Жылдар өткен... Жазғытұрым. Басталды бір жаман ырым,
Жаумай жауын жалғыз тамшы,
Ерте солды гүл-бәйшешек,
Еркін өспей қурады шөп,
Етке тиді ауыр қамшы.
Еккен егін өнбей жерге,
Еткен еңбек ұшты желге,
Ел күйзелді ем таба алмай.
Жабырқаған жарлы қауым
Жалбарынды тілеп жауын,
Көк жиектен көзін алмай.
Сезген мұны Толағайда
Сабырсыздық болды пайда,
Ойланады ұзақ түндер:
«Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын.
Адал ақыл айтар кімдер?..»
Көп өтпеді. Бір күндері
Шешесіне еркеледі.
Отыр сұрап әр нәрсені... –
Тағы да бар бір сұрауым:
Көп жауады қайда жауын?
Білсең, апа, айтшы, - деді.
Айғақ ете үлкендерді
Апатайы жауап берді:
Деген сөз бар - «тауда тандыр»,
Қарлы, шыңды тау жерінде,
Тарбағатай өңірінде
Үзілмейді жылда жаңбыр.
Екі беті гүл-гүл жанды,
Кідірмеді, жүріп кетті.
Кеудесімен бұлт бөгеген,
Бұлттан жаңбыр себелеген
Асқар тауға келіп жетті.
Таңдап жүріп тау жотасын
Талғай қарап орман, тасын
Тарбағатай үйірінен,
Толағайы тыңдап алды.
Көңілі сүйген бір шатқалды
Ұзақ ырғап бөліп алды
Өркештенген түйінінен,
Басындағы қарын қоса,
Баурындағы аңын қоса,
Шайқап бұлақ, көк орманды,
Күшпен әрең алды дағы,
Арқасына салды дағы
Келген ізбен қайта оралды.
Арқалады ауыр тауды,
Жаншып бара жатыр жанды,
Маңдайдан тер көл боп ақты.
Жеткенше дем алмайын деп,
Жарты жолда қалмайын деп,
Шаршаса да тоқтамапты.
Тау жақындап қалды келіп,
Бұйраланған бұлт өңгеріп
Таңданысты көрген адам.
Әлден кейін танылды анық,
Толағайлап шулап халық,
Қуанбаған қалмады жан.
Құйды жаңбыр, сел боп ақты,
Күн күркіреп, шатырлатты,
Күйген жердің кірді жаны.
Шөлдегендер суға қанды,
Ауыл қайта ажарланды,
Тарқады елдің бір құмары.
Талған дене, жанған өкпе
Келген шыдап сонша көпке,
Ұзақты күн сыр бермеген.
Жетеріне жеткен кезде,
Күн еңкейіп шөккен кезде
Сүрінді алып әлденеден.
Кетті құлап, тұра алмады
Қайта қару қыла алмады.
«Апа», - деді жалғыз ғана.
Тау да басып шөге берді,
Апасы жас төге берді
Отаны үшін өлді бала.
Кім қалды екен егілмеген,
Кім қалды екен төгілмеген
Көз көргеннен Толағайды
Күңіренді де анасындай,
Күн де батты шарасыздай,
Түн қап-қара шашын жайды,
Айсұлудың күрсінгені,
Күрсінгенде алған демі,
Адам тұрсын тауға батты.
Кеуіп қалған қос шандырдан
Күйік сүті шапшып тыңнан –
Кілең аппақ тас боп қатты.
Ауысыпты заман талай,
Аталғалы тау «Толағай»...
Соны үлкендер ертек еткен.
Алыпты тау басып жатқан,
Ана сүтін тас боп қатқан
Көреді әлі өткен-кеткен.
«Толағайдың» төңірегінде,
Толқынданған желмен бірге
Көк теңіздей көк шалғыны.
Алыпты жұрт ардақтайды
Алып атын бір атайды
Жылда, жаңбыр жауған күні.
Тапсырма:Әбілдә Тәжібаевтың "Толағай" өлеңінен үзінді оқып , Сын есімдерді тауып жазыңыздар
223
384
Ответы на вопрос:
Дурыс
Айтыс халык омиринин бейнелейтин коркем адебиет саласынын бири.
Айтыс 2 ге болинеди
Казак халкынын айтыс онери ХIX гасырда дамыды
Бурыс
Айтыс ол оленди айтудын бир тури.
Айтысты кобызбен айтады
Айтысты кезинде 3 адам айткан
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
alinkaalekseev121.04.2023 18:31
-
vikaovcerenko12.12.2021 16:31
-
glebborovickov17.08.2020 00:42
-
aaalino4ka26.02.2022 16:49
-
GT312.02.2023 00:33
-
altynbekova200313.02.2022 12:54
-
kicked10202.05.2023 02:40
-
fargustyana19.07.2021 08:37
-
Rinaaaaaa26.02.2023 07:30
-
nvgaponuk13.08.2020 04:17
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.