Оқылым. Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орында. Балғабек Қыдырбекұлы Теміржолшы Құрылыс қызу жүріп жатыр. Мұндағы адамдардың көбі осы маңдағы Күрті болысынан келгендер көрінеді. Ауылдан келген жігіттер жұмысқа белсене араласып кетіпті. Кешегі «мен көшемін» деген кісі сайдан топырақ тасып жүр. Лашығын өзен бойына қалдырып, жол құрылысының бастығы тіккен шатырға жүгіріп келген жігіт көп кідірмей-ақ шатырдан қуана шықты. Әуелі ол шатырға кірерде осылар қазақша сөзімді түсінбес деп жүрексініп еді, олай болмады, кіріп барған жігітке: - Амансың ба?- деп қазақша сөйлеп, мұртты сары кісі Столяров орнынан тұра келіп қолын өзі берді. - Амансыз ба? - деді, не айтарын білмей қалған Әліш те. - Жұмыс сұрай келдің бе? - Иә. - Ендеше мен қағаз жазып берейін, ана Тарасов деген кісіге бар, ол саған жұмыс береді. Ендігі сенін бастығың сол болады. - Құп. Осыдан кейін ол жұмысқа кірісті. Оның жұмыс істеуіне сары атан тиді. Осы сары атанды жетелеп, Әліш бірнеше күн басқалармен бірге топырақ тартты. Аз ғана күн ішінде жап-жазық далада топырақ жалданып, тау болып үйіліп қалды. «Көп түкірсе – көл» деген осы екен-ау деп ойлады Әліш. Аз күнде Әліш құрылысшылармен үйренісіп кетті. Ауылдағы жолдастарының да көбісі осында келді. Жұмысшылардың бірсыпырасы тасылған топырақты тегістеп, нықтап, таптап, енді бірсыпырасы тақтай тілуге кірісті. Күн асқан сайын Әліштің жұмысының түрі өзгеріп отырды. Әліш бүгін өзінің бастығы Тарасовқа бір іспен бара қалып еді, ол «сен бүгіннен бастап топырақ тасығаныңды қой да, Сергей Колесниковтың қарауына бар. Жұмысты солармен істе» деді. Бұл сөз Әлішке алдымен қиынырақ тиді. Өйткені Әліш орыс тілін білмейді. Ал Сергейдің жанында бір қазақ жоқ, бәрі де орыс жігіттері. Сондықтан ол осы топырақ тартқан жігіттермен бірге жүре беруді ұнататын. «Бірақ, - деп ойлады ол, - топта сөз сөйлеймін бе, олардың істейтінін істей беруді білемін ғой». Осы екі ойды салмақтап келді де, Әліш тәуекел деп, Сергейдің бригадасына кетті. Әліш енді жолдың топырағын тегістеп, үстіне құм, тас қиыршықтарын тасуға тапсырма алды. Ол бұл жұмысты да бар ынтасымен істеді. Поезд осы арадан өткенше асықты ол. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз
Үзіндіде қандай мәселе көтерілген? Сөйлемді тауып жазыңыз
Мәселе шешімін көрсететін сөйлемді
тауып жазыңыз.
291
437
Ответы на вопрос:
мында саған түсіңдірейн енді одан кейін өзің жазатын шығарсың
1)осы мәтіндегі негізгі мәселені тауып жазасын
2)Ал енді сол мəтіндегі мəселені шешкен сөйлем ді жазасың
міне қайта көшіргеннен түсініп жазған жақсы
составить 9 предложений на казахском со с словами :білу ,қолдану,емдеу,пайдалану,тану,қорқу,түсіну,қарату , соғу
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
ruskei18.06.2022 06:22
-
danul141422.02.2021 19:33
-
lyagaeva8719.07.2022 15:07
-
8473726374822.04.2020 15:30
-
золотое5руно27.03.2022 15:16
-
selihanova30.05.2020 23:57
-
соня157219.04.2023 00:10
-
amina5120508.12.2020 16:50
-
brankjs18.03.2022 02:37
-
nikadidok25.11.2022 01:47
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.