Есть ответ 👍

Буын үндестігіне сай келмейтін қосымшаны табыңыз. А) Самалды.
B) Кітаптар.
С) Өңір.
D) Дәлдікке.
E) Күнәлар.
2. Буын үндестігінің ережесін анықтаңыз.
А) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке
болып үндесуі.
B) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай жуан болып үндесуі.
С) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай жіңішке болып үндесуі.
D) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай ашық болып үндесуі.
E) Сөздегі, сөз бен қосымша аралығындағы дауыстылардың бірыңғай қысаң болып үндесуі.
3. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын анықтаңыз.
А) -тар, -лер, -паз.
B) -қой, -мен, -лық.
С) -дық, -дік, -хана.
D) -нікі, -ов, -тал.
E) -пен, -лы,-қой.
4.Буын үндестігіне бағынбайтын күрделі сөздерді көрсетіңіз.
А) Алатау, ала-құла, ырың-жырың.
B) Қалғып-шұлғып, шым-шытырық, қолқанат.
С) Сап-сары, іс-міс, жігіт-желең.
D) Аққұтан, азық-түлік, кәріқыз.
E) Атамекен, ауыл-үй, жай-күй.
5. Септік жалғауы дәнекер «і» дыбысы арқылы жалғанатын сөзді көрсетіңіз.
А) Парашют.
B) Парк.
С) Томск.
D) Хирург.
E) Тарих.
6. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны көрсетіңіз.
А) Далалық.
B) Әкетай.
С) Жұмысшы.
D) Орындаушылар.
E) Көркемірек.
7. Кісі аттарындағы кейінді ықпалды табыңыз.
А) Болатқожа, Алшағыр.
B) Таңшолпан, Дәмежан.
С) Ханшайым, Зәмзагүл.
D) Сәрсенбек, Ауданбай.
E) Айдархан, Әубәкір.
8. Қатаңға аяқталған сөздердің соңғы дыбысын өзгертетін қосымшаны табыңыз.
А) Жіктік жалғауы.
B) Тәуелдік жалғауы.
С) Септік жалғауы.
D) Көптік жалғауы.
E) Сөз тудыратын жұрнақтар.
9. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
А) Тамшыдан тама-тама дария болар.
B) Терең құдықтың суы тәтті.
С) Көптің құрығы ұзын.
D) Көп жүрген жер көңілді.
E) Сараңдық пен арамдық ағайындас.
10.Қосымша қосылғанда кейінді ықпалдың әсерінен өзгеретін түбірді табыңыз.
А) Зыт, қаш.
B) Тарт, жар.
С) Ор, құлат.
D) Кеп, жап.
E) Жат, сат.
11. Тұтастай ілгерінді ықпалға бағынған мақал-мәтелді табыңыз.
А) Арықтың жілігі татымас.
B) Тату үйдің тамағы тәтті.
С) Қымызы бар үйдің қызығы бар.
D) Жұмысы бағу еді.
E) Піл көтермегенді тіл көтереді.
12. Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.
А) Ала-құла, іске қосу.
B) Асқан сұлу, келген еді.
С) Орамжапырақ, қылшық-қыбыр.
D) Қақ төрі, алып кет.
E) Қосымшасы бар, жазғы леп.
13. Орфоэпияның негізгі нормасын көрсетіңіз.
А) Ережеге сай айтылу.
B) Түбір мен қосымшаның үндестігі.
С) Дыбыс үндестігі.
D) Буын үндестігі.
E) Орфографиялық норма.
14. Дұрыс жазылған қатарды көрсетіңіз.
А) Алағ-жұлақ, бөлтірік, бір тектес.
B) Бірыңғай, ата тек, шаң сорғыш.
С) Тауқымет, төрттаған,сүт қоректі.
D) Қараөзек, қара шымшық, шай қурай.
E) Бойтұмар, айы-күні, алакөз.
15. Айтылуында өзгешелік байқалатын қатарды анықтаңыз.
А) Көл жағасынан құдық қазба.
B) Үйінде озған – түбінде озар.
С) Ақыл – бастан, асыл – тастан.
D) Ақыл айтсаң – батыл айт.
E) Егінші – мәрт, жер – жомарт.
16. Түбір сөзді табыңыз.
А) Ақтау.
B) Дидар.
С) Орманшы.
D) Қосымша.
E) Бөлгіш.
17. Түбірдің ережесін анықтаңыз.
А) Негізгі ойды білдіретін бөлшек.
B) Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегі.
С) Жаңа мағына тудырушы бөлшек.
D) Қосымша жалғанған бөлшек.
E) Қосымша қосуға болмайтын бөлшек.
18. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Қасиеттер, парасат.
B) Сөздік, малақай.
С) Әділет, дәреже.
D) Шұңқыр, домалақ.
E) Бөлшек, жақсылық.
19. Сөз түрлендіруші жұрнақты көрсетіңіз.
А) - лық, -лік.
B) - -гер, -паз.
С) - сыз, -сіз.
D) - ырақ, -ірек.
E) - шы, -ші.
20. Туынды түбірлерді анықтаңыз.
А) Негізгі, мекені.
В) Өнім, жолдастық.
С) Тәрбие, сөздер.
D) Береке, көрімдік.
E) Елдік, баласы.
21. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Ағажан, әкетай.
B) Адалдық, рақымсыз.
С) Әлдірек, кеңдеу.
D) Жүрек, нашар.
E) Кес, кесер.
22. Бірге жазылатын сөздерді көрсетіңіз.
А) Кең өріс, балық шаруашылығы.
B) Қағаз бастылық, қалжың бас.
С) Дүние жүзі, бос сөз.
D) Ала аяқ, ал қызыл.
E) Ат спорты, ат жарыс.
23. Анатомиялық атауларға қатысты біріккен сөздерді көрсетіңіз.
А) Орынбасар, ешқашан, бүгін.
B) Сөзжұмбақ, Алакөл, ақсүйек.
С) Мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын.
D) Алтыбақан, асқазан, қаптесер.
E) Тоқішек, кейбіреу, қыстыгүні.
24. Кіріге біріккен қатарды көрсетіңіз.
А) Әнеугүні, көкжөтел.
B) Білезік, әпер.
С) Өнеркәсіп, биыл.
D) Жағажай, саябақ.
E) Абайтану, әркім.
25. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.
А) Аб жылан, ақ сұңқар.
B) Ағаш өңдеу, адал бақан.
С) Сықпа құрт, суық хабар.
D) Сән құмар, сасық кеуде.
E) Патша ағзам, мүйіз шақша.
Осы тестка комектесиндерш​

242
264
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


1олар үшін емтихандар қорқынышты

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS