«Шашылған сөздер» ойыны. Шашылған сөздерден сөйлем құраңдар. Көп
сөйлем құраған оқушы жеңімпаз атанады.
О шоқжұлдыз
қозғалмайды
жорамалдаған
мәңгілік өзгермейді
ілім дәлелдеген
дөңгелек
ғылымды дамыту
Ответы на вопрос:
Елбасының жолдауын және ол туралы жазылған пікірлерді оқи отырып , еліміздің тарихын зерттеп зерделеу-жас ұрпақтың бойына сіңіру бүгінгі біздің қасиетті парызымыз деген ойға қалдым.Қазіргі жоғарғы стандартпен білім алып отырған жастарымыз және шетелдіктер елімізді тек Астанамен танитындығы еліміздің тарихын танытуға жаңа бағыт ,жаңа леп керек екендігін байқатты. Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы осы мәселеге дұрыс бағытта жаңа леп беретіндей.Бұл мақалада біз ұлы елдің ұлы мұрагері екенімізді жас ұрпаққа кеңінен насихатталған. Алғашқыда қарапайым ғана атқа міну әдебі туралы айтылған бөлімді алатын болсақ, еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал, жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты1- дей отырып ұлы дала халқының атқа міну мәдениеті сол үшін ыңғайлы киімдер; шалбар, ыңғайлы өкшелі саптама етіктің мұрагерлері,таратушысы болғаны ұлы дала халқының аса жоғары деңгейдегі мәдениеттің Отаны екенін көрсетеді. Расында, әлемді дүр сілкінткен Шыңғысханның әскерінің негізгі күші осы атты әскер болса,оның көп бөлігі осы ұлы Даланың халқынан құралған2.Бұдан кейінгі металлургия мен аң стилінің әлемдік өнердің биік белестерінің екенін айта отырып жас ұрпаққа оны зерттеп дамытуға,отандық сәнгерлерге осы стильді неге шабыт пен сәннің жоғары белесіне жеткізбеске деп ой салатындай.Бұдан кейінгі елімізден табылған біздің тарих үшін баға жетпес қазына болып табылатын «Алтын адам» және онымен байланысты шыққан мифологияны еске түсіре отырып, ол тек біздің еліміздің ғана емес әлемдік тарих үшін де баға жетпес қазына екенін ұмытпауды тапсырып,одан кейінгі еліміздің киелі мекендерінің бірі –Түркістанда ғылым мен тарихтың дамуының ежелден бастау алғандығын көрсетеді. Ал бұған дәлел әлемдік тарихта «екінші ұстаз» атанған Әбу Насыр әл Фараби атамыздың Отырар аумағында туылғанын, өмір сүргенін, оның ілімінен сусындаған Ибн –Сина немесе Авиценна, Ұлықбек, Мұхаммед Қашғари, Мұхаммед хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұнилердің есімі бізге белгілі. Бұлардың ішінде Дулати бұл дулат руының ұрпағы екенін, Жүсіп Баласағұни Баласағұн қаласынан шыққанын және бұл қалалардың осы Түркістан аумағына жақын қалалар болғандығын жас ұрпақ білмей кетуі де мүмкін. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстар жандандырылуы керек екеніне нұсқау болардай.Ал Ұлы Жібек жолы ол әлемдік сауда керуен жолының маңызды нүктесі біздің еліміздің көптеген қалалары арқылы өткенін біліп түйсінудің өзі еліміздің тарихы үшін мақтануға тұрарлықтай. Бұдан кейін еліміздің алма мен қызғалдақтың отаны екендігі көп айтыла бермейтін тың тақырып. Мысалға, әлемге таралған қызғалдақтың 35 түрі болса, ол біздің елімізде өсетін қызыл,сары қызғалдақтың ұрпағы.Ал бұл гүлдер тек қана шөл шөлейтті жерде өсетіндігін ескерсек,біздің еліміздің көп бөлігі осындай шөл шөлейттің жері емес пе, бұған қарама қарсы алма ылғалды, қоңыржай белдеуде өсетіндігін білеміз. Сонда шөлдің әсем өсімдігі қызғалдақ пен қоңыржай белдеудің тәтті жемісі алманың отаны біздің еліміз деген пікірдің өзі біздің даламыздың ұлылығын, тылсымдылылығын, сан қырлылылығын айшықтай түседі емес пе?Елбасымыз болашақ ұрпақ алдына осындай міндеттерді қоя отырып, «Тарихи сананы жаңғырту»бөлімінде осы міндеттерді шешу үшін бірнеше ірі жобаларды ұсынады.Архив-2025 жобасы арқылы елімізде кең ауқымда жүргізілген «Мәдени мұра» жобасы негізінде көптеген жаңа зерттеу жұмыстарын бір жүйеге келтіріп, оқырман қауымға кең аумақта қолжетімді жеткізу де басты назарда болуы шарт.Бұл үшін заман талабына сай цифрлау жүйесін енгізуді тапсырса, ендігі бір айта кететіні орта білім беретін мектептердегі тарихи-өлкетану мұражайларының жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстардың рөлінің маңыздылығын айрықша атап көрсетті. Осы бағыттағы жұмыстың бастауы ретінде үстіміздегі жылдан бастап білім ошақтарында өлкетану сабақтары жүргізілуде.Болашақта осы жұмыстар кең ауқымда қолға алынып, тарихи-археологиялық қозғалыстар бүкіл қауымның аса назарға алып, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыратындай дүние болуы үшін жан-жақты жұмыс жасалынатындығына сеніміміз мол.
Объяснение:
Реши свою проблему, спроси otvet5GPT
-
Быстро
Мгновенный ответ на твой вопрос -
Точно
Бот обладает знаниями во всех сферах -
Бесплатно
Задай вопрос и получи ответ бесплатно
Популярно: Қазақ тiлi
-
sofia30827.08.2021 23:22
-
qwertyuiop33002.07.2021 08:42
-
polycononova2014.08.2020 20:32
-
honeydrink3432402.01.2020 10:52
-
qwertyyuill25.01.2022 18:33
-
gorjchevst23.11.2022 19:16
-
frashthefrash04.01.2023 12:27
-
Сашуньк24.05.2021 02:25
-
Алексей2811111.01.2023 19:43
-
DoodleCrazy12.04.2022 09:14
Есть вопросы?
-
Как otvet5GPT работает?
otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса. -
Сколько это стоит?
Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны. -
Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?
Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое! -
В чем отличия от ChatGPT?
otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.