Ответы на вопрос:
Сал-сері — дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше өнерпаздықпен байланысты ұғым. Сал сөзінің этимологиясы серіктес жігіттерімен ауылға таяғанда әдейі аттан құлап, ауыл қыздары үйге көтеріп алып кіргенше сал болған адамша тырп етпей жата беретін іс-әрекеттен туындаған. Сал айрықша киімдерімен ерекшеленген. Зерттеуші Ә.Диваев “Салдың үстіне киген киімі халық кимеген түрден болады. Егер ол киген киімді халық кисе, оны кимей, қарақұрым киізден киім қылып киеді екен” дейді. Ел аузында салдардың паң жүрісі, тәкаппар мінездері, киім киістері, сән-салтанаты туралы аңыз-әңгімелер көп. Мысалы, Жетісу өңірінде “Дәурен салдың белбеуіндей” деген теңеу қалыптасқан. Ол Ілені кешіп өткенде белбеуінің бір ұшы арғы жағада екінші ұшы бергі жағада қалады екен деген аңыз бар. Арқадан шыққан Қаспақ сал атын шәйі шүберекпен тұсаса, кей салдардың аттарына шөп орнына мейіз, су орнына бие сүтін беретінін ел аңыз қылып айтады. Қазақ халқының ежелгі салттарының бірі — салдық салыстыру. Бәсекеге түскен салдардың іс-әрекет, қылықтары басқа адамдар үшін ақылға сыйымсыз, ерсі көрінуі мүмкін. Бәсеке кезінде астындағы атын әп-сәтте бауыздап тастау, т.б. іс-әрекеттер орындалған. Салдық салыстыру кезінде кісілік, жомарттық, мәрттік, т.б. өнер түрлері сыналған. Мысалы, К.Әзірбаевтан жазып алынған Дәурен мен Қырмызы салдардың бәсекесін айтуға болады. Салдар сайқымазақ, қу-әзілкештер секілді елді күлдіріп, думандатып жүрген. Салдар сияқты серілер де қымбат матадан киім киіп, арғымақ ат мініп, бүркіт баптап, құс салып, қасындағы жігіт-желеңімен ел аралаған. Бірақ салдарға тән ерсі мінез, аттан құлау, елден ерекше күлкілі киімдер кию тәрізді іс-әрекеттер жасамаған. Серілер таза, етек-жеңі жинақы киінген, кербез, паң мінездерімен оқшауланып, жомарттық, алғырлық, білімдарлық қасиеттерімен ерекшеленген, өнер жолына беріліп, сауық құрып, аңшылық-саятшылықпен айналысқан. Серілер репертуары салдардікінен едәуір аз болған, олар лирикалық әндер, мақтау өлеңдер шығарып, айтыстарға түскен. Серілерді сал типінің негізінде өткен ғасырда қалыптасқан өнер иелерінің жаңа түрі деуге болады. Сал-серілер топтаса жүріп, ауыл-ауылды аралаған, ақын, әнші, балуан, т.б. өнерпаз серіктері қатар жүрген. Серілердің бірдей ат мінуі, біртектес киім киюі, салдардың елден ерек, алабажақ киімі, басындағы үкісі де көшпелі дала әртістеріндей әсер қалдырған.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Музыка
-
skladnova0303.04.2023 01:57
-
zejbelanka18.10.2022 07:46
-
Cанек301708.06.2020 15:58
-
yuyornevzkoxkdhd54304.11.2020 18:08
-
lyubimuchkaozd15q10.04.2022 14:28
-
polinasparrow02.06.2020 05:18
-
Даріна1111111127.03.2021 09:04
-
didisa028214.06.2021 23:23
-
массисо21.12.2022 22:49
-
mariaspassckay02.06.2020 11:22
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.