sab435
07.03.2022 15:37
Биология
Есть ответ 👍

баллов
А деңгейі.
Бір дұрыс жауапты таңда.

1.Мутациялық өзгергіштікте жасуша құрылымының қандай заты өзгереді.
а) крахмал
б) дезоксирибонуклеин қышқылы
в) транспорттық РНК
г) рибосомалық РНК
2.Селекцияда жеке сұрыптау, жаппай сұрыптауға қарағанда эффективті, себебі ол өтеді:
а) генотипі бойынша
б) сыртқы ортаның әсерінен
в) адамның әсерінен
г) фенотип бойынша
3. Түрдің морфологиялық критериі – бұл:
а) оның таралу аймағы
б) тіршілік процестерінің ерекшеліктері
в) сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері
г) хромосомалар және гендердің белгілі жиынтығы
4.Түрлерде жаңа белгілердің қалыптасу қасиеті, және түр ішінде даралардың өзара айырмашылығы– бұл құбылыс:
а) тұқымқуалаушылық
б) тіршілік үшін күрес
в) жеке дамуы
г) өзгергіштік
5. Жануарлар түрінің қоршаған ортаға бейімделуі –ол нәтижесі:
а) ұрпағына қамқорлықтың
б) мүшелердің жаттығуы
в) кездейсоқ тұқымқуалаушылық өзгергіштікті іріктеудің
г) популяция дараларының жоғары саны
6. Мимикрия деп қорғаныш реңнің қай типін атайды.
а) денені бөлшектейтін рең
б) организмнің улы және жеуге жарамсыздығы туралы белгі беретін рең
в) бір түрдің әлсіз қорғалған түрлерінің басқа түрдің жақсы қорғалған түрлерінің реңдерімен ұқсастығы
г) жануарлардың дене пішіні мен түсі қоршаған орта заттарына ұқсас болу арқылы бейімделуі
7. Кейбір үңгір жануарларында пигменттердің жойылуы және көру мүшелерінің редукциясы-ол мысалы:
а) ароморфоздың
б) биологиялық регрестің
в) биологиялық прогрестің
г) дегенерацияның
8. Шаңжапырақтәрізділердің Жер табиғатының тарихында пайда болғаны туралы дәлелдеме:
а) шөптесін және ағаштектес түрдердің тіршілік етуі
б) тас таңбаларының қалуы
в) көбею жолдары
г) қазіргі көптүрлілігі
9. Адам эволюциясында өнердің бастамасы көрінді:
а) питекантроптарда
б) австралопитектерде
в) неандерталдықтарда
г) кроманьондықтарда
10.Заттардың алмасуында бактериялар мен саңырауқұлақтар қызмет атқарады:
а) органикалық заттарды түзушілер
б) органикалық заттарды ыдыратушылар
в) қоректік тізбектің бастапқы буыны
г) екіші реттік консументтер

В деңгейі.

Алты жауаптан үш дұрыс жауап таңдаңдар.
11.Эволюция нәтижесі :
а) гендер дрейфі
б) түрлердің көптүрлілігі
в) мутациялық өзгергіштік
г) организмдердің қоршаған ортаға бейімделуі
д) тірі организмдердің ұйымдастырылуының жоғарлауы
е) тіршілік үшін күрес
12. Эволюция барысында Жер бетінде жануарлардың негізгі топтарының пайда болу ретін қалыптастырыңдар.
б) буынаяқтылар
в) буылтық құрттар
г) колониалды талшықтылар
д)жалпақ құрттар

154
466
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:

olegl123
4,4(87 оценок)

Наличие зелёные хлоропласты

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Биология

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS