gabpara007
01.07.2021 06:56
История
Есть ответ 👍

Үйсіндер туралы деректер
Үйсіндердің шығу тегі
и
Аумағы
Ордасы
Халқының саны
Бет бейнесі
Қоғамдық құрылысы
Кәсіптері​

241
254
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


Көрші халықтармен қарым-қатынастары — үйсіндер ерте замандағы Орталық Азиядағы этникалық-саяси бірлестіктердің бірі деп саналды. Үйсін мәдениетінің ескерткіштері ұлан-байтақ Жетісу, Ферғана (ішінара) аумағы- на және тегінде, Шығыс Түркістанның солтүстік бөлігіне де таралған. Б. з.б. ЫЫ ғасырда халқының саны 630 мың адам болған үйсіндер атты әскерлер мен жаяу садақшылардан тұратын көп әскер шығара алған. Гуньмо мен тақтың екі мұрагерінің жасағы әрқайсысында 10 мыңнан 30 мың атты әскерден тұратын. Б. з. б. 73 жылдың өзінде-ақ үйсіндердің жері үш бөлікке: сол жақ (шығыс), он жақ (батыс) және гуньмоның өзіне қарасты орталық бөліктерге бөлінді, бірақ олардың бәрі «Гуньмога жоғаргы дәрежеде тәуелді» болды. Оның ордасы Чананнан 8900 ли немесе Вынсудың (Ақсу) солтүстігінде 610 болатын, Іле өзенінің оңтүстік жағалауы арасында орналасқан Чигу қаласында болды.

Б. з. б. 64—51 жылдар аралығында Хань империясының таққа мұрагерлікке араласуына халықтың наразылығы күшейді. Халық бұқарасы гуньмоның гүн тегінен тараған мұрагерлеріне көрінеу іш тартты, сондықтан үйсін- дердің халқы мен аумағы екі бөлікке: ұлы гуньмо және кіші гуньмога бөлінді де, олардың қарамағындагы жерлердің шекарасына межелер қойылды.

Үйсіндердің тарихы кіші гуньмолардың үстемдік үшін ұлы гуньмоларға қарсы, ғұндарды қолдайтын және ханьдарды жақтайтын саясат жағындағылар арасындағы өзара қырқысқан күрестерге толы. Мәселен, 60-жылдардың аяқ кездерінде қайтыс болған Унгуйми гуньмонын ғұн ханымынан туған ұлы Уцзюту патшалық құрып тұрған гуньмо Нимиді (Куан-ван) өлтіріп, билікті тартып алды да, халықтың қолдауымен өзін гуньмо деп жариялады. Б. з. б. 14 жылы ұлы гуньмо Цылими кіші гуньмо Мочжэнньцзянның тапсыруымен өлтірілді. Деректемелерде Цылимиді ол «бағындырып алады деп қауіптенген» Мочжэнньцзян өлтірді деп тура көрсетіледі. Цылимидің билік жүргізген уақыты — б. з. б. 45—14 жылдардың арасы — үйсін мемлекетінің дәуірлеген кезі болса керек, өйткені ол «билікті берік ұстады» және иеліктерінде «алаңсыз тыныштық пен бейбітшілік... орнады».

Бірқатар иеліктер немесе тайпалар үйсіндердің бөлігінде немесе ықпалында болған деп жорамалдауға негіз бар. Мысалы, «Цяньханьшуда» — үйсіндер «өзіне басқа да көптеген иеліктерді бағындырды», «Давань-чжу- аньда» — «көршілес шағын иеліктерге шабуыл жасады» деп көрсетіледі, ал Янь Ши-гу: «бағындырган бойда вассалдарға айналдырады» деп нақтылай түседі. Хюсюньдер, гюаньдулар (цзюаньдулар), юйтулар немесе уштар сондай тайпалар мен иеліктер болса керек. Әдет- ғұрпы мен киім-кешектеріне қарағанда олардың бәрі үйсіндерге жақын тайпалар. Б. з. б. Ы ғасырда Согюй немесе Яркян иелігінде жергілікті аксақалдар мен билеушінің өтініші бойынша, «үйсіндіктердің ізгілікті мейіріміне бөлену» үшін гуньмо Ван-Гуймидің ұлы Ваньнянь билеуші болды. Үйсіндер неке одақтарын жасасу арқылы басқа мемлекеттермен одақтастық қатынастар орнатты. Мәселен, б. з. б. 69 жылы нақ сол Ван-Гуй ми өзінің қызы Дишиді Кучи билеушісі Гянбиньге берген. Үйсіндермен одақ жасасуға мүдделі болған Хань империясы мен Ғүндар хань және ғұн ханшаларын үйсін гуньмоларына күйеуге беріп отырған. Көршілес жатқан аумақтардың кейбір иелері жау шапқан кезде үйсіндерден қорғаныш іздеген. Мәселен, солтүстіктегі чештердің билеушісі Угу ғұндардан бас сауғалап, б. з. б. 68 жылдан 62 жылға дейін үйсіндерде тұрған.

Хань дәуірінің әлеуметтік хроникаларында үйсіндердің саяси тарихынан фактілер келтіру шамамен алғанда б. з. б. ЫЫЫ ғасырға дейін жеткізілген. Ортаңғы империяның соңғы кезендерінің кейбір жазбаша деректемелерінде де үздік-создық мәліметтер келтірілген. «Бэйшуда» (Юань- вэй әулетінің тарихы) б. з. б. 437 жылы хань сарайына үйсіндердің елшілер жібергені туралы хабар ба. Археологиялық материал, әсіресе Шығыс Жетісу аумағынан (Ақтас-2 қонысы, Ақтасты-1,4—6, Сарытау қорымдары) табылған археологиялық материал үйсіндер түріктерге дейінгі заманда әлі де кен-байтақ жерде өмір сүре бергенін дәлелдейді. Ол былай тұрсын, нақ сол деректер бойынша (Ақшокы-3, Өтеген-л қорымдары) ертедегі үйсіндер мәдениеті бұрынғы мекендеген жерлерінде, олар түрік кағанаттарының бақылауында болғанымен, одан әрі дами берген. Тіпті біздің заманымыздағы Х ғасырдың өзінде деректемелер беттерінде үйсін атауы қайтадан пайда болады. Мәселен, император Тайцзунның хроникасында 938 жылғы тугухунь, үйсін және мохэ тайпалары туралы жазба бар. Ляо империясы заманында «үйсіндердің тоғыз бірлестігі» болғаны «Винвэйчжиден» мәлім.

Ежелгі үйсіндердің қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген үйсіндермен және үйшүндермен генетикалық жағынан сабақтастық байланысы болды деп айтуға толық негіз бар.[1]

Daney213
4,6(22 оценок)

Китай японию Булгарию

Объяснение:

Думаю что я прав не благодари)

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: История

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS