1)Мұраттың аурушаң болуының 4 атаңыз.
2)Мәтіннен адамзатқа мәселені анықтап оның салдары мен бірнеше шешу жолын ұсыныңыз.
3)Какие во можно задать Мухтару Шаханову?
Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды. Жолаушы кеткен Батырбай қария бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласын, қасында отырған Ұлжанды көріп шошып кетті.
— Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесін кере бір күрсініп алып:
— Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді.
Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын шайқады:
— Дәрігерге көрсетпесе болмас.
Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы.
Көздерінен таса еткілері келмейді. Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп, оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, суық тиеді, сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, үйге кіргізетін. Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ.
Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:
— Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды.
Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа
созылып, тым азып кетті. Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді. Биылғы жазғы демалыста жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді.
Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып қайтты. Ойы сергіп, бойы өскендей болды. Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне терезенің тұсында бірдеме тасырлаған соң, Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек қағып тұр екен.
— Әкем-ау, бұнысы несі? — деп таңданды Ұлжан.
Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды.
Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды:
— Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?—деді Ұлжан шешей.
— Зарядка жасап жатырмын.
— Ол не дегенің ?
— Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын. Үйде де жасап тұрындар деген. Aпa, бұның пайдасы зор. Атам екеуіңнің жасауларыңа да болады. Үнемі зарядка жасап, физкультурамен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді.
Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті.
Үйдің артында арық бар еді. Арықта таудың мөлдір, суық суы ағып жататын. Ертемен бақшаны аралап көріп, енді қайтып келе жатқан Батырбай қарт, бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді.
— Мұратжан-ау, мынауың не?
198
275
Ответы на вопрос:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
obizyana8809.05.2021 13:14
-
Ahela00731.10.2022 13:01
-
Helponator02.07.2021 06:37
-
maksimlymar20024.01.2021 04:19
-
Алина1ззз31.12.2020 06:39
-
lelikbalelik27.06.2023 09:56
-
vlados54671204.09.2020 21:00
-
karisafedotova225.05.2021 12:39
-
maroreya25.12.2022 09:31
-
Nauchniki09.02.2023 11:34
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.