07.2022 01:06
-
maksimmolotov217.01.2020 20:39
-
2003140830.11.2021 12:59
-
Ramazan140302.12.2022 02:38
-
нуршат823.12.2021 03:21
-
sir228qwerty28.08.2022 08:37
-
Ksiloffie20.02.2020 13:19
-
Remka22809.03.2020 15:20
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.