Есть ответ 👍

А мәтіні
Тазарғың келсе, театрға бар!
«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов. Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше. Әрбір театрдың тарихи жағынан қалыптасып дамуы, болашаққа қадам басуы, өсіп-өркендеуі, әр халықтың өмір-тұрмысымен, салт-санасымен, тағылымды тарихымен және ішкі мәдениетімен тығыз байланысты.
Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен «Ойқұдық» жайлауында қойылған «Еңлік-Кебек» пьесасы. Бұл пьеса қазақ еліндегі жаңа өнердің, қазақ театрының тұсаукесері болды. Қазақ мәдениетінің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан, зор екпінді күш болды. Театр өнері қарыштап дами бастады, алға қадам басты. Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. Мұхтар Омарханұлының бастауымен «Ес-Аймақ» театры 1920 жылдары қарқынды жұмыс атқарды. Рухани шөлдеген жұртты өнермен сусындатты. Әйгілі Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер иелері топтасып, театр өнері биікке қанат қақты.
Ә мәтіні
Көрерменің қандай, қазақ театры?
Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге дамып келеді. Адам жанының емшісі болып жүрген театрымыздағы көрермендердің мәдениеті қай деңгейде?
Қай театрды алып қарамаңыз, көрермен жетерлік. «Қара халықтың мәдениетті болуынан, мәдениетті адамның қазақ болуы қиын», – дейді Ж.Аймауытов. Уақыт өткен сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр. Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ болуы да қиындап бара жатыр. Алпыстар шамасындағы көрермендер ертеректе өнер ошағындағы мәдениеттің жоғары болғанын тамсана айтады. Расында да, солай ма, бүгінгі күні көрермен, шынымен, өзгерген бе? Қалай десек те, театрдағы халықтың мәдениетін көргенде ішіңе найзағай түскендей күйге түсетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола алмай, онымен қоймай, телефонмен еркін отырып сөйлесу, орынсыз қол шапалақтау, кішкентай балалардың жылаған даусы, жастардың жырқ-жырқ күлкісі көзі ашық, көкірегі ояу басқа көрермендерді мезі етеді. Желсіз күні қауіп шақырмасақ та, бұлар біраз ойлантатын жайттар.
Театрға киіп келетін киім үлгісі де өз алдына бөлек талғамды талап ететін мәселелердің бірі. Тіпті, театрдан спорттық үлгіде киінген көрермендерді көрсек, таңғалмайтын дәрежеге жеттік. Осы орайда, жаңа қарқынмен келе жатқан тәуелсіз елдің театры: «Мен түзелдім, көрермен, сен де түзел!..» дейтіндей боп көрінеді де тұрады.
А мәтіні
Ә мәтіні
Мәтіндердің ұқсастықтары
Мәтіндердің айырмашылықтары:
1.Мәтіндердің идеясы
2. Мәтіндерде көтерілген мәселе
3.Мақсатты аудиториясы
4.Мәтіндердің құрылымы қандай?
5.Мәтіндердегі театр өнеріне қатысты сөздер
6.Мәтіндегі материалдық құндылықтар
7.Мәтіндегі рухани құндылықтар
Table
Жазылым
Мәтінді оқып, оның негізгі ойын сақтай отырып, аннотация жаз. Мәтіндегі күрделі сөйлемдердің негізгі ойын ықшамдап, жай сөйлем түрінде ұсын. Сөз көлемі – 90-100 сөз.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза ауада тынығып, мөлдір суына шомылып, демалыс дәмін татқысы келеді. Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.
Қазақстанның Туризм және спорт агенттігі бүкіләлемдік туризм ұйымымен бірлесіп, сыртқы және ішкі туризмді дамытудың тиімді бағыттарын айқындап, соның бірі ретінде экологиялық туризмді атап көрсеткен. Экологиялық туризмге қатысты елдегі мүмкіндігі жоғары аймақтар ретінде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары белгіленді. Елімізде бұл сала экономикамыздың әжептеуiр пайда әкелетiн тармағына айналып келедi. Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай отырғандығын сенімді түрде айтады. Өйткені туризмнің дамуы бірінші кезекте саяхаттауға барлық жағдайдың жасалуына байланысты. Сол себепті сыртқы елдерге шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр.
Халықаралық талдаушылар мен мамандардың ойынша, туризм де Қазақстанның өсуі мен өркендеуіне зор ықпалын тигізеді. Осы орайда Алматының туристік инфрақұрылымы елеміздегі ең дамыған инфрақұрылым болып отыр. Қаламыздың туристік қызметтері даму үстінде: 600 жүзден астам туристік нттіктер бар, 80-нен астам шетелдік компаниялармен байланыстар орнатылған. Өткен жылғы көші-қон қызметінің көрсеткіші бойынша қаламызға көпшілігі «іскерлік туризм» өкілдері арқылы алыс және жақын шет елден 76000 қонақ келген.

249
452
Посмотреть ответы 1

Ответы на вопрос:


Мұғалім келгендіктен,жиналыс басталды.сен көп жүргендіктен аяғың ауырды.мен ыстықкөлге барған соң досыммен кездестім.жаңбыр жауып жер көгерді.досым маған келмегендіктен мен киноға бармадым

Объяснение:

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS