Төмендегі сөздердің синонимдерін жазыңыз.
Қаһарман -.
Бағындыру -.
Тамамдау -.
Сіңірген -
Беймәлім -
Әйгілі - 3 балл
3. Мәтіннен тұрақты сөз тіркестерін теріп жазыңыз. (тұрақты сөз тіркестер- фразеологизмдер)
Жазылым.
1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғау қойып, қай септікте тұрғанын жаз.
Байқоңыр – ғарыш айлағы. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы... аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. 1957 жылы 4 қазан... Байқоңыр ғарыш алаңы... тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Байқоңыр әлемдегі ең ірі жер беті ғылыми ғарыш полигоны саналады. 1961 жылы 12 сәуір ... адамзат тарихында тұңғыш рет Юрий Гагарин Юрий Алексеевич Байқоңыр... «Восток» кемесімен ғарыш... аттанып, ғарышты бағындырды.
Байқоңырдан Ай, Марс пен Шолпан ... зерттеуге арналған ғарыш аппараттары бар РТ да ұшырылады. 1991 жылы 2 қазанда қазақтың тұңғыш ғарышкері – Тоқтар Әубәкіров «Союз Т-13» ғарыш кемесі ... Байқоңырдан ғарыш... көтерілді. Қазақ ғарышкері – Талғат Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998 жылдар) болды.
2. Берілген сөздермен сөйлем құрастырып, бастауыш пен баяндауышты белгіле.
Мәңгілік ел, ұлттық идея, біртұтас, жасампаз, ел тағдыры, жарқын болашақ
Ответы на вопрос:
Объяснение:
1991 жылғы 16—желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Тәуелсіздік — тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жылдан астам уақыт ішінде елдің әл—ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік—біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы тәуелсіздіктен бастау алады [1].
Қазақ халқының егемендікке ұмтылған қадамы сәтімен жүзеге асты. Дүниеге жаңа мемлекет—Тәуелсіз Қазақстан Республикасы, дербес қазақ елі келді. 1991 жылдың 17—желтоқсанында Алматыдағы Орталық алаңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жариялануына және 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының бес жылдығына арналған митинг болы өтті. Жиналған сан мыңдаған адамның алдына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев былай деп сөз сөйледі: «Дербес мемлекет құру қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған арманы еді. Міне, енді сол күнге де жеттік... Тәуелсіздік табалдырығында тұрған осы жан тебірентер сәтте қазақ елінің еркіндігі, бостандығы жолында бас тіккен азаматтардың, солардың қатарында бұл күнге жете алмай, туған Қазақстанның егеменді ел, тәуелсіз мемлекет болғанын көре алмай өмірден өткен желтоқсан құрбандарының рухына тағзым етіп, еске алуды парыз санаймын... Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең—байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе жастар салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашанда достыққа адал болса, бауырмашыл, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін»
Источник: https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8879/
© e-history.kz
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Викусик18306.05.2020 23:31
-
bgf6220.09.2020 07:49
-
bkonok83226.07.2020 14:46
-
HLNLZ02.03.2020 18:39
-
Govnomer22823.07.2020 14:27
-
miroslavakoval217.06.2022 06:35
-
YSPESHNUY21.02.2022 23:11
-
nikitasonar14.10.2021 00:44
-
358646013.08.2020 11:12
-
PeterSakh18.06.2023 06:46
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.