В зале театра 40 светильников: люстры и настенные бра. В каждой люстре 17 лампоч(-ек, -ки, -ка), в каждом бра — 3 лампочки. Число лампочек во всех люстрах равно числу лампочек во всех бра. Сколько люстр в зале? ответ: люстр(-ы).
Ответы на вопрос:
Жалайыр» этнонимі тарихы күрделі, «қырық рулы» қазақтың санасында сандаған ғасырлар бойы тереңдеп тамыр жайған біздің халқымыздың ғана емес, исі түркінің көкейінде орнығып қоныстанған мәртебелі де құрметті ұғым. Ата дәстүрі бойынша қазақтың Ұлы жүзінің қуаныш пен бақытқа кенелген, «ақ түйенің қарны ақтарылған» көл-көсір, үлкен тойларын төрде жалайыр отырғанда басқа ру-тайпалар өкілдерінің бастап беруге еш құқылары жоқ. Мұндайда қазағым «Жалайыр бар ма?» деген нақты сауалды ортаға тастар еді. Жалайырдан шыққан азамат суырылып шығып, тойды бастап берген соң ғана мерейлі мерекенің шат-шадыман толқынының тиегі ағытылып, ол өзінің буырқанған арнасын табар еді.

Мұның басты себебі Жалайыр тайпасының өзіндік ерекшеліктерінде ғана емес, оның Ұлы жүзде «ноқта аға» ретінде қадірленуінде, қастерленуінде, әспеттелуінде. ХІХ ғасырдың 80- ші жылдарында қазақтардың бітім-болмысын, дәстүр-салтын шұқшия да, қызыға зерттеген Н.И. Гродеков Жалайырдың «ноқта аға» атану тарихын түсіндіретін ел аузындағы алып- қашты аңыздарға тоқталған еді . Өкінішке орай, тәтті қиялдан өрбіген олар тарихи шындықты бейнелей алмайды. Сондықтан да аңыздар жетегінде кеткен зерттеуші шындықты таба қоймас.
«Алаш» тарихи-зерттеу орталығының тарихшы-ғалымдары жүргізген дербес және арнайы зерттеулер «ноқта аға» деген ұғымның «аға тайпа» деген мағынаны білдіретінін, ал жалайырлардың кейінгі қазақтың Ұлы жүзінде осында құрметке ие болу себебінің тарихи тамыры тереңде, сонау Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері заманынан бастау алатынын дәлелдей түсті. Жалайырлардың рулық таңбасының Шыңғыс тұқымымен бірдей болып келуі, ал жауынгерлік ұрандары «Бақтиярдың» бүкіл Ұлы жүзге ортақ болуы, ең соңында – олардың XIV ғасырдың алғашқы онжылдықтарында монғол билігін Шағатай ұлысында нығайта түскен Кебек хан тұсында «манақ» (шуманақ, сырманақ), яғни «сақшы», «күзетші» құқына ие болулары және т.б. қосымша деректер жоғарыдағы тұжырымның шынайылығына жол ашады.
Осы айтылғандардың өзі-ақ жалайырлар тарихының аса күрделілігін және ежелгі ортағасырлардан бастау алатынын дәлелдей түседі. Бұл өзі бірнеше кезеңдерден және тарихи белестерден тұратын, айтарлықтай ауқымды тарихи баян. Мұны кезінде жалайыр шежіресіне алғысөз жазған белгілі тарихшымыз М.Қ. Қойгелдиев байқап, жалайырдың шежіре тарихын төрт кезеңге: 1) керулен-түрік; 2) моңғолдық одақ құрамындағы; 3) шуманақ пен сырманақ атанған және 4) кейінгі жалайыр аталары өсіп-өнген кезеңдерге бөлген еді.
Осылайша кезеңдеу жалайыр тарихының өзіндік ерекшеліктерінен де хабардар етеді. Ал бұдан шығар қорытынды біреу: жалайыр тәрізді белгілі тайпалар тарихының ұңғыл-шұңғылын жеріне жеткізе зерттемей, қазақтың толыққанды тарихын жазу да мүмкін емес қой.
Жалайырдың шежіресін ғана емес, нақты тарихын да зерттеу біздің көзімізді мынаған жеткізді: бұл тарих бірнеше хронологиялық белестерді бастан өткізген үлкен тарих. Оларды кезеңдер бойынша баяндасақ былай болып шығады: алғашқы кезең – түркі дәуірін VI-Х ғасырларды қамтиды. Бұл осы тайпаның қалыптасу заманы. Тайпаны құрайтын рулардың Керулен мен Қалайыр немесе Жалайыр өзені бойында шоғырлана қоныстана бастаған тұсы. екінші кезең – XI-XII ғасырлар тайпаның жалайыр этнониміне ие болып, көршілеріне осы атаумен әйгіленген тұсы. Үшінші кезең – ХІІІ ғасыр – XIV ғасыр басы. Бұл монғол жаулауына белсене қатысу және әртүрлі бағыттардағы жорықтар кезінде ежелгі жалайыр тайпасының тоз-тоз болып ыдырау заманы. Төртінші кезең – XIV ғасыр басы – XV ғасырдың орта шені. Жалайырлардың қалдығы бұл тұста қайтадан екі өзен – Шу және Сыр бойында бас қосып «манақтар» атанды. Бесінші кезең – XV ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғасырға дейін. Бұл тұста жалайырлар қазақ атанған халықтың құрамынан өзіндік этникалық орнын тапты. Алтыншы кезең – XVIII ғасырдың орта шенінен XX ғасырдың 20-шы жылдарына дейін созылады. Бұл барлық қазақ ру-тайпалары тәрізді жалайырлардың Ресейге бодандықты бастан өткерген заманы.
Шындыққа бас иер болсақ, жалайыр тарихы қазақ тарихының «ақтаңдақтан» тұратын белгісіз беттері. Ал енді оны білмей қазақ тарихынан толық хабардармыз дей аламыз ба? Әрине, жоқ.
Барлық құқықтар қорғалған. EL.KZ белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://el.kz/news/archive/zhalayyr-_etnonimi_/
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Математика
-
Ksenia20066kislova18.02.2021 20:07
-
danier216.01.2022 23:15
-
dja4enkodanil1610.08.2022 05:35
-
LOLO22312.04.2020 13:43
-
luzgina1108.09.2022 16:47
-
Nikiton10111.07.2022 08:27
-
ktotot17.12.2021 10:21
-
sonya2006724.05.2023 11:25
-
PesBarboss08.02.2022 05:24
-
olgaluppo20.02.2020 04:18
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.