34. Ұлы Отан соғысынан кейінгі республикадағы қоғамдық-саяси жағдай.
Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әміршіл-әкімшіл жүйе 40 - 50 жылдары шарықтай түсті. Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.
1949 жыл –М.Әуезовке «Абай» романының алғашқы екі кітабы үшін бірінші дәрежелі Мемлекеттік сыйлық берілді. Адамның табиғи құқығын шектеу, ұлттық мүддені ескермеу, мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады. Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды. Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды. Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып, мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты. Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКП (б) Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады. Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді.
Москва мен Ленинградта «Ленинградтық іс», «Дәрігерлер ісі» жүргізіліп жатқанда Қазақстанда талантты тарихшы «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Е. Бекмаханов соғыс жылдары А.П. Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин және тағы басқа кеңес тарихшыларымен бірлесіп Қазақ КСР тарихын даярлаған болатын. Кітап 1943 жылы баспадан жарық көрді. Алғашқыда еңбек жоғары бағаланғанына қарамастан, көп ұзамай сынға алынып, әсіресе, кітаптағы ұлт-азаттық көтерілістерге берілген баға қызу айтыс тудырды. Е.Бекмахановтың 1947 жылы жарық көрген «Қазақстан XIX ғасырдың 20 - 40 жылдарында» деген көлемді еңбегі де сынға ұшырады.1950 жылы «Правда» газетіндегі «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақалада Е. Бекмаханов еңбегі айыпталды. 1951 жылы 10 сәуірде Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті «Правда» газетіндегі мақала бойынша қаулы қабылдап, «Бекмахановтың буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарасын айыптады». Қаулыны жүзеге асыру барысында тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академиясындағы қызметінен босатылып, барлық ғылыми атақтарынан айырылып, 1952 жылғы 4 желтоқсан –Қазақ КСР Жоғарғы Сотының сот алқасы үкімімен РСФСР ҚК-ның 58-10 бабы бойынша «Кеңес мемлекетіне қарсы үгіт-насихат үшін (бабы бойынша)» 25 жылға бас бостандығынан айрылды.Е. Бекмахановпен қатар республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Шалабаев, Б. Сүлейменов, Е. Смайлов, жазушы Ю. Домбровский осындай жалған айыптармен жазаланып, сондай-ақ Ә. Марғұлан, Ә. Әбішев, С. Бегалин секілді ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық-ұлтшылдық қателіктер жіберді деп айыпталды. Аса ірі ғалым Ә.Марғұланның (1904-1985жж) көзқарастары ғылымға жат тұжырымдарға толы деп жарияланды.Ә.Марғұлан-Қола және ерте темір дәуірінің ерекше ескерткіші – Бегазыны ашқан, көзқарасы жалған деп айыпталған ірі тарихшы.
1948 жылы «космополитизммен», яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды. Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О. Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері - Б. Кенжебаев, Т. Нұртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов ұлтшылдар ретінде қудаланды. Ғылым Академиясының президенті Қ. Сәтбаев «Едіге батырға» алғыс сөз жазғаны үшін «ұлтшыл» атанса, М. Әуезов 1945 ж. жарық көрген «Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі» еңбегінде Абайды «феодалдық ақындар Шортанбай, Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегені үшін» қудаланады. Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін, Мәскеуге қоныс аударуға мәжбүр болды. «Космополиттер» қатарына белгілі шығыстанушы, академик В.В. Бартольд та енгізілді. Оған «араб, иран, қытай мәдениеттерін жоғары көтерген» деген мағынадағы кінә тағылды. Сонымен қатар 1946 жылы А. Маметованың «Абай Құнанбаев» атты әдеби еңбегінде де космополиттік деген кінә тағылып, басылымнан алынды. 1952 жылы баспадан С. Мұқановтың «Балуан Шолақ», С. Мұқанов алғыс сөз жазған Қ. Аманжолов пен Х. Бекхожиннің «Батырлық эпосы», Қ. Сатыбалдиннің «Әлия», М. Хакимованың «Мәншүк» еңбектері қайтып алынды.
1946 жылғы маусым-Қазақ КСР Ғылым Академиясы құрылды Тұңғыш президенті – Қ.И.Сәтбаев (1899-1964жж). 1946-1949 жылдары Академияның ғылыми-зерттеу мекемелері өндіріске енгізу үшін 900-ден астам ұсыныс жасады. 1950 жылдың соңы – Академия жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу мекемесі, 16 институт, 13 сектор, 2 музей, обсерватория, 3 ботаникалық бақ, 8 ғылыми база болды. 500-ге жуық аспирант оқыды. Кеңес қоғамында қалыптасқан екі жақтылық байқалды: Жоғары идеялар, өмір шындығы, олардың арасында қарама-қайшылық күшейе түсті. Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.
Осыны қысқартып беретін адам барма керек еді!!!
250
378
Ответы на вопрос:
Монеты из чистого золота, крезеиды, отчеканил лидийский царь крез в vi веке до н. э. спустя век золотые монеты вошли в обиход в персии. с iii века до н. э. золотые монеты начали чеканить в риме. именно римлянам суждено было назвать новое изделие монетой - денежный двор находился в храме юноны-монеты, изделия двора стали называть монетами. появление золотых монет в россии связывают со временем князя владимира святославовича. на первых монетах чеканились изображения животных. ученые высказывают предположение, что выбор животного для чеканки монеты не случаен. например, если на монете чеканилась голова быка, то такая монета приравнивалась к стоимости быка.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: История
-
Гыгуль14.01.2020 18:30
-
Bazzaevat08.04.2021 15:54
-
aleonaandreeva013.01.2020 16:11
-
arsenlitvinov31.10.2021 12:14
-
Fura4416.03.2020 06:28
-
katiaj0710200404.11.2022 21:44
-
влюбленыйотличник25.12.2020 17:02
-
MedinaIsk05.09.2020 04:43
-
workout777425.09.2021 03:16
-
roldugina7804.12.2020 09:06
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.