65675691
19.11.2020 01:43
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

І нұсқа

1. Әрі жіңішке, әрі ашық дауысты дыбысты табыңыз
А) ұ В) ө С) о Д) и Е) ы

2. Үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталған сөзді табыңыз
А) мен В) біз С) Сіз Д) олар Е) сен

3. Негізгі зат есімді табыңыз
А) оқушы В) бала С) аялдама

Д) көрме Е) білім

4. Реттік сан есімді көрсетіңіз

А) отызыншы В) отыз-отыздан

С) отыз шақты Д) отыз Е) отыздан бір

5. Негізгі етістікті табыңыз

А) үйренуші В) ал С) шығар

Д) аула Е) отырғыз

6. Сөздің антонимін көрсетіңіз: «сау»

А) абайлау В) мықты С) ауқат

Д) науқас Е) алғыр

7. Тек кірме сөздерде болатын әріпті табыңыз

А) с В) м С) т Д)а Е) в

8. Күрделі сөзді табыңыз
А) шаруақор В) сүйеніш С) таңертең

Д) Жамбыл Е) басқарушы

9. Дыбыстық еліктеуіш сөзді табыңыз

А) жалт В) арбаң С) қисалаң

Д) жарқ Е) саңқ

10. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына беретін ұғым атауын көрсетіңіз

А) омоним В) антоним С) синоним

Д) тұрақты тіркес Е) лексика

11. Тұрлаулы мүшелері сын есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін анықтаңыз

А) нүктелі үтір В) қос нүкте С) үтір

Д) сызықша Е) дефис

12. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз

А) Ауа райы жақсы болса, біз елге барамыз.

В) Ауа райы жақсы болғанда, біз елге барып тұрамыз.

С) Ауа райы жақсы болса да, біз елге бара алмадық.

Д) Ауа райы жақсы болғандықтан, біз елге бардық.

Е) Ауа райы жақсы, біз елге барып келдік.

13. Төл сөз дұрыс жазылған жерді табыңыз
А) Қайда жүрсің? – деп сұрады анам.

В) «Қайда жүрсің,» - деп сұрады анам.

С) – Қайда жүрсің? – деп, сұрады анам

Д) «Қайда жүрсің?» - деп сұрады анам.

Е) Қайда жүрсің деп сұрады анам.

14. Морфология нені зерттейді?
А) сөздің мағынасын В) дыбыстарды

С) сөз таптарын Д) сөйлемді Е) белгілерді

15. Омоним сөздерді табыңыз

А) жеті, алпыс В) шапан, көйлек

С) ат қою, ол атты Д) бәрі, тегіс Е) аш, жап

16. Антонимдік жұпты көрсетіңіз

А) елең-алаң В) әйел-зайып С) анда-сонда

Д) әзер-әзер Е) азырқану-көпсіну

17. Сын есім қандай сөйлем мүшесі: Әдемі, қысықтау көздері өзіне жарасып-ақ тұр.

А) бастауыш В) баяндауыш С) анықтауыш

Д) толықтауыш Е) еліктеуіш

18. «1888 жылы Құрманғазы Динаны соңғы рет көргенде, оған тоғыз жас болды» - қандай сөйлем?

А) салалас құрмалас В) жай С) жақсыз

Д) сабақтас құрмалас Е) аралас құрмалас

19. Ішекті аспапты белгілеңіз

А) қобыз В) сазсырнай С) қамыссырнай

Д) пианино Е) аккардеон

20. Қалау райдың жұрнақтарын табыңыз

А) –ды/-ді В) –ған/-ген С) –шы/-ші

Д) –ын/-ін Е) –ғы/-гі

21. Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін атаңыз

А) «Киіз үй» В) «Тіл құралы» С) «Күлтегін»

Д) «Қазақ хрестоматиясы» Е) «Қутадғу білік»

22. Айша бибі кесенесі қай қалада?

А) Тараз В) Түркістан С) Атырау

Д) Алматы Е) Отырар

23. Шөбере кімнің баласы?

А) ұлдың В) қыздың С) ағаның

Д) немеренің Е) інінің

24. Сөйлем ішінде табыс септікті сөзді табыңыз: Қыздар орманда гүл жинап жүр.

А) қыздар В) орманда С) гүл

Д) жинап жүр Е) дұрыс жауап жоқ

25. Сөйлемнің түрін анықтаңыз: Мұны жазу үшін автор көп ойланды.

А) салалас В) сабақтас С) құрмалас

Д) жай Е) күрделенген

26. Мезгіл бағыныңқы сөйлемнің жұрнағын көрсетіңіз

А) –ған-да/-ген-де В) –са/-се С) –са да/-се де Д) өйткені Е) –ып/-іп

27. «Тон пішу» сөздің баламасын табыңыз
А) предполагать В) радоваться С) гордиться Д) испугать Е) узнать

28. Берілген сөйлемде неше тыныс белгісі бар: Сөздің көркі мақал дейді халық
А) 3 В) 4 С) 2 Д) 5 Е) 1

29. Салт-дәстүрге не жатпайды?
А) тұсау кесу В) бесікке салу С) ақ жаулық

Д) құда түсіру Е) шілдехана

30. Мақалды толтырыңыз: Басқа пәле –

А) қолдан В) істен С) естен

Д) тілден Е) менен

263
300
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Rav1112
4,7(37 оценок)

Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS