Қуаныш Мәден – жас өнертапқыш Мәтінді оқы. Мәтін қай үлгіде жазылған?
Қуаныш Мәден – жас өнертапқыш
Бұған дейін құбыр тазалайтын роботты ойлап тапқан шымкенттік оқушы жаңа жобаны қолға алмақ.
Ол патенттеген робот қашан қолданысқа беріледі? Ғарыштағы металл қалдықтарынан пайда болған қоқыстар несімен қауіпті? Кеңістікті қалай тазалауға болады? Бұл туралы өнертапқыш оқушы Forbes.kz тілшісіне берген сұхбатында айтып береді.
Тілші: Қуаныш, сен бұған дейін құбыр тазалайтын робот ойлап тапқан едің. Саған идея қалай және қай кезде келді? Не себеп болды?
- Мен Шымкенттегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысымын. 8 сыныпта оқып жүргенде, әдеттегідей таңғы сағат 7-де мектепке қарай шықтым. Бірақ қаламыздың Қонаев даңғылындағы орын алған үлкен көлік кептелісі нәтижесінде сабағыма кешігіп қалдым. Бірнеше күнге созылған апаттың себебі – бас даңғыл бойымен өтетін құбырлар жүйесінде орын алған жағдай. Сонда мені жұмыскерлер бригадасы даңғылдын белгілі бөлігін ғана қазып зерттеместен, керісінше автокөліктердін өтуіне неге үлкен кедергі туындатты деген сұрақ мазалады. Осы оқиға құбыр тазалағыш роботты істеуіме түрткі болды.
Тілші: Робот қалай жұмыс істейді, қалай қолданылады?
- Құбыр тазалағыш робот жүйедегі қозғалысты қамтамасыз ететін 4 арнайы және тазалағыш тізбекті іске қосатын қосымша 3 мотормен жабдықталған. Роботтың конструкциясы ашық болуына байланысты, құбырдағы ағыммен бір уақытта жұмыс істеуіне мүмкіндігі бар.
Тілші: Жобаның патенті қай кезде жасалды?
- 2019 жылдың тамыз айында патентке ие болдым. Роботтың құрылысы әмбебап болып келгендіктен, тазалау механизмің мұнай, кәріз және су жүйелерінде қолдануға болады.
Тілші: Байқауға қай кезде ұсындың? Нәтижесі қандай болды?
- Coca-Cola және Еуразия Қорының ұйымдастыруымен 2017 жылы өткен 321 старт атты Республикалық байқаудан 1 орын алдым және 1 млн тенге көлеміндегі қаржылай қолдауға ие болдым.
Тілші: Байқаудан ұтып алған 1 млн теңгені қайда және қандай мақсатқа жұмсадың?
- Қаржылай көмекке роботтың жұмыс істеуге арналған үлкен масштабтағы прототипін құрастыруды бастадым. Қажетті құрал саймандардың әлі өндірісте қолданылмайтындығы біршама қиындықтар туғызды. Сол себепті де осы қаржыға 3Д принтер және өзге де кәсіби станоктарды сатып алуға тура келді.
Тілші: Қытайға барып, Макаодағы байқауға қатысқаныңды білеміз. Ондағы нәтиже қандай болды?
- Біздің күншығыс еліне жасаған сапарымызды Халықаралық Ғылыми Бірлестіктердің орталығы ұйымдастырды. Байқау нәтижесінде инженерлік ілімдер категориясында жүлделі 2орынды иелендім.
Тілші: Елбасы Н. Назарбаевпен жүздескен екенсің. Тұңғыш президент саған не айтты?
- Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұнай экспортына маманданған ел екенін ескере отырып, осы жобаның келешегіне және жүзеге асатынына ықыласты екенін айтты.
Тілші: Болашақта қайда оқуды жоспарлаудасың?
- Оқуды бітіргеннен кейін Америка Құрама Штаттарының жоғарғы оқу орнына түсуді көздеп отырмын.
Тілші: Оқу орны белгілі ме?
- Иә, белгілі, Stanford. Инженерия, физика жане маркетинг бойынша білім алуды жоспарлап отырмын. Кейін Қазақстанға ораламын. Ал онда алған білімімді келешекте Қазақстанның игілігіне қолданамын.
Әңгіме
Сұхбат
Мақала
299
363
Ответы на вопрос:
Объяснение:
1) Мұражайда өзін ұстаудың негізгі ережесі қандай? Мүмкіндігінше тыныш болыңыз және заттарға қол тигізбеңіз.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
svetiksemisvetik200409.03.2023 07:27
-
akimkryt4221.04.2021 00:17
-
ник20078124.05.2020 01:35
-
мурgsng20.12.2022 10:35
-
попаоп09.10.2021 04:52
-
Aliy25111.12.2020 21:12
-
fagev10.12.2020 02:42
-
SofiZ200530.01.2021 00:40
-
wur1k11.04.2020 08:59
-
sashahyrik11.10.2020 00:34
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.