Есть ответ 👍

ответить на данные вопросы только под 1) , вообще не понятна мысль автора

145
431
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

aman196oyl319
4,8(71 оценок)

Объяснение:

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемендік, тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ үйлерінің, мейрамханалардың, т.б. жеке меншік иелері. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Табысқа және экономикалық жағдайға байланысты қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде ауқатты, дәулетті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық қатынастарының орын алуы ықпал етті. Қоғамда өмір сүру деңгейіне біліктілік, кәсіби дағдылар әсер етеді. Ғылыми деректер кәсіби мамандардың өмір сүру деңгейі жұмысшылардан жоғары екендігін дәлелдейді. Кедей және шамалы кедей отбасылар өздерінің қордаланған қиыншылықтарды жеңу үшін қыруар күш-жігерін салады. Кедейлердің көпшілігі (шамамен 60%) жұмыспен қамтылған халықтың қатарына тиесілі деп санайды. Яғни адамдар табысқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы өмір сүру деңгейіне жұмыс істеу арқылы қол жеткізе алмайды. Нарықта осындай деңгейдегі адамдарға жұмыспен қамтудың жоғары төленетін қызметті табу мүмкіндігі ашық болып көрінеді. Жалақы барлық жерде төмен, ал нарықтың қолайлы сегменттері төменгі санаттан шығушылар үшін жабық.

Батыс қоғамында орта және төменгі тап арасындағы шекара ол жоғары білім немесе біліктілік. Табыс деңгейі жоғары қызметкердің біліктілігі де жоғары. Жоғары өмір сүру стандартын қамтамасыз ету үшін: сапалы тұрғын үй, әртүрлі іс-шаралар мен дем алу, балалардың білімі және өз біліміне инвестициялау мүмкіндігі болуы қажет. Қазақстан қоғамында өмір сүру деңгейіне біліктілік, кәсіби дағдылар әсер етеді, бірақ олардың әсер ету шарасы азырақ сезіледі. Жоғары білімі жоқ қызметкерлер тобынының үлесі, орта тапқа тиесілі бола алатын адамдардың үлесі 31,4% тең, ал жоғары білімді мамандар тобы 40,5%. Жоғары таптағы басшылық арасындағылардың бестен бірінің қаржылық мәселелері жоқ санатқа жатқызылады, ал 57,4% олар үшін мәселелер тек қана қымбат заттар – жаңа иномарк, коттедж, пәтер болып табылады. Өмір сүру деңгейі мамандар деңгейіне қарағанда жоғарырақ тағы бір топ ол – кәсіпкерлер. Оған шамамен үштен екісі ғана кіреді және олар үшін мәселе қымбат заттар сатып алу, ал шамамен 10% қандай да бір қаржылық мәселелері кездеспейтін адамдар.

Басқарушының билігі көп болған сайын, оның құзыретіде көбірек, оның билігі кәсіпорын қызметіне көп әсер етеді. Кәсіпорынның активтерінің 50% немесе оданда көбіне ие респонденттер, басқару шешімдерінде макcималды ықпал етеді, олардың қатысуынсыз ешқандай шешімдер қабылданбайды. Активтердің 5% кім ие болса оның мүмкіндіктері зор болады. Меншік иелері сондай - ақ олардың жұмысқа тәуелсіздік деңгейін көрсетеді. Олар өздеріне жалақы мөлшерін, демалыс уақытын, жұмысқа келіп кету уақытын орнатады. Сонымен менеджерлерді екі типке бөлеміз – «жеке басқарушылар» және «жалдамалы менеджерлер». Басқарудағы негізгі рөлді жалдамалы менеджер атқарады. Қазақстанда жекешелендіру кезінде сенімді тұлғаларға бөліп беру принципі бойынша XIX ғасырдағы батыс экономикасы еңсерген жағдайға алып келді.

Кәсіпорын иесінің қызығушылығы максималды табысқа жету, табыстарды бөлу еңбекақы қорынан немесе технологиялық жаңарту есебінен жүзеге асырылады. Осы саясатты жүзеге асыруда кеңестік дәстүр жалдамалы жұмысшыларға жоғары емес жалақы төлеу, оларды көп талап қоймауға үйрету арқылы ықпал етті. Бірақ кеңестік заманда жұмысшының жалақысы толықтай төленбесе де, көп қаражат ауқымды әлеуметтік инфрақұрылымды қолдау үшін – тегін медицина, білім беру, мәдениет, спорт саласына жұмсалды. Қазіргі жағдайдағы жалдамалы жұмысшылар жоғары жалақы төленетін жаңа орта тапты құрайды. Жоғарыда айтылғандай мамандардың әлеуметтік тобының өмір сүру деңгейі біркелкі емес. Олардың шамамен үштен бір бөлігі орта тап, ал қалғаны – аз қамтылған халық. Стратификацияға бірқатар факторлар, бірінші кезекте секторлар, экономикалық сала, жасы және жынысы әсер етеді. Осылайша табыстың көп бөлігі экономиканың жеке секторындағы мамандарда. Маман қаншалықты тәуелсіз болса, табысы соншалықты төмен болады. әлеуметтік қатынастар кәсіпорын ішінде қалыптасады, кәсіпорын иесі мен жалдамалы қарым - қатынастарға негізделеді. ұзақ және қысқа мерзімді ақшалай мәселелерді шешу, әлеуметтік институттар жүйесінің дамыту, орта таптың қалыптасуы серпінді мақсатты көздеген бизнес және мемлекет саясаты жағдайында іске асады

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: История

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS