Есть ответ 👍

Эссе на казахском языке на тему ақорда ​

198
206
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:

alenapolyakova5
4,5(15 оценок)

ответ:

егемен қазақстанның жаңа астанасында көркемдік маңызы мен ауқымы жөнінен қала орталығының бірегей сәулеттік ансамблі бой көтерді. оның құрамындағы ең басты туынды – ақорда – қазақстан республикасы президентінің резиденциясы.

резиденция қала құрылысы ансамблінің композициялық және мазмұндық орталығы болып саналады. астана сәулеттік кешенінің басты өзегін құрайтын негізгі орындары ретінде «хан шатыр» – «бәйтерек» – «ақорда» – «бейбітшілік және келісім сарайы» – «қазақ елі» монументі бой көрсетеді. сәулеттік ансамбльдің композициялық өзегі  ұлы даланың дәстүр сабақтастығының сақталуы идеясын, еуразиялық толеранттылық мәдениеттің жалғасуын және бүгінгі әлемдік өркениет биігіне ұмтылған қуатты қазақстанның жасампаздығын нақтылы түрде айшықтап көрсетеді.

ақорда – ел ң жаңа философиясының көрнекі бейнесі. резиденцияның символикалық және функционалдық бағыты   өзінің толық кескінін қасбеттер мен ішкі көріністердің рәсімделуінен – олардың мәнер-стилистикасы мен түсіне қатысты шешімдерінен тапты. еуропалық сәулет өнеріне тән дәстүрлі шешім ғимаратта жаңа мазмұнмен толыққан. ақорда түпкі ой мен оның іске асырылуы жөнінен қазақстан тәуелсіздігінің көркем бейнесін білдіреді. қазақы және шығыстық мотивтер сарайдың сәулеткерлік жасау-жиһаздарында шеңберлер мазмұны және ою-өрнекті декор арқылы көрініс тапқан. авторлық жобаның айрықша өзгешелігі, эксклюзивті ерекшелігі – резиденцияға көркемдік тұтастық беретін қазақ бейнелеу өнерінің бірегей жиынтығы. метафорикалық тұрғыдан ол еуропалық мәдениет өрісіндегі далалық өркениетті, ғаламшардағы ірі құрлық – еуразия өнерінің синтезін  көрсетеді. сыртқы келбет пен ішкі көріністің эстетикалық жүйесінің өзі дәстүрлі еуропалық сәулеткерліктің ойланып жасалған озық үлгілерінен келіп шығады. резиденцияда көрініске қойылған қазақстандық суретшілердің туындылары қазақстан өзін әлемде ұлы өркениеттер мәдениетін тоғыстырушы мемлекет ретінде көрсете отырып, мақтаныш тұтатын батыс пен шығыс мәдениеттерінің қажетті құрайды.

резиденция құрылысы 2001 жылы басталды. авторлар алдында үстіндегі елдің қуаты мен қарқынын білдіретін қайталанбас бірегей кешен құру міндеті тұрды. жоба жұмысын еуропа мен қазақстанның белгілі сәулетшілері жүргізді. олардың қатарында еуропалық әйгілі дизайнерлер м.гуалаци мен а.мольтени бар. ішкі көріністі ұлттық мәнерде орындау академик қ.монтақаевтың кеңесімен жүргізілді. аса маңызды мемлекеттік нысанды салу үшін 26 ұлт өкілдері және әлемнің ондаған елінің мамандары мен жұмысшылары еңбек етті.

қазақстан республикасы президентінің жаңа резиденциясының ресми тұсаукесері    2004 жылғы 24 желтоқсанда өтті. ғимараттың жалпы ауданы – 36 720 шаршы метр. ғимарат құрылыстағы ең соңғы заманауи әдістер мен озық инженерлік құрылғыларды қолдану арқылы монолиттік бетоннан тұрғызылды. үшкір төбесімен қоса алғандағы ғимарат биіктігі – 86 метр. ғимарат жер үстіндегі бес қабатты және жер астындағы екі қабатты үйден тұрады. бірінші қабаттың биіктігі 12 метрге тең.

сәулет ансамблінің бөлінбейтін құрамдас бөлігі – сыртқы абаттандырылуына да айрықша көңіл бөлінген. ақорда алдындағы алаң көше беттегі негізгі қасбеттің сән-салтанатты сипатын аша түседі. субұрқақ пен гүлдер аллеясы да салтанатты көрініс тудырады. кіре беріс және асфальтты жолдар, шағын сәулеткерлік нысандар, автотұрақ аймақтары  композицияға нұқсан келтірместен өз орындарын тапқан. аумақ шырағдандары бар декоративті дуалмен қоршалған.

мемлекет басшысы резиденциясының атауында терең мағына бар.   тікелей аударғанда «ақорда» кәдімгі «ақ орда» («белая ставка») дегенді білдіреді. резиденцияның қасбеттері мен ішкі көріністерінің түстеріне қатысты шешімде ақ түс пен ашық реңктер басым. «ақ» сөзі түркілік мәдениет семантикасында ең алдымен қасиеттілікті (киелілікті) білдіреді.  бұл ұғым – шаттық пен сәттіліктің, шынайылық пен мәрттіктің, ар-ұят пен жақсылықтың нышаны. ақ түстің бай символикасы ақорданың сәулеткерлік келбетінде көрініс тапқан. бұл, ең алдымен, оның негізгі ішкі көріністерінің колористикалық шешімі. ең негізгі, басты түс ретінде ақ түс өзінің табиғи  аппақ түсінен піл сүйегінің түсіне дейінгі көптеген реңктер түрінде кездеседі.

ekaterina123sve
4,5(28 оценок)

2. Алина сауда орталыеынан керемет көйлек сатып алатын.
3.Біздің пәтеремізде бұрын екі бӛлме болатын.
4. Менің қарындасым ауылға хат жіберетін.
5.Біз таңертең дене шынықтыру жаттығуларын орындайтынбыз.
6. Ауылда егіншілер егін егетін.
7. Дана кітапханада жұмыс істейтін.
8. Студенттер мына жаттығуды орындайтын.

(думаю ,что так ,но это не точно)

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS