Есть ответ 👍

 1 из 2

Қазақ әдебиеті пәні бойынша 7-сынып оқушысының өзіндік жұмысының жоспары

I тоқсан, 2020-2021 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: Сұлу Жібек бар ма екен?

Оқу мақсаты: Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу (7.А/И4).

Оқушыға арналған тапсырмалар.

Жеті қырдан асқанда –

Күлдірлеген қоңырауды

Есітті сонда құлағы.

Шапса балта өтер ме,

Шыңғырлаудың тасына.

Нелер келіп, не кетпес,

Ер жігіттің басына!

Қоңырау дауысы келгенде,

Көк жорға атты қамшылап,

Жетіп бір келді-ау қасына.

Әлқисса, Төлеген қасына келіп, алдына бір шықты, соңына бір шықты, Жібекті көре алмады, қараса Қаршыға алыста қалыпты. Сабыр етіп тұра алмады және көшірінде отырған кісі жоқ, Жібектің ешнәрсемен ісі жоқ. Сонда Төлеген үш рет дауыстап шақырды.

— Бұл күймеде неғылған жан бар,  тірі адам бармысың?-деп. Бұған Қыз Жібек еш жауап бермеді. Сонда Төлеген қапы болып тұрды.

— Ай, дүние-ай, мынаның мені кемсінгені бөтен жұрттығы ғой. Өз жұртымда маған да еш кісі тең келе алмаушы еді,-деп тұрғанда Қаршыға да жетіп келді. Сонда Төлеген айтты:

— Мынау маған жауап бермейді, әлде жаман кісі ме?-деді. Қаршыға айтты:

— Олай емес, мұна мекерлік бар, мен сөйлесейін,-деп Жібекке келіп айтты:

— Жібекжан, шырағым, ояумысыз, міне бір жақсы кісі қасыңа келіп тұр сөйлесемін деп, бетіңді ашып сөйлесші,-дейді. Онда Жібек айтты:

— Сен Қаршығамысың?-дейді.

— Иә, шырағым, мен Қаршыға көкең,-деді.

— Сен Қаршыға көке болмай жерге кіргін, менің басым екі тайлық па еді, екі тайға менің басымды сатып, не бетіңмен ұялмай келіп тұрсың, онандағы кебініңді сәлде ғып тақсаң болмай ма?-деп жауап берді.

Сонда Қаршыға айтты:

— Шырағым, менің екі жорға алғаным рас, мен оны сізді көрсетуге алғаным жоқ, Төлегеннің жолдастарына тамыр болып алдым, сізді көрсетпекке дүниенің малын алмаспын, сіз үшін өзім басымды бәйгеге тігіп келдім, ендігісін өзің біл, - деді. Сонда Қыз Жібек айтты:

— Ендеше, лебізің бекерге қалмасын бір көрінейін, әбден көрініп тұрсам келіспес, бұған былай қылайын деп ойлады: қасында үш қызы бар екен, пәуескенің түймелерін ағыттырды да, жарқ еткізіп бір көрінді дағы қайта жауып, жатып қалды. Сол бір көрінгендегі Қыз Жібектің сипаты бұл секілді көрінді:

Қыз Жібектің құрметі,

Жиһаннан асқан сәулеті,

Ләйлі, Мәжнүн болмаса,

Өзгеден артық келбеті.

Үш қызы бар қасында-ай,

Өзі он төрт жасында-ай.

Кебісінің өкшесі

Бұхардың гауһар тасындай.

Ақ маңдайы жалтылдап,

Танадай көзі жарқылдап,

Алтын шашбау шашында.

Қыз Жібектің шаштары

Қоғалы көлдің құрағы.

Көз сипатын қарасаң
Сегіз бейіш ішінде

Хорлардың жаққан шырағы.

2 из 2

Тапсырма
. : Шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазыңыз, кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға беріңіз.

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім .

Дескриптор

- Шығармадан алынған үзіндіні түсініп оқиды;

- Оқиға желісін өзіндік көзқарас бойынша дамытып жазады:

1-сөйлем-

2-сөйлем-

3-сөйлем-

Соңғы сөйлем-

138
377
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Амира573
4,6(33 оценок)

Кароче омоним синтоним и антоним

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS