semak03
26.10.2021 23:52
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Солтүстіктің адамдары неге суық? Астана мен Алматы қаласын, ондағы адамдарды салыстыратындар аз емес. Жалпы, бір Қазақ елінің территориясы болса да, Солтүстік пен Оңтүстік өңірінің адамдарын екі түрлі сипаттап жатады.

Солтүстіктегі қалалар ‒ Петропавл, Павлодар, Қостанай, Екібастұз, Көкшетау, Астана. Оңтүстікке қарайтын ірі қалалар Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Талдықорған. Қысы қатты, жазы қысқа Солтүстіктің тұрғындарын көбіне «өздерінің ауа-райы сияқты мінездері де суық», «тік мінезді» деп айтатындар бар.

Ал ауа-райы мінезге әсер ете ала ма? Әсер ете алады екен. Климат адамның денсаулығына әсер ететіні белгілі болса, оның мінезге де қатысы бар. Америкалық және қытайлық психологтар ауа‐райы қатты құбыла бермейтін аймақтардағы адамдардың мінезі жайдары, көпшіл, кеңпейіл келеді деген тұжырым жасаған екен.

Ғалымдар адам мінезінің қалыптасуына мәдениет айырмашылығының әсерін ажырату үшін АҚШ пен Қытай халқы арасында сауалнама жүргізген. Одан бөлек, ғалымдар сауалнамаға қатысқандардың жасына, жынысына, мекендеген жерінің экономикалық көрсеткіштеріне де мән берген. Нәтижесінде, суық жердегілерге қарағанда, жылы климатта өскен адамдар ашық, кеңпейілді, эмоционалдық тұрақты, көпшіл болатынын анықтаған.

Біз де бұл сұрақты Астана тұрғындарына қойып, ойын білген едік.

Әшім Айтжанов:

‒ Мұндай тұжырыммен келіспеймін. Өйткені қатал, яғни суық мінезді адамдар жылы жақта да, салқын ауа-райы сақталған аймақта да болады. Мінездің қалыптасуына климаттың еш қатысы жоқ.

Алтын Баймолдинова:

‒ Келісемін. Мысалы, біздегі суық жақ саналатын Солтүстік аймақтың адамдары ішіндегіні сыртқа көрсетпейді. Көп нәрсені ішкі жан дүниесінде сақтайды. Тіпті, қыздардың өзі бір жігітке ғашық болса, ол туралы сол адамға ешқашан айтпайды. Жалпы, ыстық ауа‐райы адамның темпераментіне, жүріс‐тұрыс, мінез‐құлқына әсер етеді. Еліміздегі Оңтүстіктің адамдары да сондағы ауа‐райына сәйкес қалыптасқан. Олар тез шешім қабылдайды, ұзақ ойланбайды.

Салтанат Дүтбаева:

‒ Адам мінезіне климат әсер етеді дегенмен келісе алмайын. Мінезі ауыр және ашық мінезді адам ыстық та, суық жақта да кездеседі. Біздің елде Оңтүстіктің адамдарын ашық мінезді келеді деп қабылдап үйреніп қалған. Мысалы, мен климаты жылы қала Алматыға барғанымда, сондағылардың бірінен жол сұрап едім, жауап бергісі келмегендей «білмеймін» деп теріс бұрылды. Бәлкім, орысша сұрағанымды жақтырмады ма, әйтеуір, жылы шырай танытпады.

Салтанат Рыспанбетова:

‒ Келісемін. Ауа‐райы адамға қатты әсер етеді. Өзім Оңтүстік өңірден болғаныммен, Астанада жүргеніме 10 жылдан артық болды. Екі жақтың адамдарының айырмашылығын осы уақыт ішінде байқадым. Салқын жақтың адамдарының мінезі де қаталдау боп келеді. Адамның көңіліне қарамай тік сөйлей салуы мүмкін.

Бұған қатысты медицина ғылымдарының кандидаты, психоаналитик Ринат Галиев: «Тұрғылықты жер мен климат адам мінезінің қалыптасуына сөзсіз әсер етеді. Бәрінен бұрын, мінезді генетика, әлеуметтік қарым-қатынас, тәрбие және басқасы қалыптастырады. Алайда, мінез бен жеке тұлғаның бойындағы қасиетті шатастыруға болмайды. Мінез жүре қалыптасады, жеке басқа қатысты қасиет туғаннан болатын нәрсе. Мінез адамның әлеуметтік ортамен кері байланыс жасауынан пайда болады. Сондықтан жанға жайлы климатта мекендейтіндер кеңпейілдірек келеді әрі олармен араласу де жеңіл. Салыстырмалы түрде Петербургты мысалға келтірсем, мұнда күннің көзі сирек, ауа райы жиі желді және бұлтты болып тұрады. Сол себепті адамдары да көбіне дөрекілеу, жұртпен араласуға жоқ, яғни, тұйықтау болып келеді. Ал ауа-райы жақсы болса, адамның да көңіл-

күйі де тамаша боп, қыдырып қайтуға, адамдармен араласуға және т.б. құштарлығы оянады» депті. Расымен, мінез тұрмақ, адам тамақты да ауа-райына қарай талғайды кейде. Жылы жақтың тұрғындары жеміс, көкөністі көбірек тұтынса, суық жерде етті тағамдар мен ұннан жасалған өнімдерге басымдық береді.

Ал Ежелгі грек дәрігері Гиппократ та адам емдерде оның тұрғылықты жерінің климатына, қоршаған ортасына аса мән берген екен. Сондай‐ақ, өзінен кейінгі дәрігерлерге де соны ұқтырған.

Памагите найти жанама ақпарат

289
394
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

DamirJonson
4,5(16 оценок)

Жанама ақпарат: "Ал Ежелгі грек дәрігері Гиппократ та адам емдерде оның тұрғылықты жерінің климатына, қоршаған ортасына аса мән берген екен. Ал Ежелгі грек дәрігері Гиппократ та адам емдерде оның тұрғылықты жерінің климатына, қоршаған ортасына аса мән берген екен. Сондай‐ақ, өзінен кейінгі дәрігерлерге де соны ұқтырған."

оцените ответ

NasVest
4,4(76 оценок)

Юрий Гагарин

Объяснение:

12 сәуір 1961 жылы Юрий Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшты.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS