Мәтіндерді оқып, ондағы ақпараттарды салыстырыңыз. Мәтіндегі мәселелерді анықтаңыз. 1-мәтін
Біз бүгін досым екеуіміз Айзеренің туған күніне барамыз. Жинаған азын-аулақ қаражатымыз бар. Оған қандай сыйлық алатынымызды әлі шешкен жоқпыз. Маған ұнаған сыйлық досыма ұнамады, оған ұнаған сыйлық маған ұнамады. Екеуіміз бір шешімге келе алмадық. Мен сыйлық таңдаудың қиын екенін білмеппін. Анама осы жайды баяндап бердім. Анам сыйлық таңдаудың ережесі барын айтты. Сендерді де осы ережемен таныстырайын.
Сыйлық берген кезде төмендегі нәрселерді назарға алған жөн:
-туған күнге бүкіл отбасы емес, туған күн иесінің өзі ғана қолданатын зат сыйла;
-сыйлық не кәдесыйды туған күн өткеннен кейін сыйлауға болмайды, сондықтан сыйлығыңды алдын ала беріп қой;
-сыйлық ретінде ақша сыйлаған дұрыс емес, ол адам сен үшін шынайы қымбат болса, уақытыңды бөліп, оны қуантатындай сыйлық таңда;
-өте қымбат сыйлық бермеген жөн, қымбат сыйлық адамды ыңғайсыз жағдайға қалдыруы ықтимал. Өте арзан сыйлық оған ұнамауы мүмкін, сондықтан оның көңілінен шығатындай сыйлық ал;
-сыйлықтың безендірілуіне мән бер;
-өзіңе сыйлаған сыйлықты беруге болмайтынын жадыңда сақта;
-күшік, мысық, тотықұс және т.б. сыйлықтарды сол үйдің отбасы мүшелерінің рұқсатымен сыйлау керектігін ескер;
-сыйлықты кіре берісте беруге болмайды, оны қонақбөлмеде асықпай, жылы лебізіңді айтып сыйлауды дәстүрге айналдыр;
-сыйлығың тосынсый болса, туған күн иесі қатты қуанышқа бөленетінін ескер;
-ақшалай сыйлықты ковертке салып бер;
-тым нашар сыйлық бергеннен гөрі бермеген дұрыс.
Осы ережелерді жадыңда ұстасаң, сыйлық беру мерекеге айналары сөзсіз.
2-мәтін
-Әнел, сенің ойыңша, «сауда» - деген не?
-Менің ойымша, «сауда» дегеніміз – өзіңе қажетті затты сатып алу.
-«Сауда-саттық жасауға да сауаттылық қажет» деген пікірге қосыласың ба?
-Әрине, қосыламын. Сауда жасау әркімнің қолынан келе бермейді. Сауданы табыс көзіне айналдыру, тапқан табысыңды айналымға жіберу – үлкен өнер.
-О-о, сен сауда туралы көп мәлімет біледі екенсің ғой!
-Иә, мен болашақта жеке кәсібімді ашқым келеді. Сондықтан қазір сауда-саттық туралы көп кітап оқып жүрмін.
-Қандай кәсіппен айналысқың келеді?
-Мен «Қазақстанда шығарылған» деген атпен тек отандық өнімдерді сататын дүкен ашқым келеді.
-Дүкен ашу үшін де кітап оқу керек пе?
-Әрине. «Қандай тауардың сатылымы жоғары болады?», «Оның сапасы қандай болуы керек?», «Кіріс-шығысты қалай есептеу қажет?», «Оны қалай ұтымды сатуға болады?», «Қолма-қол ақша табудың жолы қандай?» тәрізді көп сұрақтың жауабын кітаптан табуға болады.
-Мен сауда жасаудың осыншалық қиын болатынын білмеппін. Ісіңе сәттілік тілеймін!
Салыстыру аспектілері:
Мәтін мазмұнында не туралы айтылады?
Мәтінде қандай мәселелер көрініс табады?
Екі мәтінге ортақ мәселе қандай?
2-тапсырма
Мәтіндерде көтерілген мәселелерге байланысты өз пікіріңізді 3 сөйлеммен жеткізіңіз.
211
256
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
БекБека15.11.2022 15:31
-
0987mnbv20.08.2021 16:15
-
kirushka101018.07.2021 21:04
-
stif43215.12.2021 15:06
-
AnnFair29.01.2020 18:18
-
ghaban31.10.2021 16:31
-
anyiugyo9e712.11.2021 01:13
-
andriyianna07.08.2021 11:43
-
АняЕнот09.08.2021 08:30
-
DikONd29.05.2022 19:10
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.