Есть ответ 👍

Төмендегі жаңа сөздерді тағы қандай сөздермен тіркестіруге болады

282
335
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

Kisa550
4,6(91 оценок)

Объяснение:

Көшпелілердің музыкалық мәдениетінің тамыры өте тереңде жатыр. Жартастардағы суреттерден билеп жүрген адамдардың, таяққа ілінген сылдырмақтарда ойнап тұрған адам бейнелерін кездестіруге болады. Әсілі, көшпелілердегі ең көне музыкалық аспаптар — ұрмалы даңғыра, курайдан жасалған үрмелі сыбызғы, ілмелі-шертпелі қобыз, домбыра іспеттес қарапайым аспаптар болған. Эпостардағы “адырнасын ала өгіздей мөңіреткен” деп келетін жыр жолдары өнерпаз жауынгердің садағының адырнасын іркіп-тартып музыкалық үн шығаратынын білдірсе керек. Орталық Азия, Сібір, Тибет халықтарында бүгінге дейін кездесетін бір ішекті қобыз осы музыкалык аспаптың көне түрі болуы мүмкін. Көне Хорезм жеріндегі Қойқырылған қала деп аталатын дөңгелек бекіністен домбыра сияқты екі ішекті аспапта ойнап отырған адамдардың бейнесі табылған. Зерттеушілердің ойынша, бұл домбыраның көне түрі. Академик В. В. Виноградовтың пікірінше, қазақтың домбырасы мен қырғыздың қобызы сияқты аспап кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын пайда болған, қазақтың қобызы осы күнгі виолончель, скрипкалардың арғы атасы. Музыка, музыкалық аспаптар тарихын зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, он түріндегі музыкалык мұра (вокалды музыка) және сарын, күй түріндегі мұраның (аспапты музыка) жіктеліп бөлінуі, бері дегенде, VI—VIII ғасырларда басталды. Ұлытау төңірегінен табылған түркі дәуіріне жататын тас мүсіннің бір бүйірінде қобыздың суреті, ал арқасында коңыраудың суреті салынған. Қобыз бен қоңырау бақсының аспаптары. Олар коңырау, әртүрлі сылдырмақтарды қағып жүріп би билеп, қобызбен сарын ойнап, жын шақырған. Тас мүсінде осындай бақсы бейнеленген болуы керек. Жалпы, көшпелілердегі алғашқы кәсіпқой музыкант бақсы болған. Сонау VIII ғасырда өмір сүрген, түркі әлеміне ортақ Қорқыт алғашқы шебер музыкант, күй атасы, бақсылардың пірі болып саналады. Ауызбен үрлеп ойнайтын казақтың қыштан жасалған уілдек деп аталатын аспабының көне түрлері ортағасырлық Отырар қаласынан, Жамбыл облысындағы Ақтөбе (Баласағүн) қаласынан табылған. Олар X—XII ғасырларға жатады. Қоркыт ата бүкіл түркілер әлемінің сарын, күй, әуен өнерінің атасы болса, одан бергі музыка өнері әл-Фарабидің (IX—X ғғ.), ибн-Синаның (X ғ.), Ұлы жыршы Кетбүғаның (XIII ғ.), Сыпыра жыраудың (XIV ғ.), Асанкайғының (XV ғ.), Қазтуғанның (XV ғ.), Әбу әл-Қадырдың (XV ғ.), Әбдірахман Жәмидің (XV ғ.), Бұқардың (XVIII ғ.), Нысан абыздың (XVIII ғ.) аттарымен байланысты. Олар күйші-сазгер, жыр-шылар болған. Ал әл-Фараби, ибн-Сина музыка ілімінің теориясын алғаш жасаушы ғалымдар.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS