Ответы на вопрос:
Оғыз мемлекеті (IX ғасырдың соңы— XIғасырдың ортасы). IX ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқари, әл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — боз оқ және үш оқ (учук). VIII ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия>> деп аталатын ордасы болды. IX ғасырдың бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, кангар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. IX ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады.
Печенегтермен соғыс олардың саяси бірлігін күшейтіп, тайпалардың оғыздық одағын құруға мүмкіндік берді. Оғыздар құрамына Сырдария алқабы мен Арал-Каспий далаларының үнді-еуропа, финн-угор тектес ежелгі компоненттері және Жетісу мен Сібірдің халаджылар, жағарлар, чаруктер, қарлұқтар, имурлер, байандұрлар тайпалар кірді. Оғыздардың этникалық қауымдастығының құрылуы ұзақ процесс болды.
IX ғасырдың соңы мен XI ғасырдың басында оғыз тайпалары Сырдың төменгі ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан зор территорияны мекендейді. Оғыздар туралы алғашқы деректер IX-X ғасырлардың басанда араб деректерінде (мысалы, әл-Якубидің (IX ғасыр) еңбегінде) айтылады.
Орта Азия мен Шығыс Еуропаға және Орталық Азияға баратын керуен жолдарының тоғысқан жерінде жатқан Янгикент қаласы 10 ғасырда оғыз мемлекетінің астанасына айналды. Оғыз мемлекетінің халқы түркі және иран тілінде сөйлеген. «Жабғу» атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болған. Оғыз жабғуларының орынбасарларын Күл-еркін деп атаған. Жоғарғы билеушілер өкіметі мұрагерге — «иналға» беріліп отырған. Жабғу мемлекетінде оғыз әскерінің сюбашиы» деп аталатын бас қолбасшысы маңызды рөл атқарған. Оғыздар мал шаруашылығымен айналысты. Отырықшылық та қатар дамыды. Жент, Сауран, Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығанақ деген қалалары болды. Құл саудасы дамыды. Оғыздар мәжусилер болып, бақсы-балгерлерге табынды. Біртіндеп ислам діні де ене бастады.
Оғыз мемлекеті Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды орын алды. 965 жылы олар Киев Русымен одақтасып хазар қағанатын талқандайды. 985 жылы оғыз жабғуы орыс кінәздарымен бірлесіп Еділ Булғариясын талқандады. Осының бәрі оғыз мемлекетінің саяси күш-қуаты өсуіне әсер етті.
X-XI ғасырлар Оғыз мемлекеті елеулі дағдарысқа ұшырайды. Оған алым-салыққа қарсылық білдірген оғыз тайпаларының көтерілістері себеп болды. Салжұқтармен, қыпшақтармен болған соғыстарға шыдамай, оғыз мемлекеті XI ғасырдың ортасында біржола құлайды. Жартысы қыпшақтардың қысымынан Шығыс Еуропа мен Кіші Азияға, жартысы Мәуереннахрдағы қарахандарға, Хорасан салжұқтарына, қалғаны Дешті-Қыпшақ тайпаларына араласып кетті.[1][2]
Объяснение:
Оғыз мемлекеті (IX ғасырдың соңы— XIғасырдың ортасы). IX ғасырдың ортасында Сырдарияның орта және төменгі ағысында, сонымен қатар Батыс Қазақстанды да қосып алатын территориясында оғыз тайпаларының саяси бірлестігі құрылды. «Оғыз» деген терминнің этимологиясы әлі де анықталмаған. Алайда "оғыз" сөзінің пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер жоқ емес. Кейбір ғалымдар "уыз" сөзінен шықты десе, екінші біреулері "садақтың оғы" деген сөзден пайда болған дейді. Ал үшінші бір ғалымдар "өгіз" деген тотемдік сөзден пайда болды деп дәлелдеуге тырысады. Махмуд Қашқари, әл-Марвази еңбектерінде, оғыздарға жататын руларды атап кеткен: қынық, баят, язғыр, имур, қарабулақ, тутырка, т.б. Оғыздар 2 экзогамды фрактриядан құрылған. Бұлар — боз оқ және үш оқ (учук). VIII ғасыр ортасында түргештер мұрасы үшін қарлұқтармен болған күресте оғыздардың едәуір бөлігі Жетісуды тастап, Шу алқабына кетеді. Осы жерде олардың «Көне Гузия>> деп аталатын ордасы болды. IX ғасырдың бас кезінде оғыздардың көсемі қарлұқтармен, қимақтармен одақтасып, кангар-печенег бірлестігін күйретеді, сөйтіп Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірі мен даласын басып алады. IX ғасыр соңында олар хазарлармен одақ құрып, печенегтерді жеңеді де, Орал мен Еділ арасын қол астына қаратады.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: История
-
goldin133723.10.2021 01:35
-
Mrmors26.09.2021 10:28
-
rilyakip0730v24.06.2021 16:21
-
guseva2yul11.06.2021 11:54
-
6589330.11.2020 19:44
-
Malvina190316.08.2022 16:28
-
riabinova1913.05.2023 21:50
-
maksimkakravchenko01.01.2023 01:28
-
Zhuravl22026.10.2020 15:34
-
IIIayni18.02.2021 08:46
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.