Ответы на вопрос:
Менің сүйікті жазушым Абай Құнанбаев. Ол кісі тек қана жазушы емес,ол- филов, ақын әрі жазушы . Быйыл Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойын тойлаудамыз. Менің жүрегімде Абайдың айтқан сөздері әлі қалған . Әсіресе Абайдың 18 қара сөзі ойлы. Мен Абай атамыздың қара сөздерін айтып әр түрлі конкурстарға қатысқанмын . Бәрінен 1 орын алдым ....... (дальше сами )
ответ:Менің ең сүйікті жазушым Абай Құнанбаев.Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын қазынасы. Абайдың сөзі – халықтың бойтұмары. Заман, уақыт талабына сай Абайды жаңа қырынан тану – өмір заңдылығы деп білемін. Абай өңі қараторы, екі көзі тостағандай әрі өткір, кең маңдайлы, дембелше бойлы бала болыпты. Мінез жағынан ширақ, өткір, аңқаулығы мен тентектігі де аралас болса керек. Әсіресе ол аса ұғымтал, бір көргені мен естігенін ұмытпайтын зерделілігімен айрықша көзге түсетін. Кейін кемеңгер Абай адамның ең жақсы қасиетіне санаған "білмекке құмарлық" өзінің туа біткен мінезі десе де болғандай. Оның бала кезін білетіндерден қалған сөзге Қарағанда, Абай ертегі-аңыздар, ел ішінің өткен өмірінен қалған алуан түрлі әңгімелер, өлең-жырлар десе, ішкен асын жерге қояды екен. Мұндайда көп мазалайтыны сондай әңгіме-хикаяларды, әсіресе ертегілерді көп білетін әрі нақышына келтіріп жалықпай айтатын өзінің әжесі еді. Шешесі Ұлжан да ара-тұра хикая құмар ұлына ел ішінің күлкілі оқиғаларын мысқыл, сықақ қоса отырып, кызықты етіп әңгімелеп беретін. Кең-байтақ қазақ жерінің шығысындағы бір құтты қоныс, қасиетті аймақ ол кезде Семей облысы аталатын. Соның төскей төрінде көне тарихтың үнсіз куәсі — әйгілі Шыңғыс тауы жатыр мұнартып. Сол таудың көп бұлақ, көк өзенді жал-жоталары ақбоз үйлер мен төрт түлік малға толы жаз кезі-тін. Осы қалың ел ішіндегі көкмайса көркем қоныстағы бір ауылдың сәулеті өзгеше, сонысынан да ма, аздап сұстылау көрінетін. Міне, сол ауылда, 1845 жылдың тамыз айында нәресте дүниеге келді. Нәрестенің өмірге келуі, оның үстіне — ұл болуы — ол заманның қазағы үшін тіптен ерекше қуаныш еді. Ел молдасы азан айтып, баланың құлағына үш рет айқайлап, атын қойды. Былайғы қалың қазақтың қарапайым тілімен Ыбырайым демей, нәресте туған үйдің өзгешелігіне бейімдеп — арабшасына жақындата Ибраһим деп атады. Құрметті ақсақалдар мен ажары ашық бәйбішелер бала туған үлкен ақ үйге кіріп: "Бауы берік болсын! Ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" — десіп жатты. Шынында да, бұл баланың ата-бабалары өте атақты болатын. Арғы түбін айтпағанның өзінде, жас Ибраһимнің туған атасы әйгілі Өскенбай би еді. Ол кісі бұ күнде дүниеден қайтқан. Шыр етіп түскен сәбиді етегіне орап, көтеріп алған мейірбан жүзді қарт әйел, әне, сол қадірлі бидің бәйбішесі, яғни мына сәбидің туған әжесі Зере болатын. Әкесі — Өскенбай бидің өжет баласы, жасында жау түсіргіш қарулы жігіт болған, бүгінде ел "қарадан хан болған" деп марапаттайтын аға сұлтан Құнанбай-тын. Шешесі мінезге бай, ауылға жайлы, сонысымен аса сыйлы Ұлжан бәйбіше еді. Бұл кісі де текті жерден шыққан. Әсіресе өткір сықақ-мысқылға жүйріктігімен аты шыққан елдің қызы. Абайдың біреудің мінін ащы тілмен, ажуа-мысқылмен мінегіштігі шешесінің төркіндерінен — нағашы жұртынан жұққан десетін жұрт. Әлгінде үлкендер жаңа туған нәрестеге "ата-бабаларындай атақты, абыройлы болсын!" дегенде, меңзеп отырғандары осылар болатын
Объяснение:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
bodik22814.03.2023 22:18
-
andreyzher77702.03.2021 16:30
-
Grister55528.09.2020 14:53
-
volgakup15.05.2022 01:41
-
tarasgorodchukowd1fp10.08.2021 13:06
-
ZLATA006106.03.2022 03:13
-
renatamur20051806.12.2021 00:11
-
buschckovaanas15.05.2021 11:50
-
Cracolla115.12.2021 04:09
-
liongkimololo23.09.2021 15:12
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.