Есть ответ 👍

1-тапсырма. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Үзіндіні тыңдап, ондағы дәйексөздерге сүйеніп, көтерілетін мәселені болжаңыздар. (Дәйексөздер саны:3)

Аудиовизуалды тыңдалым: Көне түркі жазбалары

Мәтін. Көне түркі руника жазуы

Алфавиттік жазудың пайда болу тарихы, шығу тегі өте күрделі әрі шешілмеген жұмбақтарға толы. Өйткені алфавиттік жазу дүниежүзі мәдениетінің қол жеткен орасан зор табысы болса, бұл мәдени мұраға біздің ата-бабаларымыз да өзіндік үлес қосып, келер ұрпаққа мирас еткен. Алғашқы әріп жазуының бір тармағы руникалық көне түркі алфавиті болып табылады. Бұл алфавитпен жазылған ескерткіштер – көне түркі тайпаларының жоғары тіл мәдениеті мен білім өресінің ауыз толтырып айтарлықтай көрсеткіші.

Осы ескерткіштердің бүгінде мәлім болған аймақтары Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы екені айқындалып отыр. Мұндағы жазу таңбаларын ғалымдар алғашқы табылған жердегі өзен аттарымен «Орхон-Енисей жазуы» немесе сыртқы нұсқалық көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан, оның «құпия» таңбаларына балап руникалық деп атап кетті.

Талай ғалымдарды тамсандырып, сырын ішке бүккен асыл мұраның әлі де айтары көп екені даусыз. Көне түркі руникалық жазуы – дүниежүзілік мәдениетпен ұштастырып, тамыры тереңде жатқан асыл қазына.

Көне түркі тіліндегі руникалық жазуларды тек тастарға қашау әдісімен ғана емес, үй жиһаздары, түрлі бұйымдарға да ойып жазылғандығы айқындала түсті. Сазбалшықтан ыдыс-аяқтар мен құмыраларға кескінделген руникалық бірнеше жазулар Ферғанада және Дон өзенінің құйылысынан табылды. Алтай мен Хакасиядағы ескі мола-қорымдарды қазғанда археологтер алтын, күміс табақтар мен құмыра, тостағаншаларға және күміс қапсырмаға ойылған руникалық жазулардың куәсі болды.

Кең тараған руникалық жазудың VIII-IX ғасырларды қағазға жазылған нұсқаларын Шығыс Түркістаннан ХХ ғасырдың бас кезінде ұйымдастырылған археологиялық экспедициялар айқындады десек, Алатаудың оңтүстік өңіріндегі Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойып жазылған нұсқасы табылды.

Руникалық көне түркі алфавитінің құрамында 35 әріп бар. Жазудың бағыты оңнан солға қарай оқылады. Көне грек жазуы да ең алғашында оңнан солға қарай, екінші жолы солдан оңға қарай жазылатын гректің «бустрофедон» деген жазуы пайда болған.

Көне түркі жазулары, негізінен, осылайша оңнан солға қарай жазылғанмен, Енисей өзенінің бойындағы бірен-саран ескерткіштерде керісінше солдан оңға қарай жазылатын нұсқалары да кездеседі.

А.Аманжолов

Бағалау критерийлері

Дескриптор

-оқылған мәтін ақпараттарын пайдалана отырып жинақы мәтін жаза алады

-мәтінді мұқият оқиды;

-мәтін бөліктерінен ақпараттар жинақтайды;

-мәтіннің құрылымын сақтап, аннотация жазады;

Бағалау критерийі

Дескриптор

-мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжайды.

-үзіндіні мұқият тыңдайды.

-дәйексөздерді өзіне түртіп алады;

-көтерілетін мәселені болжайды;

-өз пікірін айтады.​

220
490
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

armanovi05
4,6(61 оценок)

Өзің спортшылардан кімді ұнатасың сол туралы сызба сал мысалға роналду - мықты - әдемі алдайды дегендей сияқты сызба сал

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS