Есть ответ 👍

Мұрат мөңкеұлы - ел мұңын жырлаушы эссе

204
425
Посмотреть ответы 2

Ответы на вопрос:


ответ:

қазіргі кезде қазақстан тарихын зерттеу, зерделеу ісіне үлкен мән беріліп келеді. оған 2013 жылдың 5  маусымында л.гумилев атындағы евразия ұлттық университетінде мемлекеттік хатшы м.тәжиннің басшылығымен өткізген тарихшылардың жиыны түрткі болды. бұл тарихшы ғалымдар алдынан тың тұрғыдан, тың әдістерді, тың деректерді пайдалана отырып қазақ тарихының жолында әлі де  болса ашылмай жатқан жақтарын жарыққа шығару міндеті қойылды. қазақ тарихын тың тұрғыдан зерделеу, зерттеу үшін өлкемізде өмір сүрген жыраулардың шығармашылығын пайдалану ісі кезек күттірмейтін маңызды мәселе болып табылады. осы орайда шынияз шығармаларында кездесетін деректердің негізінде сарайшық тарихи кешеніне жеті ханның есімдері таңған құлпытастардың қойылуын пайдалы тәжірибе ретінде айтуға болады. ал  мұрат шығармаларын құрастырып, 1923 жылы ташкент қаласында жинақ етіп бастырған, профессор х.досмұхамедов: «қазақ тарихын жазған мұрат секілді ақындардың сөзін елеусіз тастай алмайды» деген болатын[1]. міне, содан бері табанданған 90  жыл уақыт өтіпті. өкінішке орай, күні бүгінге дейін тарихшы ғалымдар тарапынан ұлы жырау шығармаларындағы тұнып тұрған қазақ тарихын зерттеу, зерделеу, жариялау, көпшілік игілігіне айналдыру ісі әлі күнге дейін өз  дәрежесінде қолған алынған жоқ. ал  шындығында мұраттың «үш  қиян», «сарыарқа», «шалгез», «қазтуған», «қарасай-қази», «орақ-мамай», т.б.толғауларында қазақ халқының 5-6 ғасырлық тарихы асқан шеберлікпен баяндалады. оның жырларындағы тарихи оқиғалар мен тұлғалар, жер, су, қоныс, жайылым, өріс, құдық аттары  — әлі күнге дейін игерусіз жатқан асыл мұра. мұрат шығармаларында 150-ге жуық жер, су, қала аттары, 300-дің үстінде аттары кездеседі. солардың барлығын анықтап, кім қай жерде, қай кезеңде өмір сүрді, қандай оқиғаларға қатысты, еліне, жұртына қандай еңбек сіңірді және т.б. мәселелердің басын ашып алу  — біздің тарихшылардың кезек күттірмейтін аса шаруасы болып табылады. сайып келгенде мұрат жырларында молынан кездесетін тарихи деректерді пайдалана отырып, өлкеміздің тарихын жазу ісімен қазірден бастап айналыспасақ, біз уақытты өткізіп аламыз. меніңше үш  маңызды шаруаға тарихшылар, әдебиетшілер, мамандар, философтар мен халық педагогикасын зерттеушілер араласуы керек. себебі ұлы жыраудың көтерген тақырыптарының ауқымы өте кең. әрине, осы кезеңге дейін мұрат шығармаларын қ.жұмалиев, қ.сыдықов, б.қорқытов, б.омаров сынды көрнекті ғалымдар әдеби туындылар ретінде зерттеген болатын. енді мұрат шығармаларын тарихи тұрғыдан зерттеудің уақыты жетті. бұл жөнінде әлем тарихындағы пайдалы тәжірибелер бізге үлгі бола алады. мәселен, б.э.д. іх  ғасырда өмір сүрген гректің ұлы жыршысы гомердің «иллиада» және «одиссея» атты жырлары осы елдің тарихын жазу үшін аса маңызды дереккөздері ретінде пайдаға асырылды. ежелгі грек тарихының аса маңызды оқиғасы грек-троя соғыстары туралы деректердің оны «иллиададан» алып, елдің классикалық тарих оқылығына енгізілгенін бүкіл жұртшылық жақсы біледі. кейін, хіх ғасырда неміс археологы г.шмиман кіші азия түбегінен троя қаласының орнын тауып, гомер шығармаларындағы тарихи деректердің дұрыстығынайна-қатесіз дәлелдеген еді. тарихын жазу үшін біз неге жырауларымыздың шығармаларындағы дереккөздері пайдаға асырмаймыз? бұл мәселені 2004 жылы академик з. да  орынды көтерген болатын. осы жерде айтылатын маңызды бір мәселе: зерттеушілердің мұрат шығармаларының мұрағаттық роль атқара алатынын ескергені жөн, яғни жырау шығармаларын зерттеу, сараптау, зерделеу барысында ондағы дерекжер дұрыс  па, бұрыс па  деп жалтақтаудың ешқандай қажеті жоқ. мұрат өз  шығармаларындағы тарихи деректерді сол кездегі аға буын өкілдерінен, атап айтқанда есет қараұлы, мәтжан сынды ақылгөй даналардан алып жырларына қосып отырған. олар өз  кезегінде өздерінен үлкен шежіреші ақылгөймен араласа отырып, тарихи деректерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған. шындығында қазақ халқының өткен тарихын, жазу барысында көшпешілердің  — өзге халықтардан ерекшеліктерімен, айыршашылықтарын, атап айтқанда жазба тарихының болмағанынан, ұрпақтан ұрпаққа ауыз екі мүлтіксіз жеткізіліп отырған ауызша тарихының, шежіресінің болғанын, ал  оның аса көрнекті өкілі мұрат сынды тарихшыларының болғанын ескеруге тиістіміз.

Анькаymrf
4,4(97 оценок)

Шешенің сөзі мерген

Шебердің күшіне сенбе ісіне сен

Реши свою проблему, спроси otvet5GPT

  • Быстро
    Мгновенный ответ на твой вопрос
  • Точно
    Бот обладает знаниями во всех сферах
  • Бесплатно
    Задай вопрос и получи ответ бесплатно

Популярно: Қазақ тiлi

Caktus Image

Есть вопросы?

  • Как otvet5GPT работает?

    otvet5GPT использует большую языковую модель вместе с базой данных GPT для обеспечения высококачественных образовательных результатов. otvet5GPT действует как доступный академический ресурс вне класса.
  • Сколько это стоит?

    Проект находиться на стадии тестирования и все услуги бесплатны.
  • Могу ли я использовать otvet5GPT в школе?

    Конечно! Нейросеть может помочь вам делать конспекты лекций, придумывать идеи в классе и многое другое!
  • В чем отличия от ChatGPT?

    otvet5GPT черпает академические источники из собственной базы данных и предназначен специально для студентов. otvet5GPT также адаптируется к вашему стилю письма, предоставляя ряд образовательных инструментов, предназначенных для улучшения обучения.

Подпишись на наш телеграмм канал

GTP TOP NEWS