Есть ответ 👍

Эссе (50-60)сөздік
Тақырып:болашаққа саяхат
Быстрый ответ дайте

210
371
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

kbbekvwo
4,6(74 оценок)

Болашақ ғаламат, келешек ғажайып... Естіген құлақтың өзіне ерекше жағымды әсер сыйлайтын сөздер.  «Болашақ» деген сөзді тамсанбай, жай айту мүмкін емес. Бәлкім, қанымызда бар қасиет шығар. Бірден көз алдымызға сағымдай бұлдыратып, әр нәрсені елестете бастаймыз.

Әркім – өз өмірінің суретшісі. Сондықтан да әр тұлға өз болашағын өзінше керемет қып суреттейді. Таңның атысы, күннің батысы төрт түліктің соңында жүрген ескі қазақ «өз қолы өзіне жеткен өмірді» аңсаған болар.  Табаны тоз-тоз боп, «Елім-айлап» босып жүрген қазақ жауды жайпап, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» заманды тәтті қиялымен елестеткен болар.  Көзі ашылып, көкірегі ояна бастаған зиялы қазақ азаттық, теңдік алар күнге үмітпен қараған болар... Біздің бабаларымыз не қиындық көрсе  де, болашақ ұрпағы үшін шыдап, кейінгі буын інілер келіп, жаңа толқын келіп, заманды түзер деп тілек етті емес пе? Ендеше, сол күн туды. Азаттықтың ақ таңы атты! Күні ертең тарихтың бетіне жазылар өтпелі бүгіннің көшіне, үміт еткен жастар, біз  шықтық. Бүгінгі біздің ісіміз болашақтың бастауына айналмақ.

Дана Абай айтыпты: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!» - деп. Рас. Адамды адам ететін де – осы қасиет. Бір-бірінің аяғынан шалып, күндестік кесапатына шалдықпас үшін қазекеме осы әдетті әбден қалыптастыруға тура келеді. Өйткені өзінен-өзі есеп алып, өзіне ылғи көңілі тоймай, «Қайтсем жақсы болады?», «Қалай жақсы жаққа өзгерсем болады?» деп ойлана алатын адамның өзге жаман істе шаруасы болмайды. Ондай жастары көп елдің болашағы жарқын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Жарқын болашақ жастардың қолында» ,- дейді. Бұл – біздің мойнымызға артылған үлкен жүк. Оны түсіну бар да, түйсіну бар. Болашақ туралы ойлану бар да, әрекет қылу бар.

«Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса»,- деп мақалдатқан дана қазағымның сөзге жүйрік, тілге шешен болғанымен, іске тати алмай қала беретін тұстары жоқ емес.  Осы әдет әлі күнге етегімізден тартып, алға бастырмай келеді. Сөйлеу керек. Сөйлеудің реті де бар бірақ. Бұл да қанға сіңген әдет делік, сонда одан арылу үшін еш әрекет жасауға шамамыз келмегені ме? Біз ағаш емеспіз ғой, бір орынға тамырмен бекіп өсетін, қозғала алмайтын. Біз – адамбыз. Заманның көшінен қалып қоймау үшін алдымен осы әдеттен тыйылуымыз керек деп есептеймін. Өйткені қазір адам сөзбен емес,  іспен өлшенеді.


Махаббатсыз өмір-бос өмір махаббат қарапайым сөз болғанымен мəнісі терең , оның түрлері өте көп."махаббат əлемді құтқарады ",-деп айтсам сенесіз бе? өз басым сенемін , бастысы сыртқы түр келбеттің тартымдылығы мен сұлулығы емес , жан дүниенің тазалығы мен пəктігі.махаббат тек жақсы көретін ға деген сезім емес , ол ата-анаға деген махаббат,үйіне деген махаббат , жақсы көретін хоббиына деген махаббат , отанына деген махаббат болады . махабатсыз қатыгезденеді , махаббат баурап өзіне бағындырады , махаббатсыз өмір қызық емес.

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS