Ответы на вопрос:
xiii-xiv ғасырлардан бастап жырланып, xix ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры.
поэма сыбанбай, бекбау, жанақ, шөже ақындардың орындауында ауызша таралған. 20-ға жуық нұсқасының ішінен ең белгілісі - жанақтың нұсқасы. алғаш ел арасынан жинап, хатқа түсіргендер: г.саблуков (1830), ғ.дербісалин (1834), а.фролов (1841), шоқан уәлиханов (1856). жырдың мазмұнын м.путинцев орыс тіліне аударып бастырды (1856), кейін в.радлов "түркі тайпаларының халық әдебиеті үлгілері" жинағының 3-томына еңгізді (1870).
сюжеті
жыр сарыбай мен қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, қозы мен баянды күні бұрын атастыруынан басталады. сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген сарыбай, көре алмай қаза табады. атастырылып қойған қозы мен баян, жүздерін көрмегенімен бір-біріне ғашық болады. уақыт өте келе сараң қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан қодарға ұзатпақшы болады. қос ғашықтың арасына тосқауыл болған қодар, айласын асырып, зұлымдықпен қозының басын алады. қайғыдан қабырғасы қайысқан баян, өш алу үшін қулыққа көшеді. ол қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. алданған қодар баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. сөйтіп қозының кегі қайтарылады. батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.
жырдың негізгі идеясы
«қозы көрпеш - баян сұлу» поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды. әуелде поэманың идеялық бір сабағы жесір дауымен байланысты болғанға ұқсайды. «жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» деген пікірді де сабақтастырған. кейін ол жақтары көмескіленіп, сүйіспендік мәселесі негізгі орын алып, оқиға тек сол тақырыптың айналасына ғана шоғырланып, басқа жайттар тек соны дәлелдеуге жарарлық дәрежеде қалған. поэманы оқыған ң мақсаттарына жете алмай, өмірден арманда өткен екі жасты аяйтыны да, олардың қосылуына көлденең тұрған қарабай мен қодарға қарғыс айтатындығы да сондықтан. жырда айтыс, тұрмыс-салт жырлары: естірту, жоқтау, қоштасу, т.б. кеңінен қолданылады. сыбанбай, бекбау, жанақ, шөже, т.б. ақындар әр кезде дастан оқиғасын өздерінше жырлаған.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
mahomaev27.05.2022 09:35
-
victoriyasergi08.07.2021 10:58
-
ya042302SashaA20.10.2021 00:58
-
соня1245622.10.2020 02:44
-
dinonafrie148812.02.2023 20:07
-
ЭлинаПринцесса5555517.04.2023 22:09
-
АсяГордиенко31.10.2020 16:41
-
ЯРОСЛАФ24.12.2022 04:10
-
GylenkoSasha06.05.2022 10:20
-
Bossak17.06.2021 21:01
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.