Ответы на вопрос:
ОШумер, Сумер – Месопотамия ойпатының оңтүстігінде орналасқан ежелгі тарихи аймақ. Ол Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында, қазіргі Ирак аум-ның оңтүстік бөлігінде болған. Қазіргі күнге жеткен жазба деректер бойынша Шумерді — біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықтың соңында негізінен шумерлер және аздаған мөлшерде шығыс семиттер – аккадтар мекендеген. Аккадтар шамамен — біздің заманымыздан бұрын 2400 жылы Аккаде қ-ның негізін қалады. Осы уақыттан бастап Шумердің солтүстік облысы Аккад деп атала бастады. Джемдет-Наср және одан да ертеректегі Урук пен эль-Обейд археол. мәдениеттеріне тән ескерткіштер шумерлердің бұл аймақты біздің заманымыздан бұрын 5 – 4-мыңжылдықта мекендей бастағанын дәлелдейді. Шамамен біздің заманымыздан бұрын 3-мыңжылдықта Шумерде алғашқы мемлекеттік құрылым қалыптаса бастады. Зерттеушілер сына жазуы пайда болып, орныққан б.з.б. 2700 – 2300 жылы аралығын ерте әулеттік кезеңге жатқызады. Ол кезде бұл аймақта сыртында үлкен отбасылық қауымдар өмір сүрген көптеген қала-мемлекеттер құрылды. Ондағы негізгі халық толық құқық-ты қауым мүшелері мен оларға тәуелді қалалық ғибадатхана тұрғындары еді. Қалаларда дәулетті қауымдық ақсүйектер пайда болды. Шаруашылық жүргізу өзен суы және су қоймаларына жиналған жауын-шашын суын пайдаланып, егіншілікпен айналысуға негізделді. Сондықтан негізгі каналдар мен суландырылған жерлер үшін үздіксіз соғыстар жүргізіліп тұрды. Кейбір жекелеген қала-мемлекеттердің әскери көсемдері (ертеректегілерінен неғұрлым белгілері б.з.б., 28 – 27 ғ-лардағы Киштің, Уруктың І-әулетінің, кейіннен Ур, Лагаштың билеушілері, т.б.) көршілес қалаларға кезекпе-кезек үстемдік ете бастады. Қалалардың өз ішінде де билік үшін күрес жүріп жатты. Бұл күрестің неғұрлым белгілі көрінісі Лагаштағы б.з.б. 24 ғ-дағы Урукагинаның (Уруинимгинаның) реформалары болды.
Ерте әулеттік үлгідегі соңғы билеуші Лагашпен көршілес Умманың, кейіннен Уруктың билеушісі болған Лугальзагисси еді. Аккад патшасы Ежелгі Саргонға Умма, Урук пен Лагашты және Шумердің басқа да тәуелсіз мемлекеттерін бағындырудың сәті түсті. Ол Месопотамияда “дүниенің 4 мемлекеті патшалығын” (Аккад әулеті, б.з.б. 24 – 22 ғ.) құрды. Бұл мемлекет таулық кутий тайпаларының соққысынан құлады. біздің заманымыздан бұрын 22 ғ-дың соңында кутийлерді Урук патшасы Утухенгалем талқандады. Ол қайтыс болғаннан кейін билік Урдың ІІІ әулеті және “Шумер мен Аккад патшалығының” негізін салушы Ур-Наммға көшті. Бұл мемлекет аса көп шенеуніктер мен бақылаушылар аппаратымен басқаратын алып патшалық иеліктерге негізделді. Ондағы қызметшілер іс жүзінде құлдық жағдайға жеткізілді. Соның салдарынан қауымдардың шаруашылық, саяси және мәдени өмірі құлдырап кетті. Урдың ІІІ әулеті кезінде құдайлардың храмдары бір үлгіге келтірілді, патшалар көздерінің тірісінде құдайлармен теңестіріле бастады. біздің заманымыздан бұрын 2000 жылдар шамасында Урдың ІІІ әулеті батыс семит тайпалары – амориттер мен таулықтар – эламиттердің соққысынан құлады. Шумердің бұдан кейінгі тарихы Вавилон тарихымен тығыз байланысты.бъяснение:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: История
-
Виктория247809.07.2021 04:12
-
Mmmmmmlllll04.05.2022 15:27
-
voronavv2016p08wqy13.11.2020 22:20
-
fmksa200614.02.2023 09:39
-
plahowajana10.08.2022 07:45
-
frankovskaaalin20.07.2021 04:56
-
EkaterinaVNTOGLIATTI05.12.2022 06:35
-
uroolga10.02.2021 07:35
-
Ксения09507.01.2020 15:02
-
Marinochka01206.02.2020 13:35
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.