Ответы на вопрос:
Қазақтардың зергерлік бұйымдары — қазақтардың ұлттық Зергерлік бұйымдары, яғни асыл металдарды әшекейлеп өңдеп, көп жағдайда қымбат тастармен безендірріп алынатын бұйымдар.
Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерініңқоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады. Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен айқын құрылымдаған , деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын көрініс тапқан.Осы түсініктен сәндік композицияқұрайтын қарапайым симметриялық пішіндер туындайды.
Тұмарша (Бойтұмар) Бұл – ырымдық зат. Оған кез-келген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген.
Жүзік сақина Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың бір түрі – жүзік немесе сақина деп аталады. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қара ала жүргізіп шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қондырып алуан түрлі жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолдану ретіне қарай отау жүзік,құс мұрын жүзік, тасбақа жүзік т. б. деп аталған.
Шолпы шаш теңге Бұл бұйымдарды қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағады. Шаш теңгелер мен шолпылар әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз – қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына бірге өріледі.
Шашбау Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіледі. Орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен, күміс әшекейлермен әсемделеді. Шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.
Білезік Білезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Бірнеше бөлшектен құралған, ашпалы-жаппалы, сом темірден тұтас құйылған жұмыр түрлері болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, бес білезік т. б. деп әртүрлі атайды. Олардың ішінде шынжырмен жалғасып жататын бірнеше жүзігі бар білезіктер де кездеседі. Оларға неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, сіркелеп, бұрала ширатып әсемдеген. Олар көбіне күмістен соғылады.
Сырға Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымдарының бірі – сырға. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға,шашақты сырға деп әр өңірде алуантүрлі аталатын сырғалардың түрлері өте көп.
Қапсырма Қапсырма – бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үш бұрыш,сүйір,доға тәріздес әр түрлі пішінде болады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің,немесе өсімдік тектес өрнектер салынып, тастар қондырылып әсемделеді.
Алқа Оны өңіржиек деп те атайды. Алқалар бір-біріне шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады. Әр әшекейдің ортасына, жиектеріне асыл тастар орнатады.
Қазақ қолданбалы өнер туындылардың шығармашылық бейнесіне жалпы алғанда көркемдік тіл ықшамдығы және сәндеу шешімдерін жалпылау тән, бұл қазақ шеберлерініңқоршаған ортаны ерекше қабылдауымен айқындалады. Қазақтардың түйсігінде әлем сандық және кеңістік өлшемдермен айқын құрылымдаған , деңгейі мен дүниенің төрт бұрышы айқын көрініс тапқан.Осы түсініктен сәндік композицияқұрайтын қарапайым симметриялық пішіндер туындайды.Танымал қазақтың ұлттық зергерлік әшекейлері бүгінгі күні. Олар, бұрынғыдай, массивтілігі мен салтанаттылығымен ерекшеленеді: кеуде әшекейлері белге дейін жетеді, сақиналар қолдың едәуір бөлігін жабады. Бірақ, соған қарамастан, әшекейлер үлкен болып қабылданбайды: бұйымдардың негізі болып табылатын ірі геометриялық пішіндер органикалық декормен және әрлеумен өтеледі.Ең танымал болып, филигранные сырға ие болды. Ажурлы өрнектің әсемдігі, алқа-қоңырау, сым шашақ-осының бәрі шебер-зергердің жоғары шеберлігі мен кәсібилігін көрсетеді.(вроде норм)
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
Anastasyu12025.05.2020 20:19
-
iuliazhdanovaЮлька26.03.2023 03:04
-
katyamarkova2209.10.2020 23:36
-
illay040927.05.2023 00:05
-
tyomking22.06.2023 15:57
-
гоша21004.02.2021 23:32
-
nika27010630.06.2020 04:42
-
Мартинюк119.03.2023 10:50
-
Раяна77115524.07.2021 15:19
-
Vanya140716.08.2020 17:41
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.