Мақаланың түрін анықта. Майқы би – аңызға айналған тарихи тұлға, атақты би, шешен. Шежірелерде Майқы би деген атпен өмір сүрген бірнеше тұлға кездеседі. Кейбір зерттеушілер оны б.з.б. үйсін мемлекеті билеушілерінің бірі деп есептейді. Ол Майқы би Мəнұлы деген атпен б.з.б. 178-89 жылы өмір сүрген жəне аңыз бойынша би атанған тұңғыш адам. Шежірелерде кездесетін екінші Майқы би Төбейұлы (1105-1225) Шыңғыс ханның замандасы, əрі оны хан көтерген 12-бидің бірі. Парсы тарихшысы Рашид ад-Диннің «Жамиғат-тауарих» атты шығармасында (қошындық Байқу деген атпен) Майқы би Шыңғыс ханның оң қолы, ел басқару ісіндегі ақылшысы, бас би болғаны, Жошы хан əскерінің оң қанатын басқарғаны айтылады. Осы дерек моңғол жылнамасы «Алтын тобчида» да бар. Кейбір халық аңыздарында Майқы бидің Орманбет би өліп, он сан ноғайлы ел бүлінгенде қазақ ұлысын құрған жəне қазақтың үш жүзіне таңба үлестіріп берген абыз-би болғандығы айтылады. Жалпы, Майқы би есімі қазақтардың шығу тегі жөніндегі көптеген аңыздарда жиі кездеседі жəне Дешті Қыпшақта түркі қауымдарының негізін құрушы ретінде ұдайы айтылады. Шежіре деректері бойынша, Ақарыстан (Ұлы жүздің арғы атасы) Ұзынсақал Ыбырайым, одан Кейкі би, одан Төле би, одан Қойылдыр, Қоғам, Майқы, Мекре тарайды. Кейбір шежірелер Майқы биді барша үйсіннің бабасы етіп, Ұлы жүздің шежіресін содан таратады. Халықтың əдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын заңи қағидаға айналдыруда Майқы бидің алатын орны ерекше. Ол халық бірлігін бəрінен де жоғары қойған. «Бірліксіз – тірлік жоқ» деген аталы сөз де Майқы бидің аузынан шыққан. Майқы бидің пікірінше, мемлекеттік бірлестіктер халықтың салт-дəстүрі мен əдет-ғұрпы бойынша басқарылуы тиіс. Ұмыт болған дəстүрлердің де өзіндік мəн-мағынасы бар. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы – Майқы би» деген нақыл бар. Майқы би түркі халықтары əлі бөлінбей тұрған кезде өмір сүріп, əділдігімен, шешендігімен жалпы түркілік қайраткер дəрежесіне көтерілген. Майқы биді өзбек, татар, башқұрт, қарақалпақ халықтары да өз биі деп есептейді. Бұған бидің Қойылдыр, Мекре есімді балаларының осы халықтар арасына сіңісіп кетуі себеп болса керек. Майқы би ұзақ ғұмыр сүріп, 120 жасында қайтыс болған. «Майқы би айтыпты» дейтін мақал, нақылға айналып кеткен сөздер көп. Майқы би «Кімнен кім туады?» деген сұраққа былай жауап берген екен:
«Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақпас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады».
281
451
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: История
-
Diana11111111203.11.2022 21:08
-
roman555555425.04.2022 00:38
-
olegykoleg26.05.2021 13:11
-
va1k11.04.2023 03:30
-
Dori4848607.09.2022 08:48
-
shaxrizat129.09.2020 01:06
-
snaiperkiling22.06.2021 08:02
-
Фейз17.08.2020 12:08
-
vikasivak02p08wjc23.06.2020 12:32
-
Shkolaetopolniyad16.02.2021 22:00
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.