Halkjh
13.04.2020 18:08
Қазақ тiлi
Есть ответ 👍

"Зергерлік өнер" тақырыбына эссе жаз. (5-6 сөйлем).
м-да. . .
как же я вас достала, но всё же я тупое и незнает как решить это.​

132
344
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

Яся00000
4,6(83 оценок)

Қазіргі Қазақстанға, әсіресе Алматыға  шетелдерден көп қонақ келетіні белгілі. Олар – кәсіпкерлер, бизнесмендер, саяхатшылар. Шетелдік қонақтар Алатау мен Алматының сұлу көркіне тамсанады, аспанмен таласқан зәулім биік қарағай мен қайыңдарға сүйсіне қарайды. Олар қолдары босаған кезде қаладағы өнер мұражайларына барады.

Шетелдіктердің қызыға, әрі таңдана қарайтыны – зергерлік бұйымдар. Шынында да қазақ халқының зергерлік мұрасы өте бай. Байырғы замандарда қазақ ауылдарында ұстаханалар мен шеберханалар болған. Халық шеберлері темірден, қорғасыннан, алтын мен күмістен және жезден әр алуан қару-жарақ, ертұрман, әшекей бұйымдар, киіз үй жабдықтарын, ыдыстар жасаған. Бұйымдарды жасау кезінде шеберлер мен зергерлер, құю, қаптау, қалыптау, өрнек салу, алтынмен және күміспен қаптау сияқты әдістерді пайдаланған. Қару-жарақ пен құрал-жабдықтарды жасаушыларды ұсталар, ал әшекей бұйымдарды жасаушыларды зергерлер деп атаған. Ұсталар садақ, найза, семсер, қанжар, селебе, сапы, айбалта тәрізді қару-жарақтарды, жүйрік аттарға қажетті ер-тұрмандарды жасайтын еді.

Мәселен, Абылай ханның алтыннан соғылған қару-жарағы болған. Ал зергерлер, алтыннан, күмістен, асыл тастардан және жартылай асыл тастардан неше алуан әшекей бұйымдар жасайтын. Әшекей бұйымдар үшін інжу, лағыл, маржан, жақұт деп аталатын асыл тастарды пайдаланатын. Ал әшекей бұйымдардың аттары – алқа, жүзік, білезік, сырға, шолпы, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, қапсырма, ілгек, түйреуіш.

Қазақстан өлкесіне археологиялық қазба жұмыстар жүргізу кезінде әртүрлі зергерлік бұйымдар мен қару-жарақтар табылды. Әсіресе ежелгі Отырар қаласының орнын зерттеу тұсында осындай бұйымдардың бірнеше үлгілері қазып алынды. Ондай бұйымдардың негізгі үлгілері Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайында, Санкт-Петербургтегі, Мәскеудегі мұражайларда сақтаулы тұр.

svetagres
4,8(11 оценок)

Сенин жан досын нын аты ким согез де

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS