1. Буын үндестігі сақталмаған сөзді көрсетіңіз. А) Оқушы. В) Орман. С) Ғарышкер. Д) Мектеп.
2.Тырнақшаға алынып жазылатын жалқы есімді көрсетіңіз.
А) Абай, Балбырауын. В) Іле, Лепсі.
С) Амангелді,Ақбота. Д) Қарағанды, Жетісу.
3.Еш сөзі арқылы жасалатын есімдіктің түрін табыңыз.
А) Болымсыздық. В) Жалпылау. С) Сілтеу. Д) Сұрау.
4.Диалект сөзді табыңыз.
А) Нағашы. B) Құдағай. C) Бөле. D) Абысын.
5. Көнерген сөзді сөйлемді көрсетіңіз.
А) Оңтүстікте қыс тез өтеді.
B) Кәрі тарих – кәрі шежіре.
C) Болыс сайлауы болады деген лақап жұртқа тез тарады.
E) Біраздан кейін көзден біржола ғайып болды.
6.Әріптің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Үннен ғана тұратын дыбыстар. B) Дыбыстық жақты зерттейтін.
C) Дыбыстың жазудағы таңбасы. D) Алиф пен би атауларының бірігуі.
7. Қаратпа сөзді сөйлемді белгілеңіз.
A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды. B) Керуен басы – Жәнібек!
C) Ойла, шырағым, еліңнің жайын. D) Теңіз толқыны күшейді.
8. Кәсіби сөзді табыңыз.
А) Жапырақ, гүлдесте. B) Қоза, терімші. C) Өсімдік, жеміс-жидек.
D) Жүзім, құлпынай.
9. Есімдерден жасалған туынды етістікті белгіле.
А) Есім. В) Елпілде. С) Қалашыл. Д) Бағала.
10. «Мыс», «міс» - шылауларының мағынасын анықта.
А) Лептік. В) Шектік. С) Күшейткіш. Д) Болжалдық.
11. «Арманыма» - сөзіндегі соңғы қосымшаны тап.
А) Жіктік жалғау. В) Барыс септік. С) Тәуелдік жалғау.
Д) Көптік жалғау.
12. Бірге жазылатын сөзді көрсет.
А) Сыр дария, Жиренше шешен. В) Қара қыпшақ, қалам ақы.
С) Тыйым салу, кәсіп одақ. Д) Қол таңба, оқу орны.
13. Көптік жалғауының дұрыс жалғанбағанын көрсет.
А) Балалар. В) Құрылысшылар. С) Газеттер. . Д) Ұндар.
14. Түбір тұлғасы өзгеріске ұшырап біріккен сөзді тап.
А) Алатау. В) Әкел. С) Мұратәлі. Д) Кейбір.
15. Көмектес септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеуді белгіле.
А) Баяғыда. В) Әрең-әрең. С) Кеңінен. Д) Кезекпен.
16. Күшейткіш демеулікті тап.
А) дейін В) сайын С) –ау Д) ше
17. Қосымшалы қос сөзді көрсет.
А) Балалы-шағалы. + В) Үп-үлкен. С) Қып-қызыл. Д) Төбе-төбе.
18. Негізгі екі буыннан құралған еліктеуіш сөзді көрсет.
А) Лып. В) Қыңқ. С) Тыртың. Д) Күмп.
19. Күрделі сөзді көрсет.
А) Қабырғаңмен кеңес. В) Тіс жармады. С) Таза киім.
Д) Жүріп келе жатыр еді.
20. Заттық ұғымның атауы болатын сөзді тап.
А) Әлдеқалай, солай. В) Көрген, көрер. С) Анау, сонау.
Д) Сіз, сенен.
21. Омоним сөздер қатарын табыңыз.
А) Тартпа, көршi, бөлме B) Табиғат, тау, дала C) Қант, май, шай D) Кел, ал, бер
22. Еркiн сөз тiркесiн көрсетiңiз.
А) Су жүрек B) Қас пен көздiң арасы C) Тас бауыр
D) Түйме қадау
23.Үндестiк заңына бағынбай тұрған сөздi көрсетiңiз.
А) Қонақжай B) Ақылды C) Бөлме D) өнерпаз
24. Түбiр сөздер тобын табыңыз.
А) доcтық, ғылыми, бөлiмде В) сары, жүрек, бала С) аударған, оған, бiлiктi D) тiлегiм, сезiм, көңiлi
25. Жiктеу есiмдiктерi қатарын белгiлеңiз.
А) ешкiм, мынау, соған, мынаған В) барлық, осы, ешқашан, мынау
С) бiздiкi, менде, сенiң, оларға D) түгел, бұны, соның, барша
26. Қазақ тілі ... тобына жатады.
а) славян тілдері в) қыпшақ-ноғай с) парсы тілдері д) араб тілдері
27. Вербалды қатынас дегеніміз не?
А) Тілдік қатынас В) Тілсіз қатынас С) Жалпы қарым - қатынас Д) Тыңдай білу
28. Ауызша сөйлеу тілдің де, жазба тілдің де дамуына ортақ негізді көрсетіңіздер.
А) Ғылыми терминдер В) Жалпыхалықтық тіл. С) Диалектілер Д) Афоризмдер
29. Ресми стильге жататын қатарды көрсетіңіз.
A) Өтініш, сенімхат, қолхат.
B) Көркем шығарма.
C) Газет-журнал тілі.
D) Ғылыми шығармалар.
Ответы на вопрос:
Үркер — (астрономиялық аталуы М45) Торпақ шоқжұлдызындағы алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз шоғыры. Әдетте Үркердің жай көзбен ең жарық 9 жұлдызын көруге болады. Ал, ерекше жағдайда жай көзбен 14 жұлдызға дейін көрінеді. Шарль Мессье бұл шашыранды Үйіржұлдыздың орнын анықтады және өзінің 1771 ж. шығарған жұлдыздар каталогында Үркерді M45 деген аталыммен каталогқа енгізді.[1]
Үркер үйірінің көріну диаметрі шамамен 2°, ол дөңкіш пішінде. Бұл жұлдыз шоғырында қосаржұлдыздарды есептемегенде, шамамен 1000 шақты жұлдыз бар екені анықталған. Ол жас және жылжымалы жұлдыз үйірі есептеледі. Оның тұмандығы жер шарына өте жақын және өзі де жер шары тұрғындарына өте таныс.

Небра аспан тақтасы, б.з.д.1600ж. жасалған. Оң жақ үстінгі бөлігіндегі топты жұлдыз Үркер деп есептеледі.
Көк түсті жоғары темпратуралы тұрақты жұлдызды негіз еткен бұл Үйіржұлдыз шоғыры шамамен 100 млн жыл бұрын қалыптасқан екен. Ұсақ тозаңдардан құралған тұмандық осынау жарық жұлдыздар шоғыры төңірегін айналып жатыр. Бұрынғы түсіндіру бойынша, тозаңдар үйіржұлдыз қалыптасқан кезден қалған делінсе, ең жаңа түсіндіру бойынша бұл жұлдыз үйіріне қатысы жоқ алып тозаңдар бұлты осы өңірден өтіп бара жатқан көрінеді. Астрономдардың болжауы бойынша, бұл үйіржұлдыз шамамен әлі де 250 млн жыл өмір сүреді де, сосын Құс жолының тартылыс күшінде ыдырап, өзіне таяу жұлдыз жүйелеріне араласып кетеді.
Үркердің ең жарық жұлдызы — Альциона. Үркердің басқа жарық жұлдыздары сияқты Альциона да В спектрлік класындағы ыстық жұлдыздар қатарына жатады. Ұзақ уақыт түсірілген суреттерден Үркердегі жарық жұлдыздардың төңірегінде үлкен тозаңды тұмандықтың бір бөлігі жақсы көрінеді. Үркердің диаметрі шамамен 12 жарық жылы. Жерге дейінгі ара қашықтығы 440 жарық жылы немесе 135 парсектен көбірек. Жұлдыз шоғырындағы барлық жұлдыздар кеңістікте параллель траекториямен қозғалады.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Патригг29.06.2023 15:57
-
VADioG18.10.2022 14:46
-
КАНЯ111111111105.07.2021 12:53
-
ольга172314.03.2022 02:22
-
EsMiLe199921.07.2020 18:00
-
stefka200121.04.2023 23:08
-
Pavlo124831.05.2020 22:23
-
pestowasonya15.03.2020 10:20
-
karinaklinaeva22.10.2022 04:41
-
Artem346026.03.2020 00:23
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.