angel32b
21.11.2022 01:45
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

Мәтін қандай стильде жазылған? Қазақтың дәстүрлі танымындағы адами құндылықтар
І.Адами қасиеттер – халықтың өмірінде, әдет-ғұрпында, дүниетанымында ерекше орын алатын қасиеттер. Олар ғасырлар бойы жалғасып келеді. Қай кезде де, қай заманда да адамға тән адалдық, бауырмалдық, жанашырлық, азаматтық, қарапайымдылық тәрізді асыл қасиеттер жоғары бағаланды. Жақсылық пен жамандық, ақ пен қараның арасында мәңгілік күрестің жүріп жататыны сияқты адамдық қасиеттердің мәнін солғындатып, көлеңке түсіретін жағдайлар да бұл өмірде болып жатады. Қазақ халқы жас ұрпақты адамгершілікке, біреудің ала жібін аттамауға, абыройлы болуға, әдептілікке қалай тәрбиелеген?
ІІ.Қазақ – табиғатында кеңдікті, дарқандықты жақсы көретін халық. Сондықтан ұлтымыздың қанындағы адами құндылықтар, барлық қасиеттер кең болу, жомарттық, адалдық, ар, намыс, ұят, адамгершілік, абырой, тәрбие ұғымдарымен астасып жатыр. «Кең болсаң, кем болмайсың», «Біреудің ала жібін аттама», «Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы», «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Өлімнен ұят күшті», «Қолыңмен істегеніңді мойныңмен көтер», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» және т.б. мақал-мәтелдерді, даналық сөздерді құлағына құйып өсетін қазақ философиясы аталмыш адами құндылықтарды жоғары қояды.
ІІІ.Ұят – ең қадірлі қасиет. Адамзат бойында табиғи берілетін ұлы құндылық. Қазақта «Өлімнен ұят күшті», «Ақылың болса арыңды сақта: ар-ұят керек әр уақытта», «Еңбек — өмірді ұзартады, ұят — бетті қызартады», «Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді» деген мақалдар қазіргі уақытта жиі қолданылады. Бала тәрбиесінде де, отбасында да осындай ұлттық құндылықтар арқылы ұлттық болмысымызды көзіміздің қарашығандай сақтауға тырысып келеміз.
ІV.Ұлттық рухани құндылықтардың бірі – абырой. Қазақта абырой сөзі кең мағынасында – ар-ұят, бедел, құрмет, қадір-қасиет ұғымдарының жиынтық мазмұнын білдіреді, тар мағынасында – сәттілік, істің көңілдегідей, ойдағыдай шығуы, тиімділік ұғымдарының баламасы ретінде қолданылады. Абыройдың ауызекі тілдегі «әбүйір» тұлғасы көбіне осы соңғы мәндерін білдіреді. Абырой – адам бойындағы ең асыл құндылықтардың бірі.
V.Қорыта келгенде, қазақтың философиялық ұғымдары адамды даналыққа, өнегелі болуға, сыйластыққа, кішіпейілділік пен қарапайымдылыққа, қамқор болуға, жанашыр болуға, шынайы, адал болуға, намысшыл, қайсар болуға, әділ болуға тәрбиелейді. Халық ауыз әдебиетінде сақталған адами құндылықтардың кереметтілігі қазақтың рухани философиясын бесік жырынан бастап, адамды о дүниеге аттандыру ғұрпына дейін әрбір жырына, әрбір дәстүріне, әрбір ырымына, әрбір даналық сөзіне жақсылыққа баулу мүддесімен сіңген.

173
485
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

bogdanlesja1
4,4(95 оценок)

публицистика

Объяснение:

Настя456598
4,8(89 оценок)

А 1.Еңбек мұратқа жеткізеді,

Жалқаулық абыройды кетіреді.

Б 1.Қосылды

2.Қатты

3.Жақын

4.Сенбейтін

5.Құрап,сусап

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS