Есть ответ 👍

казахский язык сор Жылан мезгілінде ұйықтамаса – күз ұзақ əрі жылы болады. Ордалы жылан, құрт-құмырсқа топ-тобымен басқа жаққа көше бастаса, көп ұзамай жер сілкінеді, болмаса басқа бір табиғаттың тосын апаты болады. Ит ұлыса жаманшылық немесе табиғат апатының белгісі. Аяқ-қолы сынған адамдардың сүйегі сырқыраса, ауа райы өзгереді. Жазда құйын көп болса, қыс аязды болады. Егер қараша айында күн күркіресе, қыс қысқа болады. Жаз найзағайлы болса, қыс жайлы болады. Көктемде күн көп күркіресе, егін, шөп мол болып шығады. Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады. Қой тісін қайраса боран немесе дауыл болады. Батар күн қызыл шапаққа малынса, келер күн жазда ыстық, қыста жұмсақ болады. Қыста күн құлақтанып шықса суық болады, құлақтанып батса суық сынады. Егер бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы бұзылады, егер шетінен ыдыраса күн жылынады деген сөз. Оңтүстіктен ұзақ соққан жел өзгеріп шығыстан соқса, ауа райы жақсарады да, батыстан соқса, ауа райы қатты бұзылады. Жаз айында аңызақ ыстық болса, ол қыста қатты аяз болатындығының анық белгісі. Қызара батқан күн мен ашық сары болып батқан күн желдің жəне жаңбырдың белгісі болып табылады. Күн шыжып, тымырсық болса, артынша найзағайды күте беріңіз. Ай қызыл түспен қораланып, əлгі шеңбер кеңейіп жоғалса, келесі күні ашық болады. Осындай екі шеңбер, немесе күңгірт бір шеңбер қатты суыққа көрінеді. Егер ай бұлыңғыр болса жаңбырға қарсы, ал ашық түсті ай ауа райының ашық болатындығын білдіреді. Аққу солтүстіктен оңтүстікке қарай кеш қайтса күз əрі ұзақ, əрі жайлы болмақ. – Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа райы қатты бұзылады, жел тұрады немесе боран болады. Мұндайда үй иелері «боран шақырып тұр» деп мысықты зəбірлеп, ұрысып жатады. Бұл дұрыс емес, ол боран шақырып тұрған жоқ, күн райының бұзылатынын хабарлап тұрғаны. Мысық керіліп ұйқыға берілсе, ұзақ уақыт бойы ауа райы қолайлы болады. Тауық биікте қонақтаса, жаңбыр болады. Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады. Тауық жерге аунап, қанатын қағып тазалана бастаса, жаңбыр жауады. Жаңбыр сіркіреп тұрғанда тауықтар далада жем іздеп жүрсе, онда ақ жаңбыр болады, яғни жаңбыр ұзаққа созылады. Əтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, аяз болады. Жаңбырлы күндері

əтеш таң ата шақырса, күн ашылады деген сөз. Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады. Аязды күні қанатын желпінсе, аяз сынады. Қыста қаздар қаңқылдаса, жылы болады, аяқтарын бауырына тығып жатып алса, күн суытады немесе боран болады. Үйректер мен қаздар суға шомылып, қиқулап, қанаттарын қомдап мазасыздана бастаса, ауа райы бұзылады. Қызылқаз (қоқиқаз) былтырғы ұясын жөндемей жұмыртқаласа, жазда құрғақшылық болады. Егер ескі ұяны жөндеп, биіктететін болса, жаз жаңбырлы болады. Құстар ертемен жем іздеуге асықса, күн жауын-шашынды болады. Далада көкектің «көкек» деген дауысын жиі естісеңіз, алдағы күндер ашық болады.
2-тапсырма
Мəтіндегі үндестік заңына бағынбайтын сөздерді теріп жазып, сөйлемдер құраңыз. Сөйлемдерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз​.

277
297
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

lizahi
4,5(6 оценок)

Ахмет Байтұрсынұлы (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] 

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS