азақтың ұлттық қолөнері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау (6 сынып)
____________________________________________________ 6 « ___» сынып
(Оқушының аты-жөні)
________________________________ күні ________________________ уақыты
1 тапсырма . Мәтінді оқы
Қазақтың зергерлік өнері – ертеден келе жатқан дәстүрлі мәдениеттің саласы. Зергерлік – бұл киелі де қасиетті өнер. Зергерлік өнердің өзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік мінездемесі бар. «Зер» - «зар» парсы тілінде алтын деген ұғымды білдіреді. Қазақ зергерлері көбінесе жекелей жұмыс істеген. Зергер болу үшін адамға ең алдымен тума дарын керек. Екіншіден, ол – атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын кәсіп. Шеберлер әр түрлі құрал-саймандарды өздері жасаған. Асыл тастардан, алтыннан, күмістен түрлі әшекей бұйымдар да жасаған. Зергерлердің аса көп жасайтыны – әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік пен сақина таққан. Зергерлік әшекей бұйымдарының сипаттамасы:
Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен соғылатын әйелдердің сәндік, әсемдік бұйымы.
Білезік – білекке салатын, күмістен, алтыннан соғылатын әйел бұйымы. Білезіктер жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, тоспалы білезік, бұрама білезік, қос білезік деп көптеген түрге бөлінеді.
Тұмарша – сәндік үшін омырауға тағатын, көз орнатылған күміс бұйым.
Сақина – саусаққа салатын, әр түрлі үлгіде күмістен, алтыннан, тағы басқа металдан соғылатын бұйым.
Кемер белбеу – негізі былғарыдан тігіліп, алтын күміс әшекейлермен сәнделген аса қымбат белбеу.
Шолпы – шашқа тағатын, қымбат, бағалы, сылдырмақты бұйым. Ол да алтын мен күмістен жасалады, бұрым (шаш) сәнін келтіреді.
Шашбау – шашты күннен, шаң-тозаңнан қорғайтын, қымбат матадан жасалатын бұйым. Оның сырты түрлі моншақтармен сәнделіп жасалады
2 тапсырма. Дұрыс/бұрыс» әдісі. Кестедегі ақпараттардың дұрыс не бұрыс екенін белгіле. (+ белгімен )
Ақпараттар
дұрыс
бұрыс
Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады.
Қазақтың жігіттері шолпы таққан.
Былғарыдан тігіліп, алтын, күміс әшекейлермен сәнделген аса қымбат белбеу – кемер белбеу
Құлаққа тағатын әшекей бұйымның бірі – бойтұмар.
Саусаққа тағатын, алтын мен күмістен жасалатын бұйым – сақина.
5 ұпай
3 тапсырма.Сұрақтарға толық жауап бер.
1.Зергер деп кімді айтамыз?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________2. Зергерлер не жасайды?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________-3. Қазақтың қандай зергерлік бұйымдарын білесің?
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________4. Зергер болу үшін адамға ең алдымен не керек?
_____________________________________________________________________________5. Қыздарға арналған әшекей бұйымдарды ата.
_____________________________________________________________________________
5 ұпай
4 тапсырма.Берілген сөздерді аударып, сөйлем құрастырындар.
Алқа (зат есім)
Шашбау (зат есім)
_____________________________________________________________________________Әшекейлеген(етістік)
_____________________________________________________________________________ Сәндік (сын есім)
Cәнделіп жасалады (етістік)
__________________________________________________________________________________________
5 ұпай
106
167
Ответы на вопрос:
ответ:зхзхзхзхзхзхззхзхзхзхзхзхззхзхзхзхзхзхзхзхзхзъхзхзъхзхзхзхзхзхзхзх
Объяснение:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
somov10102.06.2022 13:02
-
Ирина767908.11.2021 04:37
-
support3814.07.2020 00:14
-
Amaliya0422.09.2022 16:55
-
ladykyzya201726.04.2023 17:26
-
Анна536364618.12.2022 23:55
-
НатальяНОВ07.01.2023 18:25
-
dasharau2718.09.2021 16:14
-
daklochkov25.11.2020 22:40
-
Angelochek191510.01.2020 17:53
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.