Айтыскер ақындар айтқан мәселелерді анықтап баға беріңіз
Құлмамбет
Жамбыл Алғашқы сөзді Құлманбет бастайды. Айтыстың негізгі мазмұны: Құлманбет Албан. Дулат руы атынан, ал Жамбыл Шапырашты руы атынан айтысқа шыққан. Алғашқы сөзді Құлманбет былай бастап өзін таныстырады:
Құлманбет – менің атым, құлан аян,
Менің құлан екенім тәңірге аян.
Жамбыл деген бар – дейді бір немесі,
Ақын болса, ол неме қайда жатыр? – деп
Құлманбет дүлділ Жамбылға тиіседі.
Жамбыл деген бар – дейді бір немесі,
Ақын болса, ол неме қайда жатыр? – деп Құлманбет дүлділ Жамбылға тиіседі.
Ақын – деп елі ардақтайды, кәне көрейін, ол «немені» - деп килігеді. Жамбылға кісі жіберіп, айтысуға шақыртып алады. Жамбыл келген соң бірінші айтқан жыр шумағы:
Болғанда жол ағадан, тон жағадан,
Арлан бөрі соғады тау сағадан.
Бас қосып бағландармен қалмақ үшін, -
Ізденіп келіп тұрмын Қарқарадан – дейді Жамбыл.
Тіпті Құлманбет Жәкеңе «сәлемің мен аманың жоқ, үлгілі орта, тәрбие көрмеген «надан» деген сөгіс айтыды. Осы жерде омақасып орға түсіп, жеңілер жерің – деп екпіндейді. Айтулы Жәкеңді ақын емес, жай көп өлеңшінің бірісің – деп намысына тиеді. Тіпті Құлманбет былай деп ақындық шабыт шақырады:
Албан аға болғанда, Дулат іні,
Сөзінде Құлманбеттің барма міні.
Албан, Дулат бәрі кеп айқай салса,
Шапыраштының не болар көрген күні?!
Қасқарау Нұрқанның жылқысын қаптатсам,
Шапырашты, сенің бұзау, танаң қырылады – деп қыр көрсетеді Құлманбет. Төрт түлік мал өргізген Көбікбай, Қарабай, Сатыбалды, Қанай есімді байларын атайды. Тіпті «алма таратқан кісіге ат берген» Тілеу – қабыл Үсенбайдай игі жақсыларын атайды. Осындай бай – бағыланың бар ма – деп Жамбылға дөң айбатын үдете түседі Құлманбет.
Жамбыл Құлманбетке алғашқы қақтығыста – ақ былай дейді:
Сөйлесем өдеңімді түптен бермен,
Құйылар сөз нөсері көктен, жерден.
Мылтықта түтеп тұрған мен бір пыстан.
Осы бір шумақ жыр жолының өзінен – ақ Жамбылдың теңдесі жоқ сөз зергері, айтыс ақыны айқын байқалады. Шабыты шалқар Жамбыл Құлманбетке: «Ажалыңа асықпай кел!» - деп сөзбен іліп тастайды. Мына тірлікте ажалға кім асықпай барған?! Осы бір сөздің өзі Жамбылдың кемел айтыс ақыны екенін бұлтартпай дәлелдейді.
Ерлігім ерлігіңе дөп келеді,
Байлығыңа байлығым еп келеді.
Кісіні дым білмейтін тапқандай – ақ,
Есіріп көрген жерден ентеледің? – деп Жамбыл Құлманбетке бір қайталанбас сөз «самалын» селдетеді. Біздің елдің жылқысын аралап шығу үшін жараулы атпен он күн жол жүресің – дейді Жамбыл Құлманбетке. Жамбыл «надан, неме» деген намысқа тиер сөздеріне «таз» Құлманбет, қу, пәлекет! – жұрт алдында орынды жауап береді.
Айтыс үстінде Жамбыл мен Құлманбет ұзын – ырғасы 10 рет сөз қақтығысына түседі. Жамбыл еліне қорған, халқына қамқор болған Қарасай, Саурық, Сұраншы, Өтеген, Сыпатай атты батырларын айтып, кісілікті, адамдықты жырлайды. Жамбылдың ұлылығы да осында жатыр. Халық – құдайдың бір аты. Халқы бардың қамы болған Халық – тарихтың қозғаушы, шешуші күші, айтулы тетік, түйіні. Осыны айқын түсінген ұлы Жамбыл Құлманбетпен айтысында:
Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап, әуре болмай, жөніңе қайт!
деген осынау бір шумақ жыр жолдары аталған айтыстың негізгі түйіні, қорытындысы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болды. Құлманбет – белгілі айтыс ақыны. Ол кезінде Түбек Жанақ, Майкөт, Жамбыл, Бақтыбай секілді ақылдармен сөз айтысына түскен, айтулы сөз зергерлерінің бірінен саналады. Құлманбет Жамбылмен айтысында Албан, Дулаттың төрт күлікті тең өсірген байлық иелерін тілі жеткенше сыйпаттайды. Десе де олардың еңбекші елге жасап жатқан игілікті істерін, кісілігін, батырлығын, елдігін ынтымағын жеріне жеткізе айта алмайды. Байлық – игілікке, кісілікке қызмет етпей тұр. Елдің ынтымағы ұйыған сүттей болмай тұр. Оған ұйытқы болатын ел! – деп туған ерлер еңбегі жырланбай жатыр. Бұл айтыстағы негізгі тақырып, басты мәселе болатын. Жамбыл Құлманбетпен айтысында ел ынтымағын, жұрт бірлігін негізгі нысаны етіп, елге қамқор болған ерлерді үлгі етеді. Сөйтіп салиқалы сөз салмақты ой айтып Құлманбетті жеңеді.
189
200
Ответы на вопрос:
с одағай1)- әкесіне беріп кеткенбіз. - ә? әкесі қайдан кездесті? (мұстафин). 2) - күләнда! - ә! – деп қатқан қыз жауабы болды әкелгендей бір терең сыр (саин). 3) хат? кімнен хат? ә-ә, бағана мен берген хат екен ғой (сланов). с шылау 1) күзде және қыста күн салқын болады. 2) оның ойлағаны болды, бірақ мәселенің басы шешіле қоймады.3) біз ауылға бара алмаймыз, өйткені демалыс бітіп қалды.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
1235568906.04.2021 17:05
-
abuovalmaz6917.08.2021 17:45
-
zhenyaevgesha0020.06.2020 02:14
-
evaeva200618.07.2021 22:24
-
Sanisle25.08.2021 14:13
-
DUGLASMORFINI04.04.2023 15:12
-
Everiya1505.01.2022 10:55
-
Enweys10.06.2023 01:54
-
5452617.07.2021 18:02
-
Жак10412.10.2020 04:02
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.