Ответы на вопрос:
Руханилық бул адамның жеке басының тәрбиесі және адамға деген адамгершілігі мен сыйластығы.
Және осындай рухани байлығы мол адамды ғана өзіңнің жан серігің немесе досың деп қабылдаймыз. Менің де дәл осындай рухани байлығы мол досым бар. Мен оны жан досым деп есептеймін .
Жақсы дос – жан азығы. Досқа деген сыйластық сезімі – әр адамның бойында бар қасиет. Сыйластық сезім достар арасында берік орын алса, адам ешқашан жалғыздық көрмейді. Достардың бір-біріне деген құрметі зор болса, ол қиындықтан шығуда да, өмірдегі мақсатына жетуде де үлкен демеу болмақ. Ел арасында айтылатын мына бір аңыз есімізге түседі:
Ертеде, елімізде жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Кенет тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасап, елдің мал-мүлкін тонап, азаматтарын айдап әкетеді. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр, күздің қара суығын елеместен, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскері оны бас салып ұстап, тұтқынның сұрауымен қолбасына алып келеді.
Жігіт қолбасына:
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Бірақ менің беретін мал-мүлкім жоқ, тек өмірімді ғана бере аламын. Өмірімді алып, досымды босатыңдар, - деп өтінеді.
Қолбасы:
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сенің көздерің керек, екі көзіңді ойып аламын, - дейді оған.
- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт.
Жау жағы оның екі көзін ойып алып, досын тұтқыннан босатады.
Әлгі жігіт тұтқыннан босаған досының иығына қолын салып, күлімдеп келе жатқан екен.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты бетпе-бет ұрыста жеңу қиын екен» деп шешіп, әскерлеріне шегінуге бұйрық берген дейді.
Досының өмірі, бостандығы үшін ер жігіт көзінен айрылғанына қапаланған да жоқ, керісінше, досының қауіптен құтылғанына риза. «Дос – қияметтік» деген сөз осындай қасиеттің көрінісі ретінде қалса керек.
Ерте заманның шешені әрі ойшылы Цицерон: «Достық өз бойына қаншама сан алуан пайдалы нәрселерді біріктірген десеңізші! Қайда барсаңыз да, ол сізге қызмет етеді, ол барлық жерде бар, ол ешқашан мезі қылмайды, ешқашан да орынсыз килігетін жері болмайды, ол сәттілікке жаңа сәулет береді, ол ортақтасқан сәтсіздіктер де көп мөлшерде өзінің уытын жоғалтады», - деген.
Достар сыйластығы бір-біріне қалтқысыз сенген, риясыз сенім сезіміне ие болған адамдардың арасында болады. Ол үлкен өмір жолынан өткен, тәжірибеде жинақталған, қиындықта сыналған сыйластық болса, анағұрлым берік болмақ. Қазақта «Киімнің жаңасы, достың ескісі жақсы» деп бекер айтпаған. Бала шағынан бір-бірінің мінезін, әдетін, ой-өрісін біліп өскен достар арасындағы сыйластықтың орны бөлек, ол анағұрлым берік әрі түбегейлі.
өмірінде ауадай қажетті тұщы судың көлемі құрлықтар мен өлкелерде бірдей орналаспаған. құбылмалы ауа райының әсерінен айналымда жүрген табиғи су көздерімен, өзенмен ағып келетін судың көлемі жылдар мен маусым мезгілдерінде өзгеріп тұрады. егерде атмосфреадағы ауаның ылғалдылығын өзінің буымен толықтырып тұратын айдын суы мен топыраққа нәр беріп тұратын судың көлемі қоршаған ортаның қажеттілігінен күрт азайса, ол өлке құлазыған қу мекенге айналады, ол кезде қоршаған ортадағы өсімдік әлемі, жан-жануарлар дүниесі мен өзінің биологиялық өсу дәуіріне сәйкес қажетті мөлшерде тұрақты судан нәр ала алмай, тіршілік жаратылғалы бері сақталып келген тіршіліктің теп-теңдік заңдылығы бұзылып, өмір өсу дәуірінен өшу дәуіріне тап болады.
қ дәуірде "табиғаттағының бәрі таза" деп жаңбыр жауса жалаң аяқ, жалаң бас жүгіріп, жаңбырдың суына бас жуатын заман да артта қалған. қазіргі кезде керісінше - жаңбырдан қорғану керек, өйткені, жаңбырдың суы өзен, көлдердің бетінен, ылғал топырақтан көтерілген бу ғой. ал осы будан түзілген бұлтта тонналаған сумен бірге алуан түрлі қ элементтер, олардың зиянды тұздары, шаң болады.
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
RTF111131.07.2021 23:04
-
123Никита563431.07.2021 02:03
-
mariaspassckay18.04.2020 17:09
-
юлеч200305.01.2021 19:54
-
chery9717.06.2023 12:47
-
lpam18.11.2021 11:16
-
Neal1219.06.2022 12:09
-
Игнат2008241221.05.2022 14:38
-
endi567812.09.2021 23:57
-
ник504725.08.2020 08:54
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.