Есть ответ 👍

Жаңа сөздер мен тірек сөздерді қолданын "28 паныфиловшылар саябағында"тақырыбы бойынша диалог құрастырып жаз.Тыныс белгілері мен жағдайларды дұрыс қолдан​

144
368
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

JIikrona
4,5(19 оценок)

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы Алматының Медеу ауданында Қазыбек би, Зенков, Гоголь және Қонаев көшелерімен шектелген 18 гектар аумақта орналасқан.

28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағы қаланың ең алғашқы саябағы, оның іргесі XIX ғасырдың соңында, Алматы әлі Верный деп аталатын кезде қаланған.

Ресми атау 1942 жылдың 5-мамырында Ұлы Отан соғысы жылдарында Мәскеуге бет алған фашист танкілерін тоқтатқан Панфилов диви­зиясы мен алматылық батыр­лардың құрметіне берілді. Олардың құрметіне және екінші дүниежүзілік соғыс қаһармандарын есте сақтау үшін саябақта Мәңгілік алау жанып тұр.

«Мәңгілік алау» – соғыс құрбандарын мәңгі есте сақтау мақсатында тоқтаусыз лаулап тұратын от. «Мәңгілік алау» соғыс символдарына жататын болған соң, жыл сайын халық алау маңына гүл шоқтарын қояды.

Панфиловшылар саябағы

Жалпы саябақ атауы бірне­ше рет өзгертілген. Сая­бақ Верный қаласының құрылысы жылдарында қорымдар (1921 жылы бол­ған селден қорымдар жойыл­ған) орнына салынған. 1887 жылдың 28-мамырында бол­ған жер сілкінісі кезінде қа­за тапқандардың бауырлас бейіті де жоғалған. 1899 жылы А.С.Пушкиннің 100 жасқа толуына орай сая­бақ «Пушкин саябағы» атауы­на ие болды. Саябақ көріктендіріліп, мамыр гүл­дері отырғызылды, күр­келер мен отыратын орындар тұр­ғы­зылды. Шығыс бөлігі – Шіркеу алаңында (немесе Гефсиман бағы) Түркістан Шір­кеуі, архиериялық шіркеу мен епархиялық үй (кеңестер кезінде «Алматы» кинотеатры) салынды.

Панфиловшылар саябағы

Бүгінде саябақтың шығыс бөлігінде Ықылас атындағы халық аспаптарының мұра­жайы, Әскерлер үйі, Интернационалист жауынгерлер ескерткіші және Мәңгілік алауы бар Даңқ мемориалы орналасқан. Мемориалды кешеннің ашылуы 1975 жылдың 8-мамырында өтті. Ол Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату үшін атсалысқан жас­тар құрметіне жасалған «Ант» горельефінен тұрады. Орталық бөлігі «Ерлік» триптихасы Мәскеуді қорғаған батыр панфиловшылардың бейнесін суреттейді. Оң жағында «Даңқ таратушылар» композициясы. Ол салтанатты өмір гимнінің белгісі. Мәңгілік алау жанында батыр қалалардан әкелінген топырағы бар лабрадориттен жасалған кубтар орналасқан. Демалыс және мереке күндері паркте адам ерекше көп болады. Олар Отан үшін қаза болғандарды еске алып, гүл шоғырларын алып келеді.

Саябақты толықтай ке­сіп өтетін естелік саяжо­лы­ның бойында 28 батыр пан­фи­ловшылардың аттары ойы­лып жазылған тастан қа­шалған бағаналар мен Кеңес Одағының Батырла­ры, И.В.Панфилов және Бауыржан Момышұлының ес­керткіштері бар. Даңқ мемориалының батысында Қазақстан еге­мендігінің алғашқы жылдарында елімізге келген мемлекет басшыларымен егілген Тянь-Шань шыршалары отыр­ғызылған Президент саяжолы бар.

Ұлы Отан соғысында құр­бан болғандар мәңгілік жүре­гімізде! Арайлап атқан әрбір таңымызды көре берейік. Сәби­леріміз бен аналарымыз, елін, жерін қорғайтын айбынды азаматтарымыз аман болсын!

makslazarev201
4,5(19 оценок)

Крч стоить 500 тенге я сделаю

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS