Gotaur
29.06.2020 20:07
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

1 тапсырма Тест 1. Мына сөздердің ішінен біріккен сөзді көрсетіңіз. А.Әкеміз В.Жасампаз С.Жолсерік 2. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз болып келетін қос сөзді табыңыз. А.Іші-сырты В.Бала-шаға С.Азды-көпті 3.Екі сыңары да мағыналы қос сөзді табыңыз. А. Тоқты-торым В. Құрбы-құрдас С.Жүн-жұрқа 4. Біріккен сөзді табыңыз. А.Соңғы( сөз) В.Ат (шана) С.Еңбек(күн) 5. Біріккен сөзді табыңыз А.Жастар В.Өнім С.Екібастұз 6. Қосарлама қос сөзді табыңдар. А)мал -жан, дос- жаран В)көре- көре, бара- бара С)сөйлей- сөйлей , мая- мая Д)бет-бетімен, жақ- жаққа 7. Біріккен сөздерді табыңдар. А)арбакеш, қаржыгер В)кітапхана, кәсіпкер С)бағдаршам , шекара Д)сәнқой , талапкер 8.Кіріккен сөзді табыңдар. А)ала жаздай В)бүгін С)күзгі Д)кеше 9.Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз қос сөздерді табыңдар. А)бақа- шаян, құрт- құмырсқа В)ығы-жығы, ғылыми -әдістемелік С)бала-шаға, келін- кепшік Д)алуан -алуан, сырт- сырт, 10.Кіріккен сөздерді табыңдар. А)жұлдызқұрт, белбеу, бақбақ В)ұшқыр, адамгершілік, көңілді С)қосымша, туысқан, ала жаздай Д)биыл, жаздыгүні, бүгін 11.Сөздердің қосарлануы немесе қайталануы арқылы жасалған күрделі сөздер қалай аталады? А)қос сөздер В)біріккен сөздер С)қысқарған сөздер Д)түбір сөздер 2 тапсырма Мына сөздерден біріккен сөздер жасаңыздар. Жез, қорған, талды, тау, көк, ала, өніс, ақ, су, төбе, теке, қазған. Қозы, тас, құйрық, көз, қазық, қала, бота, темір, құмалақ, қазақ, ас, тоғыз, ұл, сүйек, табар, ақ, гүл, ай, сай, қара, бас,екі, тұз 3 тапсырма Мәтіннен біріккен сөздерді тауып жазыңыздар. Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі кездеседі. Қазақстандағы Тянь-Шань тауының Хан Тәңірі шыңы. Оның биіктігі - 6996 метр. Республиканың ең көрікті жерлерінің бірі Қарқаралы. Қарқаралы Қарағанды облысына қарайды. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Орманды, тоғайлы жер. Қаланы орман, тоғай қоршап тұрады. Тоғай ішінің ауасы мен жемісі адамға шипа. Сондықтан да бірнеше демалыс орындары, санаторий салынған. Олардың іші таза, жарық, кең, биік. Бұл демалыс орындары мен санаторийге жылына жүздеген адамдар келіп дем алады, емделеді. Қазақстан территориясының үлкендігіне қарай ауа райы да әр түрлі. Табиғаттың әсемдігін көріп, сүйе білетін адам, оны қорғаудың қажеттігін сезініп, түсінеді. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі –табиғат. Табиғаты әсем сұлу қалалардың қатарында Алматы қаласын жатқызуға болады. Алматы - Алатаудың қасында орналасқан. Алатау - биік, әдемі тау. Алатауда Медеу спорт кешені бар. Халық әр жексенбіде Медеуге барып демалады. Оқушылар, студенттер Медеуге көп барады. Медеуге үлкен кісілер де, сырттан келген қонақтар да барды. Алатаудың басында қысы-жазы қар жатады. Қазақстандағы ең биік тау - Алатау тауы. Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Бұл Сарыарқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы. Олар суының тазалығымен, тауларымен, қарағайлы-қайыңды ормандарымен ерекшеленеді. Алғашқы демалыс орны 1810 жылы Бурабай көлі жағасында ашылған. Бурабайда биші қайыңдар өседі. Көкшетауда табиғат күштерінің әсерінен әр түрлі пішінге ие болған тастар бар. Оларға қызықты аңыз-әңгімелері көп әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтас және биіктігі шамамен 1000 м жуық, алыстан көрінетін Көкшетау тасы жатады. Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында орналасқан. Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар. Республиканың оңтүстік-батысында Маңқыстау түбегі орналасқан. Маңқыстаудың шығысында Үстірт шөлді қыраты (биіктігі 340 м-ге дейін) бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Орал тауының оңтүстік сілемдері мен Мұғалжар (биіктігі 657 м) таулары бар. Ал Мұғалжардың солтүстік-шығысында Торғай қыраты (биіктігі 200-400 м) бар, бұл қырат оңтүстікте Тұран ойпатына Қызылқұм (биіктігі 53-332 м) кіреді. Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр. Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың жұрнағы сияқты. Сарыарқада Қарқаралы (1,366 м), Ұлытау (1,133 м) т.б. тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетбақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетбақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу деп аталады. Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай тауларының сілемдері, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының (4,463 м) жоталары орналасқан.

179
341
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

tom159753
4,6(23 оценок)

Пернетакта-клавиатура жуйелик блок-процессор

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS