Есть ответ 👍

Буын(фонетика) — сөйлеу мүшелерінің тұтастай қимылынан пайда болған бір немесе бірнеше дыбыстық тіркесі. Буынды тек дауысты дыбыстар ғана құрайды. Дауысты фонема өз алдына тұрып та, төңірегіне дауыссыздарды алып тұрып та Буын құрай алады. Буынға тән негізгі белгілер: 1) дауысты дыбыссыз Буын болмайды; 2) дауысты дыбыстың өзі де Буын бола алады (а-та, ә-же, а-па, т.б.). Бір Буында бірден артық дауысты болмайды, ал сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша Буын болады (жұ-ды-рық, қа-лам, мек-теп); 4) Буында мағына болмайды; 5) Тілімізде байырғы сөздер, сондай-ақ, Буындар да екі дауыссыздан басталмайды (сқақ, рза, сланов деп жазбаймыз, дұрысы: сықақ, риза, сыланов түрінде келеді); 6) қазақ тілінде басқы (сөздің басындағы) Буын ғана дауыстыдан басталуы мүмкін, қалған жағдайда (екінші, үшінші, т.б.) Буындар дауыстыдан басталмайды. Тасымалдың дауыстыдан басталмайтыны содан (кә-сіп, қыз-ғал-дақ, мә-сі); 7) сөздердің айтылуындағы Буын саны мен жазылудағы Буын саны әрқашан бір-біріне сай келуі шарт емес (айтылуда: Сар-ар-қа, кел-ал-май-ды, ал жазылуда: Са-ры-ар-қа, ке-ле ал-май-ды). Тіліміздегі сөздер бір Буынды, не көп Буынды болып келеді. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар өздігінен жеке тұрып Буын құрай алмайды, бірақ кейбір халық тілдерінде дауыссыздардың Буын құрайтын жайлары кездеседі (чех, серб тілдерінде). Мысалы, Буын чех тіліндегі vlk (волк-қасқыр), серб тіліндегі прст (палец-саусақ) деген сөздер бір өңкей дауыссыздардың тіркесінен жасалғанмен, әрқайсысы бір-бір Буынды сөздер ретінде қаралады. Ондай дауыссыздарды Буын құраушы дауыссыздар деп атайды. Буын өзінің құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың ретіне қарай мынадай түрлерге жіктеледі: Ашық буын — бір дауысты дыбыстың өзінен ғана тұратын немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталып тұратын Буын (а-ра, ұ-лы, ке-ше, қа-ла, не, а-сық, а-дым); 2) тұйық буын — дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітетін Буын (ат, өт, ас); 3) бітеу буын— дауысты дыбыс екі жағынан дауыссыз дыбыспен қоршалып тұратын Буын (тіс, қыз, қар, мұз, құз). Бітеу Буынның бір ерекшелігі екі дауыссыз дыбыс қатар тұра беруі мүмкін. Мысалы, тарт, шәкірт. Қазақ тілінде Буын құрамындағы дыбыстардың басын құрап тұратын фонететикалық заң — үндестік заңы (сингармонизм). Үндестік заңының әсерімен Буын құрамындағы дауысты мен дауыссыз дыбыстар біркелкі жуан Буын (шана, жұлдыз) не жіңішке Буын (кө-мір, кү-шік), еріндік (жү-зүм, бү-күр) не езулік (қы-зық, жә-бір) болып айтылады. Егер тілімізде аралас (жуан, жіңішке) Буынды сөздер кездесетін болса, онда олар кірме сөз болғаны. Мысалы, педагог, параллелипипед, т.б. Буынның жуан, жіңішкелігі қазақ тілінде дауыстыларға байланысты. Тасымал.

Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа - раторғай, қара - торғай, қаратор - ғай; күн - делікті, күнде - лікті, күнделік - ті, т. б. Санаулы сөздер дауысты дыбыстан басталып тасымалданады. Мысалы, ау - ыл, бу - ын, қи - ыр, жи - ын, т. б.

Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:

1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т. б.
2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды.: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т. б.
3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т. б.
4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11 - сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз,
70 км, 52 кг, 120 г, т. б.
5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т. б керек өтініш койам

277
295
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


иммунитет сөзін септеу керек.

қазақ тілінде 7 септік бар.

сол жетеуінне жікте.

Атау – кім? не?

Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.

Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.

Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.

Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.

27 ақп 2014 сағат 22:5427

Ұнатамын

Қазақ тілі - Казахский язык

В казахском языке в отличие от русского 7 падежей (в русском языке 6 падежей):

1. Атау септігі (именительный падеж) отвечает на вопросы кім? (кто?), не? (что?) (кімдер? нелер?) -множ. число. Например: Әлібек (кім?), адамдар (кімдер?), кітап (не?), кітаптар (нелер?) -окончаний нет.

2. Ілік септігі (родительный падеж) отвечает на вопросы кімдер? (чей? чья? чье?), (кімдердің?), нелердің? (что? от чего?), нелердің? и выступает в значении определения.

Ілік септігі имеет окончания -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

Ілік септігі в речи всегда употребляется в сочетании с формой принадлежности ІІІ лица. Ілік септігі в предложении является определением и стоит перед определяемым словом. Определяемое слово употребляется в притяжательной форме. Например: Анардың (кімнің?) әжесі -Бабушка Анара.

В казахском языке собственные имена, обозначающие названия городов, рек, улиц, гор и т.д., употребляются перед теми словами, к которым относятся, а последние -в притяжательной форме ІІІ лица. Абай көшесі -Улица Абая.

Окончания ілік септік иногда опускается, но притяжательное окончание ІІІ лица (-сы, -сі, -ы, -і) всегда сохраняется. Например: институттың ректоры -институт ректоры.

3. Барыс септігі (направительно-дательный падеж) соответствует русскому дательному падежу без предлога и с предлогом. Например: Әсияға (Асие), мұғалімге (учителю), Алматыға (в Алматы).

Барыс септігі отвечает на вопросы кімге? (кому?), неге? (чему?), қайда? (куда?).

Объяснение:

вот это очень легко

думаю это можешь ты сам сделать

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS