Есть ответ 👍

Өрт қауіпсіздігі эссе​

234
356
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Көптеген адамдар өртті өздеріне қатысы жоқ, немесе олардың кесірінен болмайтын нәрсе деп қарастырады. Алайда өрт жағдайларының жартысынан астамына адам факторы – отты пайдаланудағы бейқамдық пен абайсыздық  себеп болып жатады. Сондықтан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін барлығы білуі тиіс.  

Ең әуелі кез келген бейтаныс ғимаратқа кіріп бара жатқанда, жолыңызды есте сақтауға тырысыңыз, негізгі және қосалқы есіктердің орналасуына мән беріңіз. Егер де «Өрт!» деген айқайды естісеңіз немесе түтін иісін сезсеңіз, не болмаса жалын байқаған болсаңыз, өрт сөндіру қызметіне хабарлаңыз.  

Сабырлылық пен ұстамдылық сақтауға тырысыңыз, қасыңыздағы адамдарды тыныштандырыңыз.  Жағдайға баға беріңіз, шын мәнінде қауіп төніп тұрғанына көз жеткізіңіз, оның қайдан пайда болғанын анықтаңыз, содан соң сабырмен, үрейге бой алдырмай қарама-қарсы бағытта есікке қарай жылжыңыз.  Топ ішінде келе жатқанда, қартаң адамдарға жол беріңіз, байбалам салушыларды тоқтатыңыз.  Қорқыныш салдарынан қозғала алмай қалғандарға көмектесіңіз, олармен байсалды, түсінікті түрде сөйлесіңіз.

Тобыр ішінде қалсаңыз, шынтағыңызды бүккен күйде қолдарыңызды қос бүйіріңізге қойыңыз да, жұдырығыңызды түйіңіз. Кеудеңізді шалқайтып, аяғыңызды алға тіреп, тегеурінді арқаңызбен тоқтатуға тырысыңыз, сөйтіп алдыңызды босатып, асықпай жылжыңыз.  

Түтіні қалың жерлерге кірмеңіз! Заманауи ғимараттардың тұрғызылуында жанған кезде уытты заттар бөліп шығаратын пластик, синтетика көп пайдаланылады. Бірнеше рет тыныс алсаңыз-ақ болды, уланып өліп кетуіңіз мүмкін.  

Бөлмелердің, дәліздің түтінге толғанын көрген сәтте түтін жете қоймаған басқышқа немесе есікке қарай жүріңіз, тек лифтке кіруге болмайды. Өрт кезінде лифтті пайдалануға мүлде тыйым салынады. Қабырғалардан, тұтқалардан ұстаңыз, қол орамал немесе киім сыртынан дем алыңыз.  Егер де түтін қоюлана бастайтын болса, еңкейіп немесе жер бауырлай жылжыңыз. Ал егер температураның жоғарылап бара жатқанын сезсеңіз,  демек қауіпті аймаққа жақындап қалдыңыз деген сөз. Мұндайда ең дұрысы – кейін шегіну.  

Егер қалың түтіннің, жоғары температураның және өрттің кесірінен басқышқа немесе дәлізге шыға алмайтын болсаңыз, есікті мықтап жауып, тез арада кейін қайтқаныңыз жөн. Ал есіктің жарықтары мен желдету саңылауларын дымқыл шүберекпен бітеңіз.    

Түтіннің қалыңдығы қауіпті деңгейге жетіп, ғимараттағы температура тым артқан болса, есікті жақсылап жауып, балконға, лоджияға шығу керек. Суланған жапқыш немесе басқадай қалың матаны ала шығыңыз, өрт есік немесе терезе ойықтарынан  өткен жағдайда сонымен қымтанасыз. Алайда бұл қорғаныш ұзаққа бармайды.  Балкон болмаған жағдайдағы сіздің соңғы мүмкіндігіңіз – қабырғадан ұстап, терезе алдындағы тақтайға (ернеуге) шығу.    

Егер де төменде өрт болмаса, ал бөлмеде қалу қауіп туғызса, өрт сөндірушілер басқышы арқылы астыңғы қабатқа түсуге тырысыңыз. Өзіңізді қорғау үшін өрт сөндіру жеңін де пайдалануға болады.  Бір-біріңізді сақтандыра отырып, жеке-жеке қорғануға кеңес етеміз.  Әрине, бұл өмірге қауіп төндіреді, алайда басқадай амал қалмайтын жағдайлар бар.

Егер де түтіні қалың дәліз арқылы шықпақ боп шешсеңіз, (ал ол өте қауіпті), суланған қалың матаны жамылып, еңкейе немесе еңбектей қозғалыңыз.  Қалың мата сізді түтіннен қорғайды  және от жалындап, қызуы артқан шағын телімдерден секіріп өтуге мүмкіндік береді. Ал егер от толқынының өзіңізге жақындап келе жатқанын көрсеңіз,   матамен басыңызды қымтап, ойланбастан жерге жата кетіңіз,  бұл сәтте ішкі ағзаларыңыздың күймеуі үшін тыныс алмағаныңыз жөн.

Отты өршіте түсетін нәрселер:

перделер

киім  

кілем жабындары  

жиһаз, пластик қаптамалар  

өрт және жарылыс қаупі бар заттар

Мына жағдайларда жұт белең алады:

өрт хабарлағыш жоқ болса немесе істен шықса  

эвакуациялық көшіру жолдары болмаса немесе оларға заттар қойылып тасталса

өрт сөндірушілер дер кезінде шақырылмаса

терезе торларын ашу мүмкін болмаса.


-0,8

Объяснение:

cosa² = 1-sina²

cosa² = 1-0,36

cosa² = 0,64

cosa= +-0,8

т.к п/2<а<п то получается, что cos находится во второй четверти, а во второй четверти cos имеет знак "-"

ответ: -0,8

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Другие предметы

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS